Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет54/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұйым миссиясы нені анықтайды? 
2. Даму бағдарламасын құрастырмас бұрын қандай сұрақтарға жауап 
беру қажет болады? 
3. Мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметі қалай ұйымдастырылады? 
4. Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың матрициялық құрылымына 
талдау жасаңыз.
Мақсаттық - бағдарлы жобаларды құрудың маңыздылығы неде?
 
Тақырып 2.1.2.Мектептің Өсу картасын ендіру жобасы 
U
Мақсаты:
U
мектептің Өсу картасы, оны орындауға жету қадамдарын 
білу  
U
Негізгі ұғымдар
U
: Өсу картасы, қадамдары, жол картасы құрылымы, 
білім сапасын қамтамасыз ету бағдарламалары, бағалау объектілері мен 
субъектілері, қалыптан тыс бағалау объектілері, білім жетістіктерін бағалау, 
жетістіктер портфолиосы
U
Жоспары: 
1. Мектептің өсу картасы 
2. Өсу картасын жасау қадамдары 
3. Білім нəтижелерін бағалау жолдары 
Мектептің Өсу картасы белгілі бір мектептің білім беру əлеуетін 
дамытуды жүзеге асыратын механизм ретінде қызмет етеді. Білім беру 
сапасына оқыту процесін жетілдіру əдістемесі, білім алушылар мен 
педагогтар 
арасындағы 
қарым–қатынасты 
тиімді 
ұйымдастыру, 
педагогтардың кəсібилігі, т.б. ықпал етеді. Сондықтан оны мектеп 
əкімшілігінің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың Өсу картасы, 
ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-əрекеттерінің картасы деп 
атауға болады. Бұл карталарға ұқсас белгілі бір құжаттар мектепте болуы да 
мүмкін, олар кейде басқаша атпен де жоспарланады. 


74
Өсу картасын жасау терең талдауды қажет етеді, өйткені ол белгілі бір 
уақыт аралығындағы білім нəтижелері мен проблемаларын талдау, мектептің 
əлеуметтік 
ортамен 
байланысы, 
педагогтар 
мен 
оқушылардың 
мүмкіндіктеріне, ресурстары мен əлеуетіне сай баға беру сияқты нақты 
жұмыстар жүргізуді қажет етеді.Оған қоса, Өсу картасын құрастыру мектеп 
əкімшілігінің ғана емес, оқушылар, ата – аналар, мұғалімдердің белсенді 
қатысуымен бірлесе жасалып, оны əр топтың мүддесі тұрғысынан 
қарастыруға болады. Сонмен қатар, Өсу картасының орындалуы туралы 
үнемі есеп беру маңызды. 
Жол картасы құрылымы мектептің ақпараттық-əрекеттік мазмұнда 
болады:
1. Кіріспе бөлімі – онда мектептің білім жетістіктері, негізгі даму 
бағыттары; 
2. Мектептің білім берудегі мақсаттары мен басым міндеттері; 
3. Білім беру үрдісін ұйымдастыру –жоспарлау, оқушылардың үй 
жұмысын 
ұйымдастыруы, 
бағалау 
жүйесі, 
білім 
беру 
үрдісіне 
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері; 
4. Оқу жоспарлары пəндік оқу бағдарламалары, метапəндік 
бағдарламалар, қосымша білім беру бағдарламалары, жеке білім алу 
бағдарламаларының нұсқалары. 
5. Күтілетін нəтижелер - оқушылардың əрбір тоқсан бойынша 
барлық пəндерден күтілетін нəтижелерінің сипаттамасы 
Бұл құрылымы тек үлгілік болып табылады, оған қойылатын талаптар 
туралы нормативтік құжаттар əзірге жоқ. Білім сапасын қамтамасыз етуге бет 
алу үрдісі ондай құжаттың жақын болашақта мектептерге қажет болатынын 
көрсетеді. 
Білім сапасын қамтамасыз ету үшін бағдарламалар мен оқу жоспарын 
қайта қарау, жетістік стандарттарын жасау, оқушылар мен мұғалімдердің 
жетістіктерін өлшеу, дамудағы əр жетістіктері мен кемшіліктерін зерттеп, 
нəтижелерін жариялау жəне осы жұмыстарды ұйымдастыратын мұғалімді 
дамыту əрекеттерін негізге алған жөн. Осы жұмыстарды ұйымдастырудың 
мектеп жағдайындағы қажетті қадамдарын, оны орындауға жететін 
мүмкіндіктерін анықтап көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет