Семинар сабақтарының тақырыптары және оған әдістемелік нұСҚаулық №1 семинар Сағат көлемі: 1



бет8/19
Дата06.03.2023
өлшемі56,66 Kb.
#71863
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: Қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдағы саяси тарихын баяндау.


Тақырыбы: ХҮІІІ Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
СЫРТҚЫ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. Ордабасындағы басқосу – өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Әбілқайыр ханның бұртұтас қазақ әскерінің қолбасы болып сайлануы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.
2. Азаматтық мәселесі төңірегіндегі келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі. И.К. Кирилов жобасы. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі. Орынбор губерниясының губернаторы И.И. Неплюевтің саясаты. Әбілқайыр мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі.
3. 1739-1741 жылдардағы жоңғар-қазақ соғысы. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар. Қазақтар мен башқұрт көтерілісшілері.
4. 1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері.
5. І Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатау округінің құрылуы. В. Перовскийдің Қоқанға жорығы (1853 жыл). Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын алдыңғы шептегі Жаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары Жарлық. Шымкент, Сайрам қалаларының алынуы. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.
6. Кіші жүздегі хан билігін жою жобасы. Шекара сотының және расправаларлың құрылуы. Дала реформасы барысындағы "татарлардың" коммуникативті рөлі. Ресей империясының құқықтық нормалары бойынша аға сұлтандар, сұлтан-әміршілер, болыс сұлтандар, старшиналар, билер, құрметті қазақтардың мәртебесі.
7. Дала комиссиясының қызметі. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 жыл) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 жыл) уақытша ереженің жүзеге асырылуы. Сот жүйесі мен салық салудағы өзгерістер. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 жыл). Әкімшілік құрылым. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 жыл). Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер. Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы: шаруа бастықтары институтының енгізілуі (1902 жыл).
8. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. Хан билігінің жойылуы және Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің құрылуы. Басқарушы Әділ Бөкейханұлы. Уақытша кеңестің қайта құрылуы. Жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымдардың құрылуы: Приморск округтері, Қалмақ, Торғын, Тал, Қамысты-Самар, Нарын аймақтары. Ішкі Ордадағы билеуші сұлтандар институты.
9. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің экспроприациясы және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. Ауыл тұрғындары мен егінші мещандарды қоныстандыру туралы уақытша ереже (1904 жыл). Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы.
10. Қазақ көшпелі қоғамының материалдық өндіріс жүйесі. Кеңейтілген және минималды қауымдастық. Көші-қон бағыттары. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Қазақ сұлтандары мәртебесінің эволюциясы. Жергілікті басқару жүйесіндегі қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымдастыру тәртібінің өзгеруі: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар). Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі: қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту. Қазақ көпестерінің, саудагерлерінің пайда болуы. Орынбор Мұсылмандары Діни Жиналысы және Қазақ даласы. Муфтияттағы қазақтардың діни істерін шығару. Мешіттердің салынуы және қазақ молдалары. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет