Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет3/245
Дата26.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#143991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   245

«Доңыз жылында, жаңа есеппен 1899 жы 
лы наурыз айында
яки марттың 31-жұлдызында мейi р iмi мол Жаппар Жаратушы 
Имантай есiмдi құлына ұл сыйлады. Есiмiн Қасиеттi кiтаптан 
қарап, Fабдулғани қойдық»,
– деп тәптiштеп жазып қойыпты. 
Есімге ие болған балақан сәлден соң өз анасының қасына апа-
рылады. Алды-артына тау ғып үйілген құс жастықтардың қым-
тауында, үлкендi-кiшiлi абысындарының қоршауында отырған 
бақытты Әлима кiшкене бөбе гiн мейiрлене иiскеп: 
– Мәртебелi құл дедi ме абыз ата? – деп қайыра сұрайды да, 
кенет ойнақы қылықпен жымиып, басын шайқайды. – Жоқ, Би-
атаң перзентi ешкiмге құл болмайды, иә, иә, құлдың мәртебесi 
биiк еңселiсi де… Ең абзалы, бұл шiркiндi FАНИ деймiз. Қыс қа әрi 
нұсқа! Әлде FАНЫШТАЙ дейміз бе? Иә, тап солай, есiмiң құтты 
болсын, Fаныш тайым менiң, ұзақ жаса, мәңгi менің қызығым! 


9
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жазмыштың жазуы десек те рауа, күллі ауыл қуаныштаған 
мерейлі сол кеште, орауда отырған Әлима анасы аузына алған 
есім нәрестеге бiржола бекіген: ауыл-аймағы баланың азан атын 
ұмытып, Fаныштай деп, бертінде Fаныш дейтiн болды (Шама-
лауымызша, мектепке қатынап, сірә, орысша жазу үрдiсiне түс-
кен кезде сол есім тағы да өзгеріп, ҚАНЫШ болып түрленген)... 
* * *
Сәтбай ауылы құртақандай Қаныш пен оның дiмкәс анасы 
Әлиманың бабын ойлап, қыстаудан көкектi ұзатып көшкен. Жол-
шыбай да үдере қозғалмай, әлденеше жерде еру болып, ат-көлiк-
терiн тынықтырып баппен жүріп отырып, мамырдың аяғында 
ғана Шабақай өзенiнiң жағасына жеткен. Бұрнағы жылдары олар 
Нияз тауынан да әрi асып тоқтайтын. Ақкелін болысының биінің 
қалауы биыл өзгеше болып, кiшкентай бөбегiнiң шiлдехана то йын 
осы арада, исi қаржас ауылдары жиын отырған төр жайлаудың 
кіндік ортасында өткiзудi жөн көрді. 
Әкеден олар төртеу еді: Имантай, Әмiн, Зейiн, Жәмiн. Төртеуi 
де балалы-шағалы. Енші алып, бөлек ауыл шыққан Имантай ғана. 
Тетелес екi iнiсi кенже бол ғандықтан қара шаңырақ иесi атанған 
Жә 
мiн 
нен iрге бөлмей, бірге отыруды жөн көрдi. Ағайынды 
үшеуiнiң өрiске шығарар малы – осы төңiректегi төрт түлiктi мың-
мыңдап айдаған ағайындарының қатарына жеткен жоқ, бiрақ 
кейiндеп қалған сорлысы да емес… 
Ф.А. Щербина экспедициясы 1897 жыл ы күллі ресейлік санақ деректерiн 
әжетіне жаратып жарыққа шығарған «Павлодар уезi» кiтабының 152-бе тiнде 
«Ақкелiн болысының №1 ауылында тұратын Сәтбай Шотектiң (кiтапта со-
лай, «ауыл ақсақалы» деп көрсетiлген) қарауында 8 түтiн: адам саны – 60, 
олар 9 үй де қыстап (бiреуi ағаштан бұралған), жайлауға 11 киiз баспанамен 
көшкен; ор тақ малы – 265 бас жылқы, 119 iрi қара, 30 түйе, 611 бас қой мен 
95 бас ешкiсі болған; соларды бағу үшiн отбасымен екі бақташы жалдаған, 
жаз бойы екi ауыл 650 шөмеле шөп шапқан; қыстауында суы кермек татитын 
екi құдығы болған, ал қыста қар суын пайдаланған» деп көрсетілген.
Имантайға қарасты Кіші ауыл еншіге тиген бірер үйір жылқы 
мен жүз қаралы ұсақ малды көбейтпеген. Шақтап ұстаса, ел 
арасындағы дау-дамайға билік айтқан сайын құлқын қамын 
ұмытпаса – бөлек ауыл шыққаннан бергі жылдарда қо лындағы 
дәулет қаншаға көбейер еді? Алайда Имантай би парамен мал 


10
Медеу СӘРСЕКЕ
жиып, шіріген бай болуды ту бастан тәрк еткен; алдына жүгініске 
келген даугерлерге әділ төрелік айтып, тура қазы атанудан 
айнымаған. Сол үшін де қаржастың мың айдаған байы болмай, 
қолы ашық, сері көңілді, аузы уәлі, билігі баянды әділ азаматы 
атанған. Қанағатшыл кексе би бұған да тәубе дейді. Дүниеден 
перзентсіз өткенде қайтер еді?.. 
Жасы елудің төртеуіне шығып, ел ағасы атанып, егде тартқан 
шағында үшінші мәрте балалы болған соң несіне тартынсын?! 
Шабақай жағасындағы ата қонысында Қаныштың шілдехана 
тойы өте тінін жариялады: сөй тіп, төр жайлаудың кіндік ортасы 
сойыстан құр болмады; думан-қызықтан екі ауыл да жаз бойы 
арылмады; белдеуден ат, жерошақтан от сөнбеген деседі осы 
тойдың дақпыртын естігендер...
II
Ресей империясы өзiне қараған бодан халықтардың жер ие-
лігін шектеп, ақыр аяғын да бiржола тартып алу саясатын бекем 
ұстан ғаны мәлім. Соның жол-жобасы қазақ даласына күнбатыс 
пен теріскей шебінен кіріп, бекіністер мен іргелі қалалар сала 
бастағанда-ақ жасалған. Ал дала халқын біржола иеленуге 
бұғалық 1822 жылы «Сiбiр қазақтарын басқару Жарғысы» аталған 
жаңа низамның өмiрге енуімен түскен: Орта жүздегі хан билiгi 
жойылып, оның орнына се гіз дуан құрылады; солардың бiрi – 
1833 жы лы ашылған Баянауыл дуаны, оған 11 болыс ел қараған... 
Жаңа дуанның әкiмшiлiк орталығы 1826 жылы iрге тепкен 
Баянауыл станицасында орныққан. Станица атанғандықтан оның 
негiзгi тұрғыны казак-орыс тар болуға тиіс. Соған орай нулы-су-
лы өңiрдiң шұ райлы жері мемлекет қарамағына алынып, жаңа 
қоныстанушыларға үлестірілген. Ал олар Ресейдің ішкі өңірінен 
мың-мыңдап көшірілетін крестьяндар мен казактар болмақ. 
Ақыры, солай болды. Қазақ сорлы неше атасынан бе рi құтты ме-
кен болған құнарлы аймақтарынан айырыла бастады. Шорман 
бидің әулеті ертеден орныққан ата қонысы Мырзашоқының да 
күндердің күнінде қазына жері атанып, станицадан алысырақ 
өңірден жер іздеуге мәжбүр болуы – соның салдары. Кім-кім, 
Баянауыл дуанына әлденеше жыл билік жүргізген полков-
ник Мұса Шормановтың өзіне қарайтын жер-суды емін-еркін 
пайдалануға құзыры жетсе керек-ті. Жоқ, жетпеген!.. 


11
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ҚР Мемлекеттік мұрағатының 345-қор, 329-ісінде Қаржас болысы-
ның 18 азаматының Батыс Сібір генерал-губернаторына жолдаған өтініші 
сақталған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет