Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Коучинг негізінде оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет70/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93
Коучинг негізінде оқыту технологиясы. Коучинг үдерісі дайындық
негізгі жəне қорытынды кезеңдерден тұрады. Дайындық кезең. Алғашқы 
қиындық аймағын анықтау үшін шығармашылық тобына бөлу ендіріледі. 


101
Көбіне, егер де бұл білім беру ұйымдарына қатысты болса, барлық коучинг 
əрекеттерінің алдында қатысушылармен кездесу қажет. Бұл тыңдаушының өз 
көзқарасының маңыздылығына жəне қалауының өзекті екеніне мүмкіндік 
береді. Коучинг «қалаймын» аймағында емес, «қажет» аймағымен жұмыс 
жасайды. Коучинг-үдеріс арасындағы қатынастар шекарасы үнемі бекітіледі, 
онда нақты нəтижелер келісіледі, жетістікке жетелеу үшін коуч кеңес береді. 
Онда көбіне кездесу (сессия) саны жəне ұзақтығы, кездесетін орны, 
қатысушылар саны бекітіледі.Негізгі кезең, таңдап алынған тақырып 
айналасындағы нақты жəне қалайтын жағдай, мақсатты анықтау, жобаны 
шешу, іздеу жолдары мен мақсатты түзету, стратегиялар мен іс-шаралар. Бұл 
кезең барлық үрдістердің ішіндегі ең ұзағы жəне бірнеше кездесулерден 
тұрады, тек осылай ғана мақсат анықталады, жобаны шешу жолдары 
құрылады. 
Коучингтің басында төмендегі мəселелер талқыланады:
Қатысушылардың өз қызметін орындау барысында кездесетін қиындық 
алгоритмін анықтау: қиындықты сұрыптау – неден не маңызды; басты 
қиындықты анықтау; басты қиындықты шешу нұсқаларын қарастыру (осы 
жерде коучтың тыңдаушымен интерактивті үдерісі басталады. Бұл кезеңде 
коучқа өзінің нұсқаларын ұсыну маңызды емес, бағыттаушы сұрақтар арқылы 
нұсқаларды шешуін туындату немесе тыңдаушыға бірнеше нұсқалардан 
таңдауға оған мүмкіндік беру маңызды); тиімдірек нұсқаны таңдау; таңдалған 
нұсқаны жүзеге асыру – əрекет ету жоспарын жасау; бағалау параметрлерін 
анықтау. Осы алгоритмді басшылыққа ала отырып коучинг технологиясын 
қолдану.
Мақсатты анықтау тыңдаушы үшін маңызды. Көбіне мақсаттың 
орнына құндылық ұсынылады. Бірлескен үдерісті талқылауда түпкілікті 
мақсат пен жетістік мақсатын ажырата білуі керек. Жетістік мақсаты 
тыңдаушының өзінің белсенділігін ашуы, ал түпкілікті мақсат сыртқы 
жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Нақ осы түпкілікті мақсат өз мəні 
бойынша ынталандыратын жəне бағыттаушы фактор болып табылады. Бірлесе 
анықталған мақсат жəне оны шешу жолдары жұмыс жоспарының бөлімдерін 
құрайды, онда нақты қадамдар жасалады. Бұл кезеңде қатысушыны 
ынталадыру аса маңызды, қатысушының ізденіс ресурстарына шек қоймай, 
оның барлық шығармашылығын іске қосу керек.
Аяқтау кезеңі коучингтің нəтижелі аяқталуы, қажетті шешім табылып, 
мақсатқа жеткендік, яғни коучинг-серіктестіктің өткен жолына қарап
жүргізілген үдерістерге көз жүгірту жəне болашаққа қарап жаңа амалдарды 
белгілеу, бекіту болып табылады. 
Нəтижелі коучингтің белгілері: 
Рефлексия –өзіндік құндылықты түсіну, өз рөлін анықтау жəне 
келешектің көпжақтылығы, сонымен бірге басымдылықты қою жəне мақсатты 
сезіну;
Əрекеттің түрін өзгерту коучингтен тиімділіктің 60%- қатысушыларға 
ал 39% коуч-педагогқа 
қатысты 
екені 
анықталды. 
Нəтижесінде 


102
қақтығыстардың нəтижесі өзгерді, басшылықтың жаңа қабілеттері пайда 
болады, коммуникативтік дағдылар жақсарады жəне салдарына қарай көпшілік 
алдындағы дағдылар, тайм мендежментте жағымды өзгерістер болды жəне 
шешім қабылдау қабілеттер; жұмысты ұйымдастыру өнімділігін артады.
Тұлғалық даму өзіндік дербестікті сезінуді жəне өзінің құндылықтық 
сезімі, өзіне сенімділіктің дамуы, бастамашылдық пайда болуы, ынталанудың 
өсуі, өзінің күшті жəне əлсіз жақтарын білу қабілеттері пайда болады;
Тұлғааралық қатынастарды жақсарту арқылы көптеген дау-дамайлар 
сəтті шешілді, дағдарыстық ахуалдардың тəртібі өзгерді, қоршаған ортамен 
қарым-қатынас жақсарады; 
Өзіндік сезінудің жақсаруы өзін-өзі бақылаудың өсуінен, қорқыныш пен 
күдік азайып, жаңа күш жəне қуат пайда болуынан көрінеді; 
Кəсіби аймақтағы өзгеріс кəсіби міндеттерін сапалы орындалуынан, 
нəтиженің жақсаруынан көрінеді. 
Коучинг үдерісі үшін аса маңызды жəне қажетті дағдылар - тыңдай білу 
жəне сұрақ қоя білу. Тыңдай білу.Тəжірибелі коуч тек өзің тыңдай білу емес, 
субъектілерді тыңдата біледі. Тыңдау икемділігі – бұл адамдарға , əсіресе 
коучке қажетті талант. Бұл дағдыны жаттықтырып жəне дамытуға болады. 
Тиімді тыңдаудың белгілері: сөйлеушіге жағдай жасау, белсенді 
қалыпта болу, назарды сөйлеушіге шоғырландыру, тыңдағыңыз келетінін 
көрсету, сөйлесушіге төзімділікпен көңіл бөлу, тыңдау жəне есту, тыңдау 
үдерісін логикалық жоспарлау, айтушының сезімін сезуге тырысу, бақылаушы 
бола білу, қатынастың жауапкершілігін көрсету, шыдамды болу, өз 
эмоциясын ұстау, сынауға мұқият болу, бағаламау, сөйлеушінің мақсатын 
түсіну.  
Коучинг контексінің келесі маңыздысы - сұрақ қою икемділігі. Сұрақтар 
мүмкіншілік шеңберін мағынасын тарылту үшін қолданылады. Бұл – 
дедукцияның ғылыми əдісі. Сұрақ қою– коммуникацияның негізгі түрі. 
Коучинг жұмысының басты жəне маңызды əдісі-диалог жүргізу болып 
табылады. Коуч жəне оның «дұрыс» сұрақтары қатысушының санасын оята 
алады жəне оны шешудің дұрыс жолына əкеледі. 
Коучинг жүйесінде оқыту тиімді болуы үшін бірнеше қағыиадардың 
сақталғаны дұрыс болады. Алдымен, жұмыс істейтін аудиторияда қолайлы 
жағдай тудыру қажет. Ол тыңдаушылардың табысты жұмысына ықпал етеді. 
Жұмыс барысында тыңдаушылардың не туралы айтып жатқанын тыңдау. 
Олардың сөзін бұзбай, олар үшін шешім қабылдамай, əркімнің жеке 
сұрақтарына жауап табуға көмектескен дұрыс. Коучинг барысында нақты 
түсіну үшін ашық сұрақтарды пайдалану педагогтардың кəсіби дамуына жəне 
мүмкіндіктерін білуге көмектеседі. Міндетті түрде қатысушы мұғалімдердің 
өмірлік жəне кəсіби тəжірибелеріне сүйену қажет. Сондай-ақ, сұрақ қою 
арқылы тыңдаушылардың түрлі нұсқаларымен танысып, өз бетімен дұрыс 
нұсқаларын табуға мүмкіндік беру маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет