Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан және жер бетінде адамдардың таралып қоныстануы туралы білу.
Тақырыбы: АДАМНЫҢ ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ ЭВОЛЮЦИЯСЫ. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Тарихи үдерістерді кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болу проблемалары. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
2. Қазақстан аумағындағы тас ғасыры және тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
3. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижелері. Кремний индустриясының сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.
5. Өңірдегі аридтену үдерістері. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі-өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
6. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет. Жерлеу тәсілдері мен салт-ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Орталық Қазақстанда қыш жасаудың дамуы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тілдік атрибуциясы мәселесі. Еуразиялық дала жүйесіндегі Қазақстан аумағы (үндіеуропалық көші-қон). Шұңқырлы мәдениетті жасаушылар. Мәдениеттер мен этностардың ара қатынасы мәселесі. Ежелгі қалалар мәдениеті. Монументті сәулет өнерінің ескерткіштері. Соңғы қола және ерте темір дәуірі тайпаларының этномәдени сабақтастығы. Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.
7. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.