Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет10/23
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133697
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Жетінші апта
Кредит сағат саны – 2
7-дәріс
Тақырыбы: Ең жаңа түркі дәуірі
Дәріс мазмұны:
1. ХХ ғасырдың басындағы түркі тілдерінің сипаты.
2. Қазақ тілінің және басқа түркі тілдеріндегі жазу реформасы.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Ноғай ордасының Қазақ хандықтарының қалыптасуына үлкен әсері болды. Қарақалпақ халқы да осы Орданың құрамына кірген халықтар негізінде пайда болды. Бүгінгі таңда Солтүстік Кавказда осы Орда құрамына кірген құмық, балқар, қарашай халықтары тұрады.
Алтын Орда мемлекетінің негізгі тілі - түркі тілі болды. Бірақ Алтын Орда дәуірінің халықтық тілі де, әдеби тілі де біркелкі жүйелі сипатта болған жоқ. Ақсүйектер ұйғыр жазуы мен араб жазуына негізделген әдеби тілді пайдаланды. XV ғасырдан кейін араб жазуын ғана қолданды. Сөз жоқ, Алтын Орда әдеби тілінде, көбінесе, қыпшақ тілінің элементі басым болды. Бірақ бұның өзі түркі халықтарының қоныстанған территориясына да байланысты болып отырды. Мысалы, осы кезде Хорезмде дүниеге келген жазба ескерткіштерде Алтын Орда әдеби тілінен гөрі шағатай әдеби тілінің дәстүрі басымырақ. Ал батыста, Алтын Ордаға жақын маңда жазылған шығармалар тілінде қыпшақ тілі үстемдік құрды. Осы екі мәдени ағым мен тілдік дәстүр негізінде орта түркі дәуіріңде жазылған Алтын Орда дәуірі ескерікштерін екі топқа бөледі:

  1. Алтын Орда шығыс жазба ескерткіштері;

  2. Алтын Орда батыс жазба ескерткіштері. Бұл топқа Египет қыпшақтары – мамлүктердің де тарихи жазба ескерткіштері енеді.

Шығыс жазба ескерткіштері қатарына оғыз-қыпшақ тілінде XIV ғасырда жазылған Хорезмидің «Мұхаббат-намесі» және Ибн Муханнаның «Китаби хуллийат ул-хайан ва хулват ул-лисан» атты сөздігі кіреді. Шығыс жазба ескерткіштері қатарына діни мазмұнда жазылған С.Бақырғанидің «Хикмет» (ХІІІ ғ.), Н.Рабғузидің «Хисса сүл-анбия» (1310 ж.) шығармаларын да жатқызуға болады.

7-семинар


Тақырыбы: Ең жаңа түркі дәуірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет