мұндай аралас түрі сабақ барысыңда әңгімелесудің әртұрлі формасының элементтерін,
рефераттың
немесе баяндаманың талқылануы, деректердің үзінділерін түсіндірмелі түрде оқу,
кейбір мәселелерді студенттердің өз бетінше ойлау арқылы шешу сияқты формаларын қамтиды.
Оқу процесі барысында семинар формаларын күрделендіру қажеттіліктері де туындап отыр.
Әдетте алғашқы семинар сабақтары негізінен кеңейтілген әңгімелесу түрінде еткені дұрыс, оның
өзінде көптеген көрсетілген деректерден үзінділерді де келтіріп, түсіндірмелі түрде оқып
шығуды да қамтып отыру қажет. Кейін баяндама,
рефераттар беріліп, өз бетінше ойлауға
жаттығулар ұсынылады. Сабақ түрлерінің осылай алуан түрлі болып келуі психологиялық
тұрғыдан да
қолдау тауып отыр; ойлау қызметінің сипаттарының ауысып келіп отыруы
студенттердің қызығушылығын да, белсенділігін де арттырары сөзсіз.
4. Студент аудиториясының ерекшелігі
Семинар сабақтарының көз келген түрінің мүмкіншіліктерін жүзеге асыруда, семинардың
ұтымдылығы, тиімділігі қандай да бір деңгейде оқытушының өзінің тыңдаушыларын
каншалыкты білетіндігіне, яғни әрбір семинардағы
оқу тобының ерекшеліктерін, жастар
санасының әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін жетекшінің тани білу қабілетіне де
байланысты болады.
Оқытушының міндеттерінің бірі — студент топтарын біртүтас үжым ретінде
қалыптастыру. Академиялық топ — бұл өте ұсақ топтардың достық қарым қатынастары
негізіндегі күрделі қүрлымы болып табылады. Топтық әлеуметтік бақылау түтас топта ғана емес,
оның кейде күрделі қарым қатнастағы ұсақ топтары арқылы жүзеге асады. Өйткені топ кішігірім
достық қарым қатнастан келіп шығады және пән сабақтарының мәселелерін шешуде өз
топтарының мүмкіншіліктеріне баяу әсер етіп отырады. Осыдан
келіп мынадай талаптарды
орындауға тура келеді; осындай микротоптардың күрамын анықтап, микро топтық бөлінуді
жеңілдетіп, барлық топтарды тұтас бір ұжымға біріктіріп, топпен түтастай жұмыс жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: