Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15


Тақырыбы: Қарастырылатын мәселелер



бет16/23
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133697
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Тақырыбы:
Қарастырылатын мәселелер:
1. Мәскеу мектебінің өкілдері зерттеулері.
2. Қазан мектебіндегі қазақ тілінің зерттелуі.
3. Санкт-Петербург мектебі өкілдері.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Мәскеу мектебінің дамуы мен өкілдері.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


СӨЖ мазмұны:
1. Н.Ф. Катановтың зерттеулері.
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау


Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000
7. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.


Он екінші апта
Кредит сағат саны – 2
12-дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің XX ғасырда Кеңестер Одағы кезеңінде зерттелуі
Дәріс мазмұны:
1. Түркі тілдерінің зерттелуі.
2. Түркі тілдерінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуі.
2. Түркі тілдері графикасы мәселесі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
ХХ ғасырдағы түркі тілдерінің зерттелуін бүгінгі тарихи жағдайға сәйкес екіге бөліп қарастырған дұрыс:
а) түркі тілдерінің кеңес дәуірінде зерттелуі;
ә) тәуелсіз мемлекеттер дәуіріндегі түркі тілдері.
Түркі тілдерінің ХХ ғасырда зерттелуін осылай бөлсек те, олардың кеңес дәуірінде зерттелуі бұл кезеңнің негізгі бөлігін құрайтынын да естен шығармаған жөн. Сондықтан оқу құралында осы кезеңдердің алғашқысына ғана тоқталмақшымыз.
а) Түркі тілдерінің кеңес дәуірінде зерттелуі
Түркітану тек кеңес дәуірінде ғана түркі халықтары туралы әр түрлі пәндерді біріктіретін кңешенді ғылым ретінде қалыптасты. Кеңес үкіметі мен компартияның лениндік ұлт саясатын жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадамы социалистік республикаларды құру еді. Осының нәтижесінде қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, әзербайжан секілді түркі халықтары өз мемлекеттеріне ие болды. Сондай-ақ, жерлері мен елдері Ресей федерациясының әкімшілік территориясына кіретін татар, башқұрт, чуваш, якут, хакас, қарашай, балқар, тува, алтай халықтарының автономиялық республикалары пайда болды. Әрине, түркі халықтарының тәуелсіздігі шектеулі болғандығы туралы бұл жерде әңгіме қылудан аулақпыз. Ол мүлде басқа мәселе. Бұрынғы Кеңестер Одағы құрамына кірген халықтардың бас бостандығы туралы соңғы жылдары айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, қалай десек те, кеңес дәуірінде түркітану ғылымының дамуына және түркі тілдерінің қарқынды зерттелуіне қолайлы жағдай туды деп айта алмаймыз.
Жаңа құрылған кеңес үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі сауатсыздықпен күрес және дамуы кейін қалған халықтар мәдениетін өркендету болатын. Бұл жұмыстар ХХ ғасырдың басындағы түркітану ғылымынң негізгі міндеттері мен мақсатын түбегейлі өзгертуді талап етті, Кеңестер Одағы түгелімен жаппай сауатсыздықпен күресе бастады. Сауатсыздықты жою жолына бет бұрған халықтар арасында түркі халықтары да бар еді. Бұл жұмысты орындау үшін таяу уақытта түркі халықтары тілдерінің алфавитін жасау керек болды. Оның үстіне, әлі оқулықтары толық қалыптаспаған ұлт тілдерінің (бұл тізімге түркі халықтары да енеді) әліппе кітаптары мен ұлттық оқулықтарын жазып шығару қажет болды.
Кеңестік дәуірдегі түркітану ғылымы бірнеше жеке ілімдерге бөлшектенді. Түркі тілдерінің кеңес дәуірінде жедел қарқынмен дамуы түркітанушы-ғалымдар алдына жаңа міндеттер қойды. Түркі тілдерін тек тарихи-салыстырмалы сипатта ғана қарамай, әр тілге нақтылы, өзіндік оқулықтар жасау қажет болды. Ол оқулықтар әрбір түркі тілінің жеке-жеке саласы бойынша: тіл тарихы, диалектология, фонология, лексикология, грамматика т.б. жазылды.

12-семинар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет