Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
 


 
Кіріспе 
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан тарихын кешенді зерделеу арқылы білім 
алушылардың тарихи көзқарасы мен танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Семинар сабағының міндеттері:

білім алушылардың шығармашылық белсенділіктері мен өзіндік жұмыс жасай 
алу мүмкіндіктерін арттыру; 

білім алушылардың ғылым мен ғылыми зерттеулерге деген қызығушылықтарын 
нығайту; 

оқу пәні бойынша білімдерін тереңдету мен кеңейту; 

оқу пәнінің нақты тақырыптары бойынша әдеби дерек көздерін игеру мен 
сараптама жасау; 

интеллектуалдық міндеттер мен мәселелерді шешудегі дағдыны қалыптастыру; 

әдебиеттер арқылы өзіндік жұмыс жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.
«Қазақстан тарихы» пәні жоғары оқу орындарының барлық мамандықтағы бакалавриат 
білім алушыларға арналған оқу пәні болып табылады. Заманауи даму заңдылықтарын білуде
қоғамның бірігуі мен елдің тарихи санасын жаңғыртуда «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» 
пәнінің алатын орны ерекше. Бұл процесс білімгерлердің де, тәлімгерлердің де жауапкершілігін 
арттырады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» 
Стратегиясында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерінің ішінде тарихи уақыттың жеделдеуі 
мен өркениетіміз құндылықтарының дағдарысын атап көрсетті. Сонымен бірге білім мен кәсіби 
дағдылар, мемлекеттілікті нығайту, қазақстандық патриотизм және ұлттық тарихи сананы 
қалыптастыру сияқты басым бағыттар анықталды. Қазіргі жоғары оқу орындарында Қазақстан 
тарихын тәуелсіздік кезеңімен сабақтастықта оқыту міндеті алға қойылды, бұл өте маңызды 
мәселеге айналып отыр. «Қазақстан тарихы» пәні тақырыптары қазіргі ғылыми ұстанымдар мен 
көзқарастарға, отандық тарих мектептерінің жетістіктері мен жаңа теориялық-методологиялық 
тұжырымдарға негізделген.
Әдістемелік нұсқауды құрастыруда мәліметтер «Қазақстан тарихы» пәнінің типтік оқу 
бағдарламасына негізделіп, оқу әдебиеттер пайдаланылды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет