Теориялық конференция семинардың бір түрі ретінде бірнеше топтардың біріктірілген
кезінде (потокта) жүргізіледі. Әдетте әртүрлі топтардың студенттерінің баяндамалары мен
рефераттары таңдалады. Қандайда бір үлкен тақырыпқа немесе семинар сабағының бір бөлімін
негізделген баяндама тақырыбы сол мәселені қорытындылау сипатында жазылады. Мәліметтер
үстірт, шұғыл қаралмас үшін мұңдай конференцияны 4 сағат жүргізген дұрыс. Мұңдай
семинардың өзгешелігі сонда, яғни студент едәуір кең аудитория алдында өзінің білім деңгейін
көрсететін болған соң студенттің жауапкершілігі арта түседі, әрі бұл топ аралық бәсекелестігі
өзіңдік бір түрі болғандықтан, өз тобының намысын қолдан беріп қоймауға тырысушылық
байқалады. Мұндай конференцияға түрлі кафедралардың оқытушыларын да шақырған жөн.
Мәліметті семинарда түсіндірмелі түрде оқып шығу берілген әдебиеттермен студенттің
мұқият жұмыс жасап, олардың мазмұнын меңгеруіне ықпал етеді. Бұл кеңейтілген әңгімелесу
түріндегі әдеттегі семинардың бір элементін ғана құрайды. Және 15-20 минуттан аспайды
Түсіндірмелі оқу студенттердің деректерді дұрыс қарастыруына жол ашады.
Өз бетінше ойлауға арналған жаттығу тәсілі философия оқытушылары арасында кеңірек
қолдау тауып отыр. Әдетте ол кеңейтілген немесе баяндаманы талқылаудың бір элементі ретінде
қолданылады Семинардың жетекшісі сол сабаққа немесе жағдайға қатысы бар, танымалы
ойшылдардың айтып кеткен пікірлерінің бірнешеуін таңдап, осы айтылған ойлардың авторларын
айтпай тұрып, осы ойларға анализ жасауды ұсынады. Көрнекілік ретінде сол ұлағатты сөздер
жазылған плакаттар пайдаланылады.
Студенттердің жазбаша бақылау жұмысы семинарда қазіргі кездер: көбірек қолданылуда.
2 сағаттан 15 минутқа дейінгі аралықтағы уақыт беріледі. Сабақтың тақырыбы студенттерге
алдын ала ескертіледі, кейде ескертусіз, семинардың жоспарының бір бөліміне байланысты
жүгізіледі Мұндай жұмыс барлық студенттердің семинар сабағының белгілі бір бөлімі бойынша
білімін тікелей тексеру болып табылады. Жұмыстарының мазмұны кезектегі сабақта оқытушы
арқылы талданылады, бағаланады. Бұл студенттердің назарын аудартып, келесі сабаққа мұқият
дайындалып жүруге итермелейді. Егер бақылау жұмысына 15-40 минут берілген болса онда
жұмыс жазылып болғаннан кейін, семинар. әдеттегі тәртіп бойынша одан әрі жалғасады.
Семинар сабағының барысыңда әртүрлі типтегі бір-екі бақылау жұмысын жүргізу қажет.