Семестрлік жұмыс


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жер кадастрлық істің құқықтық бөлімі



бет3/20
Дата09.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#91162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
2.2 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жер кадастрлық істің құқықтық бөлімі

Негізгі бөлімде, Қызылорда облысы бойынша жер кадастрлық құжаттарды жүргізудегі нормативтік құқықтық құжаттарды пайдаландық. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Жер кодексін негізге ала отырып, жұмыс барысын толықтырдық. Жер кадастрлық құжаттарды дайындау барысында бізге жер учаскесінің базалық ставкалары туралы деректер қажет болады, ол үшін біз №890 қаулыны пайдаландық. Жер учаскесінің паспортын және кадастрлық бағалау жұмыстарын «Әділет заң» арқылы толтырдық.


Жеке куәлік

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарында міндетті түрде жеке куәлік болу тиіс, өйткені ол тұлғаның жеке басын куәландыратын негізгі құжат. Ол 16 жасқа толған азматтарға 10 жыл мерзімге беріледі.


Жеке куәлік көптеген қызмет саласында пайдаланылады. Жеке куәлік болмаса, көптеген мемлекеттік қызметті, банк және басқа да ұйымдардың қызметтерін ала алмайсыз, мәміле және т.б. жасай алмайсыз.
Жеке куәлікте көрсетілетін деректер:

  • тегі, аты, әкесінің аты

  • туған күні, айы мен жылы

  • ұлты

  • фотосуреті

  • жеке куәлік нөмірі

  • туған жері

  • кім бергені

  • қолданылу мерзімі


Сурет 1. Жеке куәлік


«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»

1. Осы «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.


2. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру - құқықтары жеке немесе заңды тұлғаларға тіркелген (оның ішінде тоқтатылған) жылжымайтын мүліктердің барлық объектілері туралы мәлімет бар құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну жөніндегі қызмет.
3. «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) және «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) ұсынады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысының, «Құқықтық кадастардан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 тіркелген) (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру туралы, уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған анықтама (е-Анықтама) беру болып табылады.

Сурет 2. Анықтама


Өтініш
Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде өтініш сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы. Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Өтінішті жер пайдаланушы жеке тұлға аудан әкімінің атына жазады.Жер учаскесін жеке меншікке алудың бірінші қадамы әкімдікке жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесімен бару болып табылады. Жер учаскесін қайда алғыңыз келетіне байланысты тиісті әкімдікке жүгіну қажет.
Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы және жер учаскесін алуға қызығушылық танытсаңыз, онда сізге жер учаскесін әкімдікке ұсыну туралы өтініш беру керек. Өтініште:
• жер учаскесін пайдалану мақсаты.Жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты ( соның ішінде үй жайы маңында және жер үлестері), бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы немесе шаруа қожалықтарын жүргізу, басқа да мақсаттар) жүргізу үшін;
• оның болжамды мөлшерлері;
• орналасу орны (cұралатын жер учаскесінің болжамды орналасқан орны);
• жер учаскесінің пайдаланудың сұралатын құқығы (жер учаскесіндегі жеке меншік құқығы) .
• басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) (жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бақша шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін).
Жеке тұрғын үй құрылысына және саяжай құрылысына немесе бақша шаруашылығына жерді алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
• жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқа және көшірме.
•азаматта жер учаскесінің болуы немесе болмауы туралы анықтама, жоғарыда аталған мақсаттар үшін ұсынылған құқықтар (жер қатынастары бойынша уәкілетті орган жеті күн ішінде береді)

Сурет 3. Өтініш


Өтініш-сұраныс хат 60 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Егер жауап оң болса, онда 7 жұмыс күні ішінде жер комиссиясының шешімінен кейін сізді жер учаскесін алуға кезекке қояды. Сізге ақпараттық ресурсты көрсетумен хабарлама береді , онда жер учаскелерін алуға кезек номерін қадағалауға болады. Хабарландыру тұлғаларға қол қою арқылы немесе оның алу мерзімі және басқа әдіспен растайтын құжат арқылы беріледі. Жер учаскесіне өтініштің қаралғаны туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органның әкімі кезек номеріңізді көрсете отырып, нешінші болып тіркелгеніңіз туралы хабар беріледі. Хабарландыру қол қою арқылы беріледі және хабарландырудың берілген мерзімі көрсетіледі.

Сурет 4. Хабарлама


Жер комиссиясының қорытындысы тапсырыс берушінің өтініші негізінде берілген мәліметтерді есепке ала отырып жер учаскесін беру мүмкіндіктерін қарастыратын құжат. Белгілі бір уақытта әр жыл сайын комиссиялар жиналысы өткізіледі. Ол жиналысқа барлық комиссия мүшелері қатысады. Мұнда комиссия мүшелері қатысуымен жер учаскесіне меншік құқығын беруге мүмкіндік қарастырыла отырып, қорытынды жасалады.
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданының
2023ж. «02» 20
№ 50-06 хаттамасына
байланысты
өзіндік қосалқы шаруашылығын
жүргізу үшін жер телімдерін
беруді қарастыратын
комиссияның қорытындысы
2023 жылы «02» 20
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында тұратын азаматы Өмірбек Жан Қайырғалиұлы өтінішін қарап, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы,Қыраш участок №1010063941990 жалпы аумағы 0,15 га жер телімі уақытша пайдалану құқығымен берілсін:

  1. Жер телімі бөлінеді деп саналсын;

  2. Жер телімі үшін мемлекеттік акт дайындалсын;

  3. Техникалық паспорт жасалсын;

  4. Егер де 5 жыл ішінде жер учаскесіне тұрғын үй салынбаған жағдайда, жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады.

Жер қатынастар бөлімінің басшысы: А.Тулегенов
Жер қатынастар бөлімінің маманы:С.Нұрлыбаева
Аудан әкімінің орынбасары:Д.Тұрсынбаев
Аудан әкімінің кеңесшісі:А.Нәлібаев
Аудандық мәслихат депутаты:Б.Халжанов
Аудандық мәслихат депутаты:Б.Кенжеев
Аудандық мәслихат депутаты:Б.Тулегенов
Аудандық сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:О.Ахметов
Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы:Т.Зейдалиев
ҚР ҰҚП Қызылорда облысы Кәсіпкерлік палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры:А.Жолдасбеков


Шешім
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (cелолық) округтің әкімінің уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі комиссияның оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қаланың, ауылдардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен уақыттан бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Белгілі бір жер учаскесіне шешім беретін тұлға – өтініш беріліп отырған жергілікті жердің әкімі.
Тиісті жергілікті атқарушы органның уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінің көшірмесін жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары шешім қабылдаған уақыттан бастап бес жұмыс күн ішінде өтініш берушіге табыс етеді (жолдайды).
Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті жер қатынастары жөніндегі тиісті орган өтініш берушімен жер учаскесін пайдалануға құқық беру туралы шешімге сәйкес (жер учаскесінің беогіленген шекаралары болған жағдайда) жер учаскесін ақылы негізінде уақытша өтеусіз жер пайдаланутуралы шешім қабылдағаннан кейін он жұмыс күн ішінде уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану (жалдау) туралы шарт жасалады.



Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің
ШЕШІМІ
2023 жылы 20 ақпан №26



Аким Кызылординской области Жанакорганского района района
РЕШЕНИЕ
20 февраль 2023 г.№26





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет