СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ 7-тақырып. Жаңа дәуірдегі Қазақстан (XVIII - ХХ ғ. басы) (2 сағат ) 1. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қалмақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.
2. Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы. Қойбағар Қобяковтың дипломатиялық миссиясы. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлу Мухаммад Тевкелев басқарған Ресей елшілігі.
3. И.К. Кирилов жобасы. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.). Орынбор губерниясының губернаторы И.И.Неплюевтің саясаты. Әбілқайыр мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі. 1740 жылдардың аяғында патша үкіметінің Әбілқайырмен келіссөздері. Әбілқайырдың өлімі. Хан билігін заңдастыру. Нұралы сұлтанды хандық лауазымға бекіту (1749 ж.13 сәуір).
4. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері. 1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.
5. Ұлы жүз сұлтаны Суық Абылайханұлының Ресей бодандығын қабылдауы. І-ші Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатау округінің құрылуы. В.Перовскийдің Қоқанға жорығы (1853 ж.).
6. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын алдыңғы шептегі Жаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары Жарлық. Шымкент, Сайрам қалаларының алынуы.
7. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.