ЕКІНШІ АПТА
БІРІНШІ КҮН
ӨЗАРА ƏРЕКЕТТЕСТІК ҮДЕРІСІН ҚАДАҒАЛАУ
Оқушылар өз пікірлерін кезекпен айта ма немесе бір-бірінің сөзін жиі
бөле бере ме?
Олар бір-бірінің идеяларын қолдай ма?
Олар бір-бірін тыңдай ма жəне сыныптастарының идеяларына жауап
қайтара ала ма?
Олар бір-бірінің пікір білдіруін сұрай ма? (мысалы, «Сіз неге солай
ойлайсыз?» деп сұрай отырып)
Оқушылар себебін көрсетіп, түсінік пен мысалдар келтіре отырып, өз
пікірлерін қалыптастыра біле ме?
Оқушылар өз көзқарасын сыныптастарының түсіндірмесін ескере
отырып, өзгерте ала ма?
Олар топтық шешім қабылдар алдында идеяларымен бөлісе ме?
Сыныпта кім кіммен пікірталас жүргізетінін суреттейтін карта құрастырыңыз.
КЕЙС СТАДИ: МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПІКІРТАЛАС САПАСЫН АРТТЫРУ
Біз бұл мысалды бірге жəне жарыса жұмыс істейтін мұғалімдердің шағын тобы өз
оқушыларының математикалық пікірталасының сапасын қалай арттырғандығын суреттейтін
болғандықтан алдық.
Алғышарттар
Ұлыбритания орта мектептерінің үш математика мұғалімі оқушылардың кейбір жұптары
арасында математикалық пікірталастардың жеткілікті түрде негізді жəне терең
болмағандығын, оған үйрету кезінде жəне нəтижелерге қол жеткізуде жеткілікті оң əсер ете
алмағандарын анықтайды. Осылайша, олар мұндай пікірталастардың сапасын жəне тереңдігін
жақсартуды мақсат етіп алды.
Эксперимент қалай жүргізілді
Эксперимент төрт кезеңмен жүргізілді.
Біріншіден, 16 жастағы оқушылар тобының шаршылық теңдеулер тақырыбы бойынша
математика сабағы бейнетаспаға жазылды;
Екіншіден, мұғалімдердің біреуі 13 жастағы оқушылар тобында пікірталасты дамытуға ықпал
ететін жаңа стратегияларды қолданып көрді. Тəсіл жетілдіріліп, басқа топта қолданылды.
Қорытындысында, мұғалімдердің біреуі жоғарыда сипатталған эксперименттердің
қорытындыларын 11 жастағы оқушылардың қиын тобына қолданды.
Мұғалімдер пікірталас жүргізу дағдыларын қалай жақсартуға тырысты:
Олар негізгі үш тəсілді пайдаланды. Оқушылардан мыналар талап етілді:
• өз ойларының барысын түсіндіру;
• серіктесін сендіру,
• серіктесінен өздерінің көзін жеткізуді өтіну.
Мұғалімдер сапалы пікірталас жүргізуге ықпал жасау үшін төмендегі сөздерді қоса отырып,
нақты тіркестер келтірді:
• … екеніне мені сендіріңіз.
• басқа оқушыны … екеніне қалай сендірер едіңіз?
• Сіз неге …. деп ойласыз?
Оқушылар сонымен қатар түсініктер мен мысалдар суреттелген плакаттар дайындауы тиіс.
Нəтиже
Мұғалімдер пікірталас жүргізу сапасын жақсартуда оқушыларға көмек көрсету мүмкін
екендігін дəлелдеді. Соңғы сабақта мұғалімдер көптеген оқушылардың, тіпті үлгерімі төмен
оқушылардың да серіктестеріне нақты түсініктер беріп, басқалардың айтқанын сын көзден
өткізіп отырғандығын сүйсіне айтып өтті. Бақылау көптеген оқушылардың мұғалімдер
ұсынған сөз тіркестерін пайдаланғандығын көрсетті.
Мұғалімдер не түйіндеді
Мұғалімдер тереңірек пікірталасты дамытуға ықпал ету үдерісіне өздерінің ықпалы
қаншалықты зор екендігін сезінді. Мұғалімдер:
• жұмысты жүргізудің дұрыс əдісін модельдей алады;
• тапсырманы жəне оны орындауды оқушылар қалайша талқылауы тиістігін жоспарлай;
• сабақтың əртүрлі кезеңдеріне оқушыларды дайындай;
• тапсырманың түйіңді идеясын түсіндіре;
• үлгілер мен басқа да креативті идеяларды бере отырып, жазбаша түсініктерді енгізіп жəне
• жоғары деңгейдегі пікірталастарды мақтай алады.
«Біз меңгерген негізгі мəселелердің бірі оқушылардың бір-бірімен қалай тіл табысу керектігін
көп жағдайда біле бермейтіндігімізді анықтауымыз деп санаймын. Оларды үйретуіміз керек.
Үйрететін болсақ, тіпті үлгерімі төмен оқушылардың өздері орындап шығады.»
Дереккөз
Pinco, E. (2008) How can we improve the quality of pupils’ mathematical conversations?
[Оқушылардың математикалық пікірталасының сапасын қалай жақсарта аламыз?] National
Centre for Excellence in the Teaching of Mathematics grant report.
ƏҢГІМЕЛЕСУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ИНКЛЮЗИВТІЛІККЕ
ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
Балалардың тіл табысу дағдылары арқылы инклюзивтілікке қол жеткізуге
болатынын көрсететіндіктен, біз осы мысалға тоқталдық. Осы үдеріске тартылған балалар
алдағы сабақтарда белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті. «Табысқа жету үшін қарым-
қатынас жасау» жобасы өзара əрекеттестікке оқыту жəне бірге ойлау мен талқылау
арқылы білім алуға балалардың саналы түрде келуін қамтамасыз ету үшін əзірленді.
Алғышарттар
Қарым-қатынас жасау дағдысының жеткіліксіздігі балалардың сабақтағы
белсенділігінің төмендеуіне əсер етеді, оларды оқу əрекетінен алыстатып, жетістіктің
төмен болуына əкеледі.
Англияның оңтүстігіндегі үш мектептің алты жастағы балаларды оқытатын алты
мұғалімі екі күн бойы балалардың ауызша сөйлеу тілін жəне топтағы сөйлеу дағдыларын
дамытуға бағытталған сабақтардың бағдарламаларын жасаумен айналысты.
Аталған мектептер ағылшын тілі ана тілі болып саналмайтын оқушылардың көп
болуымен ерекшеленетін.
Өзара əрекеттестікке жəне бірге ойлау үдерісіне қандай оқушылар оқытылды
Сөйлеу дағдыларына оқыту «Бірге ойлаймыз» атты бес негізгі сабақтарда жүзеге
асырылды. Бастапқы сабақтар тыңдау, ақпаратпен алмасу, ынтымақтастық сияқты
дағдыларды дамыта отырып, сөйлеу үдерісінің маңыздылығын сезінуге бағдарланған
болатын. Кейінгі сабақтар əртүрлі жағдаяттарға өзіндік қатынасын сын тұрғысынан
дəлелдеуді дамытуға ықпал етті.
Сабақтардың кейбір түйінді сəттері:
• топтық жұмыс үшін оқытудың мақсаты сабақтың кіріспе бөлімінде нақты белгіленген;
• топтар ауызша сөйлеу тілінің сапасын жалпы сабақтарда ұғынған;
• сыныпта сұрақты құрастыру жəне қою сияқты дағдылар қалыптастырылған;
• мұғалім сыныптағылардың көңілін ауызекі сөйлеу тілінің сапасын арттыруға аударған,
түзетулер енгізу үшін топтағы талқылауларда үзіліс жасай отырып, сыныппен қарым-
қатынас жасау кезінде басқаларға үлгі болған.
Оқушылар сыныпта топта ортақ пікірге келуге мүмкіндік беретін ауызекі сөйлеу
тілінің негізгі ережелерін құрастырды жəне ол келісілді.
Тізім мынадай тармақтардан тұрды:
• топтың əрбір мүшесі қалғандарымен сөйлесуі керек;
• маңызды ақпаратпен бөлісу қажет;
• əркімнің қосқан үлесі құрметпен қарастырылады;
• қиындықтар қабылданады;
• топ шешім қабылдау үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Аталған сабақтар барысында балалар əртүрлі қарқындылықпен жұмыс істеді.
Оқыту барысына түзетулер енгізудің ықпалы
Тірек мектептердің барлық мұғалімдері өз сыныптарындағы əріптестікті дамытуға,
инклюзивтілікті жəне қарым-қатынас деңгейіне бұл бағдарламаның оң əсері барын атап
өтті.
Əсіресе, жуас балалардың пікірталасқа сенімдірек жəне белсендірек қатыса
бастағандығы атап көрсетілді. Олар бағдарламаға қатыспаған балаларға қарағанда
сұрақтарды көп қойып, ойларын жиі-жиі дауыстап айта бастады. Олар сондай-ақ бірін-
бірі əңгімеге тартуға, сыныптасының айтқанын мұқият тыңдауға жəне сұрақ қиындық
тудырса да сындарлы жауап беруге үйренді.
Сонымен бірге балалардың мақсатты тобы бағдарламаның соңында тестілерді
орындау барысында басқатырғыштарды алғашқы нəтижелерімен салыстырғанда бірнеше
пайызға жақсы шешті. Бақылау тобында мұндай факторлардың бірі де байқалған жоқ.
Тілді пайдалану жəне сабаққа қатысу жағынан алғанда, бағдарлама жүргізілген
кезде балалардың «Неге? Не? Қалай?» деген сияқты сұрақтарды сабақта пайдалану жиілігі
өсті. Бұл төменде келтірілген мақсатты топтардағы балалардың диалогтарында тіркелген.
Балалар (Нуреша, Виджэй жəне Кайл) бағдарлама басталғанға дейін жəне
аяқталғаннан кейін логикалық ойлау дағдыларын талап ететін бір тапсырмамен жұмыс
істеді. Балаларға геометриялық суреттегі ақ фигураға мүмкіндігінше сəйкес келетін алты
пазлдың бөлігін таңдап алу ұсынылды.
Бағдарламаға дейін
Нуреша мүлдем сөйлемейтін жəне тапсырманы орындауға ешбір қызығушылық
танытпайтын. Тапсырма басталғаннан кейін Виджэй мен Кайл бір-бірінің пікіріне
келіспей қалды жəне өз пікіріне ешбір дəлел келтірместен, кім өз фигурасын суретке
жапсыруы тиіс екендігін дауласа бастады.
Виджэй: Ал мынау сəйкес келеді ғой, иə?
Кайл: Жоқ.
Виджэй: Мынау сəйкес келе ме?
Кайл: Жоқ.
Виджэй: Иə.
Кайл: Жоқ.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
Балаларға осындай тапсырманы орындау ұсынылды. Олардың жұмыс істеу тəсілі
түбегейлі өзгерді. Бұл жолы Нуреша топтағы бірлесе ойлауға басқа екі баламен өзара
əрекеттестікте белсенді қатысты, екі бала да бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірінің пікірін
қабылдай білді:
Виджэй: (Нурешаға) Сен Виджей мен Кайлдың қайсысынікі дұрыс екендігін айтуға
тиіссің.
Нуреша: Мен 2-нөмір деп ойламын.
Кайл: Мен 4-нөмір деп ойлаймын.
Виджэй: Нуреша, қарасаңшы.
Нуреша: Жоқ, мен мына фигура келеді деп ойламын.
Кайл: Жоқ, қарашы, мынау дөңгеленген, мында да, анда да сырттан дөңгеленген, көрдің
бе?
Виджэй: Мүмкін мына пазл.
Кайл: Жоқ, өйткені оның майысқан сызығы жоқ.
Виджэй: Осы дұрыс болуы тиіс.
Екінші тест кезінде балалар алғашқысына қарағанда мəселенің шешімін бірлесе іздеуде
тиімді жұмыс істей отырып, 2 сұраққа артық дұрыс жауап берді (15-тен).
Дереккөз:
Wegerif, R. et al (2004) Widening access to educational opportunities through teaching children
how to reason together [Балаларға бірлескен талқылау жүргізу əдістерін үйрету арқылы
білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді кеңейту]. Westminster Studies in Education, 27 (2).
Мен
СОЦИОГРАММА ҮЛГІСІ
Кілті
Бұл менің ең жақын үш досым
Мына адамдармен дос болғым келеді
Бұл адамдармен үзіліс және түскі ас кезінде
ойнаймын
Бұл біздің сыныптың танымал оқушылары
Бұлар біздің сыныптың ең ақылды оқушылары
Кэвин
Катерина
Тим
Марк
Киан
Камилла
Маркос
Дана
Маркус
Тафени
Зоя
Лесия
Дженнифер Тиффани
Колин
Сино
Кайли Виктория
Брайан
Ричард
Уэсли
Эшли
Брэндон
ҮЛЕСТІРМЕ МАТЕРИАЛ. СОЦИОГРАММА
Кілті
Бұл менің ең жақын үш досым
Мына адамдармен дос болғым келеді
Бұл адамдармен үзіліс және түскі ас кезінде
ойнаймын
Бұл біздің сыныптың танымал оқушылары
Бұлар біздің сыныптың ең ақылды оқушылары
Мен
ЕКІНШІ АПТА
ЕКІНШІ КҮН
Issue 1
Date: 14/12/2011
ОҚУШЫЛАРҒА ОҚУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖЕҢУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУ
КЕРЕКТІГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ
СТРАТЕГИЯСЫ
Оқыту жəне оқу салалары
Осылайша, дұрыс шешім қабылдау үшін бұл қызметтің үш саласын ескеру қажет.
1. Таным жəне оқу
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар:
Мұғалімнің рөлі оқушыларға:
пəнді түсінуін дамытуға;
● ақпаратты сақтауға жəне толықтыруға (жады);
● мəтінді оқудағы, жазудағы жəне математикалық есептегі қиындықтарды жеңуге
мүмкіндік беру деген тұжырыммен келісесіз бе?
Ең маңыздысы, мұғалімдер оқу мақсаты – бұл оқушылар істеуге тиіс нəрселер
ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін
болса, соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесу екендігін түсінулері керек.
Мұғалім көптеген жолдар арқылы оқушыға оқу жоспарын меңгеруіне көмектесе
алады.
Төменде келтірілген стратегияларды талқылаңыздар. Топтық пікірталас кезінде
қалыптасқан өз идеяларыңызды ұсыныңыздар.
Біз бірнеше стратегия ұсынамыз. Бірақ жекелеген оқушылардың қажеттіліктері, Сіз
жұмыс істейтін жағдайлар жекелеген оқушыларға оқуға көмектесетін бірқатар
шығармашылық тəсілдерді қолдануға жетелеуі мүмкін.
Түсінуді дамыту жөніндегі ұсыныстар:
● оқушыларға оқу мен нұсқаулықты дұрыс түсіндіруіне көмектесуде ым, визуалды
белгілерді қолданыңыз жəне басқа да көмек көрсетіңіз;
● сұрақты түсінбеушілік танытып, сұрақ қойып немесе мəселе көтеріңіз, бұл Сізге жұмыс
барысында нұсқаулықты ұстанып отыруға мүмкіндік береді;
● оқушылардан не істеулері керектігін түсіндіруге өтініш білдіріп, олардың мəселені
түсінетінін тексеріңіз;
● нақты обьектілерді, белгілерді, символдарды, фотосуреттерді, сандық осьтер жəне
компьютерлік анимацияларды қолдану арқылы абстрактілі ұғымдарды нақты ұғымдарға
айналдырыңыз;
● жазбаша тапсырмаларды орындауға арналған шаблондар мен жауаптардың болжалды
нұсқалары бар тапсырмаларды ұсыну арқылы тапсырмаларды орындауға көмектесіңіз.
Қызметтің
әлеуметтік саласы
Қызметтің аффекттік
саласы
Қызметтің
танымдық саласы
Issue 1
Date: 14/12/2011
Жады:
оқушыларға оқу мақсаты туралы естеріне салыңыз; егер бұл мүмкін болса,
суреттер мен артефактілерді пайдаланыңыз;
көрнекі құралдар пайдаланыңыз;
тапсырманы орындауда жасалатын амалдар реті бар объектілер, суреттер,
белгілерді немесе түйінді сөздерді пайдалана отырып, карточка-еске түсіргіш
дайындаңыз;
оқушы өздігінен тыңдай алатын нұсқаулықтардың дыбыстық жазбаларын жасау
үшін диктофонды пайдаланыңыз;
ескертпелерге арналған стикерлерді, қысқаша жазбалар, жеке тақтаны қалай
пайдалану керектігін іс жүзінде көрсете отырып, түйінді сөздерді жақсы есте
сақтау үшін оқушыларды соларды пайдалануға ынталандырыңыз.
Сауаттылық жəне тілді үйрену кезіндегі қиындықтар:
● бастапқыда
оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды мəтінді қабылдауға дайындаңыз;
●
сабақта оқушылардың өзара жəрдемдесуін жəне өзара əрекеттесуiн ынталандырыңыз
;
● мəтіндегі жаңа сөздерге көңіл аударта отырып, оқушыларға мəтінді оқу кезінде
көмектесіңіз;
● жазудың балама нысандарын пайдаланыңыз: зияткерлік карта құрастыру, оқу
материалының ауызша таныстырылымы, белгілері бар карточкаларды сыныптауға
арналған тапсырмалар, мəтінді өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтама,
диаграммаларға, диктантқа ат беру (тақырып қою), екі өлшемді жəне үш өлшемді
көрсетілімдерді даярлау.
2. Қызметтің əлеуметтік саласы: қарым-қатынас жəне өзара əрекеттестік
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар:
Сіз оқушылардың дағдылары мен баламалы қарым-қатынас əдістерін дамыта отырып,
топтық жəне ұжымдық тапсырмаларға қатысуға мүмкіндік беру арқылы мұғалімдер
оқушылардың оқуын бақылап отыруы керек деген көзқараспен келісесіз бе?
Əлеуметтік өзара əрекеттестік дағдыларын дамыту жөніндегі ұсыныстар
визуалды нұсқаулықтарды пайдаланыңыз: сөйлеу кезінде қолданылатын тірек
сөздер мен белгілер;
ең маңызды ақпарат сөйлемнің басында берілген қысқа əрі нақты сөйлемдерді
пайдаланыңыз;
оқушыға топтағы, сыныптағы пікірталастарда өз пікірін айтуға көмектесіңіз;
мəжбүрлі баламасы бар сұрақтар ұсыныңыз («ол кезде күн бе еді əлде түн бе
еді?»);
түйінді сөздер жазылған арнайы плакаттарды бірлесіп жасаңыз.
3. Қызметтің аффекттік саласы: мінез-құлық, эмоциялық жəне əлеуметтік даму
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар:
Оқушылар белгілі бір жағдайларда неліктен өздерін олай ұстайтынын түсіну үшін
мұғалім олардың əлеуметтік жəне эмоционалдық дамуы туралы мейлінше толық
хабардар болуы тиіс дегенмен келісесіз бе?
Қызметтің аффекттік саласын дамыту жөніндегі ұсыныстар
Issue 1
Date: 14/12/2011
Оқушылардың оқудағы эмоционалдық, əлеуметтік жəне мінез-құлықтық
кедергілерді жеңу үшін Сіз жеңіл қолдана алатын бірқатар стратегиялар бар:
бірінші жəне ең маңызды жол – оқушыларды мойындау жəне қабылдау; бұған
оқушылардың əуестенетін нəрселеріне қызығушылық таныту, тапсырма
құрастырғанда олардың мүдделерін ескеру немесе білдірмей көмек ұсыну арқылы
қол жеткізуге болады;
оқушыларға көбірек көңіл бөлу қажет, белгілі себептермен ерекше ықылас пен
қамқорлықтан тыс қалған балаларды таңертең қарсы алып, амандасқан дұрыс,
осының салдарынан олардың демалыс күндері жақсы өтеді;
зейінсіз оқушылармен қатар отыратын оқушылар олардың жинақталуына жəне
оқуға тартуға көмектесе алады;
мұғалім зейінсіз оқушыларға жиі сұрақтар қоя отырып, олардың назарын бағыттай
алады;
оқытуға ынталандыру мен өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту үшін жағымды кері
байланыс ұсыныңыз; артық күш жұмсаудан қашқақтай отырып тапсырмалардың
қиындығын біртіндеп көбейту жəне қысқа мерзімді, жеңіл қол жеткізуге болатын
мақсаттарды белгілеу маңызды.
оқушыларға тапсырмамен айналысып, оны орындауға жеткілікті уақыт ұсыныңыз.
əлдебір ерекше бағдарламалар мен оқыту əдістеріне қарағанда, сіздің сөйлеу
мəнеріңіз сенімді оқу ортасын құруға көбірек ықпал етеді.
Тиімді тілді пайдаланыңыз, бұл дегеніміз – мүмкіндік тілі, үміт тілі жəне табыс тілі.
Мəселен, сіз мына сөйлемді ескерер ме едіңіз: «Мен Х-ті əрдайым қате түсінемін» жəне
«Ия, сіз аздаған қателік жібердіңіз, бірақ сіздің проблемаңыздың себептері неде екенін
анықтап көрейік».
АҚШ-ТА ЖҮРГІЗІЛГЕН ПРОФЕССОР ДВЭКТІҢ ЗЕРТТЕУІ
АҚШ-та жүргізілген зерттеу: оқушылардың табандылығын дамыту
Кейбір оқушылар қиындыққа тап болған кезде неге бірден беріле салады немесе
басқалары қиындықты сенімділікпен жеңіп жатқанда, бұлар бастаған жұмыстарын орта
жолда үзеді. Калифорниядағы Стендфорд университетінің психология профессоры
Керол Двек көп жылдар бойы оқушыларды алған бағытқа табандылықпен жүруге не
ынталандыратыны туралы сындарлы теориясын жасады.
Оқушылар өздері туралы не ойлайды
Профессор Двек оқушылардан өздерінің ақыл-ой қабілеттері жөнінде не ойлайтыны
туралы сауалнама толтыруды сұраған кезде, оқушылардың жартысының
«дүниетанымдары шектеулі» екенін анықтады. Олар өздерін туғанда ақыл-ой шектеулі
берілген жəне оны əрі қарай дамытуға шамамыз жетпейді деп ойлайды екен. Олардың
ойынша, бұл талантқа негізделген, яғни бар мəселе – «тұқымға байланысты».
Қиындыққа тап болған кезде олар бірден жеңіле салады жəне «мен ешқашан барлығын
есте жақсы ұстап тұра алмаймын» «бұл менің қолымнан келмейді» деп барлығын
өздерінің зияткерлік қабілеттерінен көретін.
Алайда оқушылардың қалған жартысының «дүниетанымы кең» болып шықты. Олар
мүмкіндік пен жетістік оқуға байланысты, оқу уақыт пен жігерді талап етеді деп
ойлайды. Қиындыққа тап болған кезде олар «мен «жүгенді тарта тұрып», алдымен
мұны түсініп алуым керек» жəне «мақсатқа жетуге аз ғана қалды» деп жігерлене
жұмыс істейді.
Двек барлығын тастау немесе бір нəрсеге табандылықпен қол жеткізу туралы шешім
қабылдау дағдының шынайы деңгейіне байланысты еместігін білгенде таң-тамаша
болды. Дайындықтары жақсы оқушылардың көбі бірден беріле салатын,
күмəнданатын, өздерінің сəтсіздігін ақыл-ойының аздығымен байланыстыратын, ал
дайындықтары аздау оқушылар қиындықты құлшына, табанды жеңе білді.
Ақыл-ой қабілеттері шектеулі деп ойлайтын оқушыларға қалай көмектесуге
болады?
Двек барлық оқушылар жеңілісті өзінің кемшілігі деп қабылдаудың орнына, жай ғана
тапсырманың сəтсіз орындалуы деп қарастыруын ынталандыруды ұсынады, ал оны
қажырлылық пен табандылық арқылы жақсартуға болатындығын жеткізу керектігін
ескертеді. Ол, мəселен «Сен осындай тапсырмаларды тамаша орындайсың» деген
сияқты жеке тұлғаға бағытталған мадақтаудан аулақ болуды ұсынады, өйткені мұндай
мадақтау түрі оқушының жеке қасиеттері есебінен жеткен жетістігін меңзеп,
оқушыларға қиындықтарды өздерінің жеке əлсіздіктері деп қабылдауға үйретеді.
Керісінше, Двек «сен шынымен де тырыстың» немесе «мұны орындаудың жақсы
тəсілін таптың» деген сияқты үдеріске бағытталған мақтауды ұсынады, өйткені ол
баланы күш-жігер жұмсалатын, тиімді стратегияларды табуға бағытталған, табысқа
жетуге қажетті үдеріске бағдарлайды. Сонымен қатар ол «сенің тапсырманы мұқият
қарап, өз қорытындыларыңды дəлелдеу үшін сапалы деректер ұсынғаның көрініп тұр»
деген сияқты тапсырмаға бағытталған мақтауларды қолдануды ұсынады.
Двек зияткерлік қабілеттері терең оқушылар қолданатын ішкі диалогті зерделей
отырып, мұғалімдерге оқушыларда ұшырасатын қиындықтардың белгілі түрлері
бойынша айрықша тапсырмаларды шешуге арналған стратегиялар ұсына отырып,
оқушылардың табандылығын қолдауды ұсынады. Ғалым мұғалімдерге, біріншіден,
оқушыларға дағдыны үйрену кезінде уақыт пен күш-жігер жұмсау қажеттігін,
екіншіден, басындағы сəтсіздік бұл тапсырманың жұмыс істеуге тұрарлық тапсырма
екендігінің көрсеткіші болып табылатындығын нақты түсіндіруді ұсынады.
Керол Двектің сауалнамасы (1-қосымшаны қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |