Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет11/23
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133697
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Қарастырылатын мәселелер:
1. ХХ ғасырдың басындағы түркі тілдерінің сипаты. Түркі тілдеріндегі алғашқы баспасөз.
2. Түркі тілдерінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі және басқа түркі тілдеріндегі жазу реформасы.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.

ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. Алаш зиялыларының түркі тілдерін және қазақ тілін зерттеу тарихы.

Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


СӨЖ мазмұны:
1. ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ авторлы әдеби тілі мен басқа түркі тілдерінің дамуы.
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау


Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж. 3-16 беттер.
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 3-10 беттер.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.
9. Баскаков Н.А. Тюркские языки. М., 1960. 3-12 беттер


Сегізінші апта
Кредит сағат саны – 2
8-дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің зерттелуі
Дәріс мазмұны:
1. Түркі тілдерінің араб елдерінде зерттелуі
2. Түркі тілдерінің түрік елдерінде зерттелуі
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Түркі тілдерін зерттеу мәселесіне Еуропада да ерекше көңіл бөлінді. Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада Орта ғасырда, Рим империясының солтүстік шекарасын көшпелі түркі тайпаларының қоныстану кезеңінде пайда болды. Византия елшілері мен тарихшыларының латын және грек тілдерінде жазған мәліметтерінде түркі халықтары туралы құнды деректердің мол екендігін түркітанушылар анықтап отыр. Алайда түркі халықтары мен олардың тілдері туралы салиқалы пікірлер мен ғылыми тұжырымдар әлдеқайда кейінірек қалыптасты. Ол пікірлердің біразы бір ғана түркі халқымен - Осман империясын мекендеген түріктермен ғана шектеліп отырды. ХІV ғасырдан бастап Еуропадағы түркітану туралы ғылым толыққанды калыптасты деп айтуға болады.
Еуропада түркі халықтары мен олардын тілдері туралы алғашқы сындарлы пікір айтқан тұтқын швед офицері Филлипп-Иоганн Табберг Страленберг еді. Ол орыстар мен шведтердің Полтава түбіндегі ұрысында 1709 жылы тұтқынға алынып, 12 жыл Тобыл өлкесінде айдауда болады. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. И.Страленбергтің әлемдік түркітану ғылымында алатын орны ерекше. Ол - тұңғыш рет Енисей бойынан түркі халқының рун алфавитімен жазылған тасқа қашалған көне ескерткіштерін табушы. Сондай-ақ, Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре түрік» атты еңбегін орыс, неміс тілдерінде жариялаған да осы И.Страленберг болатын. Ол еліне оралғаннан кейін, 1730 жылы «Европа мен Азияның солтүстік жөне шығыс бөлігі» («Das Nord – und Ustliche Theil von Europa und Asia ») деген еңбегін жариялап, онда финн-угор тілдері мен түркі тілдерінің арасында генеологиялық туыстық бар деген пікір айтады. Осының нәтижесінде түркітану тарихында «Орал- Алтай теориясы» деген ғылыми жорамал пайда болды.

8-семинар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет