Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Педагогтарды дамытудағы жобалау технологиясы



Pdf көрінісі
бет71/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93
Педагогтарды дамытудағы жобалау технологиясы. Жобалауды 
ұйымдастыра білу инновациялық өзгерістер жағдайында көшбасшылық 


103
əрекеттерінің маңызды бөлігіне айналуда. Жобалау əдісі педагогикалық 
əрекеттерді сапалы жəне түбегейлі өзгертуге, педагогтар мен білім 
алушылардың тың идеялар мен жаңа іске ынталануына, жаңа жобаларды 
белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогтардың жобалауға 
қатысуы оларды ізденіске, өздерінің зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім 
беру мазмұнын жаңартуға ықпал етеді. 
Инновациялық білім беру мен біліктілікті арттыру мəселелері 
педагогтардың əрекеттік құзыреттілігін дамыту қажеттігіне байланысты екені 
белгілі. Кез келген құзыреттіліктің əрекет барысында пайда болады, 
қалыптасады, соған орай, жобалау адамды дамыту əрекеті болғандықтан, оның 
бүгінгі білім беруде маңызы зор. Педагогтардың жобалау қызметіне қатысуы, 
жобалау əдісін үйреніп, оны тəжірибеде пайдалануы оқытудың мазмұны мен 
түріне жаңалықтар əкеледі. 
Коуч əдісі сияқты, жобалау технологиясы мектеп жағдайында, бір 
педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндігін дамытуда да пайдалануға 
болады. 
Педагогтардың біліктілігін арттырудың бағдарламалық модулі білім 
берудегі жобаларды дайындау, құрастыру, жүзеге асыру, нəтижесін бағалау 
жолдарын үйретуге құрылады. 
Оқыту барысында жоба жетекшілерінің білім берудегі (оқытудағы) 
проблемаларын анықтау, жоба алды талдау, мақсатты бағдарлы жобалар 
арқылы өзгерістер ендіру, оларды бағалау құзыреттіліктері өздерінің 
жобаларын жасау барысында қалыптасады, дамиды, тəжірибеде бекітіледі. 
Педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламасының жобалау əдісі 
бойынша мазмұнын құрастыру үшін оған қатысушылардан күтілетін 
нəтижелер айқындалды:білім беру əрекеттерін жобалай білу жəне оны жүзеге 
асырылуын қамтамасыз ете білуі; оқытуды жобалау əдісімен ұйымдастыра 
білу; жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері; осы бағытта 
бағдарламаның не үшін оқыту керек? (мақсаты), нені оқыту керек? (оқыту 
мазмұны) жəне қалай оқыту керек? (əдістемесі) сұрақтарға тұтастықпен жауап 
беретін құрылымы жасалды. 
Бағдарламада модулінде тақырыптар тезистері жасалып, онда негізгі 
ұғымдарға түсінік беріледі жəне тыңдаушылардың өзіндік жұмысының реті 
көсетіледі. Модуль құрылымы: 
1. Тақырыптар мазмұны, əр тақырып бойынша талдауға қажетті 
проблемалық жəне ситуациялық тапсырмалар мен сұрақтар. 
2. Библиография мен Internet – ресурстары көрсетілген анықтамалық 
3. Бағаланатын жұмыстардың параметрлері мен өлшемдері (эссе, case – 
study, жобалар). 
4. Курс бағдарламасы 
Оқыту нəтижелері ретінде педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі 
құзыреттіктерінің көрсеткіштері белгіленеді: Педагогикалық үдерісті жобалау 
əдісімен құрастыра білуі; Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың тұтас циклын 
ұйымдастыра білуі; Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері; 


104
Одан əрі аталған сапалардың қалыптасқандығын қандай көрсеткіштер 
арқылы бағалауға болатыны анықталды. Ол проблемалық мəселе бойынша 
құрастырған жобалары жəне оларды бағалау қөрсеткіштері. 
Жобалау əрекет барысында пайда болатындықтан, оны дайын күйінде 
қолдану мүмкін емес жəне жобалау алгоритмін меңгерген педагогтар оны 
білім беруде өзіндік идея мен технология ретінде, анықталған кезеңдерге сай 
орындалады. 
Педагогтарды жобалау əдістемесіне оқыту арқылы көшбасшы ретіндегі 
құзіреттіліктері қалыптасады. Нəтижесінде олар оқытудағы проблемалық 
ситуацияларды талдай білуді, проблеманы жəне оны шешу жолдарын 
анықтауді, жоба құрастыра білуді жəне жүзеге асыруды, оның тиімділігін 
бағалай білуді меңгереді. Өйткені теориялық білім алу жəне тəжірибелік 
жұмыстар педагогтардың жобалау əрекеттерін тікелей өздері ұйымдастыру 
барысында орындалады. 
Жұмыс кезеңдері жəне қатысушы педагогтардың міндеттері
Дайындық кезеңінде педагогтар жобалауды ұйымдастыру шарттарын 
анықтау; модульдік бағдарлама мазмұны мен əдістерін айқындау; оқытудың 
нəтижелік өлшемдерін белгілеуге қатысады. 
Орындау кезеңінде педагогтар білім берудегі жобалау түрлерімен, 
ерекшеліктерімен танысады; жоба технологиясының алгоритмін жасауды, оны 
жүзеге асыру, нəтижесін бағалауға үйренеді; өз беттерімен оқыту үдерісін 
жобалаудың; түрлі сыныптан тыс шараларды жобалаудың; субъектілердің 
белсенді əрекеттерін жобалаудың; инновациялық өзгерістерді жобалаудың 
технологиялары мен əдістемелерін өз тəжірибелері арқылы меңгереді; өз 
əрекеттеріне рефлексия жасай білуге үйренеді; жобаның тиімділік өлшемдері 
мен сараптама жасау əдістемесін жасақтауды меңгереді. 
Бағалау, қорыту кезеңінде: жобаларды презентациялау, жасалған 
өлшемдер бойынша бағалау; жоба жетекшілерінің өз ұйымдарындағы 
өзгерістер динамикасын анықтау; жоба жетекшілерін даярлаудағы күтілетін 
деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сəйкессіздіктерді анықтау; жоба 
жетекшілеріне арналған əдістемелік нұсқаулар дайындау. 
Жобалау қызметінің кезеңдері мен іс– шаралары: 
Іс-шаралар мазмұны
Бастапқы кезең. 
Қазіргі жағдайын талдау, диагностикалау, бағалау: орын алып 
отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы 
ғылыми –зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; 
жобаны ресурстармен қамтамасыз ету. Күтілетін нəтижесі – 
жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық –материалдық 
ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар туғызу. 
Негізгі кезең. 
Мақсатын айқындау; мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау; 
жобаның шектелу аясын белгілеу; жобалау идеясын тұжырымдау, 
немесе, тұжырымдамасы; жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын 
жасау; бақылау түрлерін анықтау. Күтілетін нəтижесі – объектінің 
жобасы, тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары. 


105
Жүзеге 
асыру 
кезеңі 
Жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу орындалады. 
Нəтижесі –жүйенің жаңа сапаға өткендігін назарға алу. 
Қорытынды кезең. Эксперименттік байқаудың сапалық нəтижелерін бағалау; жобаның 
тиімділігін тəуелсіз эксперттердің бағалауы; пайда болған 
проблемаларға сыни рефлексия жасау; жобаның нəтижелерін 
қорытындылау, түзетулер енгізу.
Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның ойлау жəне мақсат 
қоюында, мотивациялары мен құндылықтық ұстанымдарында қалыптасқан 
түсініктері өзгереді, бұл іс – əрекет дағдыларын өзгертуге əкеледі.
Мектеп аясында педагогтың кəсібилігін дамытуға бағытталған 
мақсаттық - бағдарлы жобалау əдісін қолдану тиімді болады. Бұл əдіс əр 
адамның ұжымдағы ролі мен жауапкершілігін арттыруды көздейді. Соған 
орай, иерархиялық – жоғарыдан төмен қарай басқару жүйесінің орнына 
жобалық командаларға негізделген өзара желілік байланыста болатын шағын 
топтар құрылды. Бұл жағдайда қатаң бақылаудың орнына педагогикалық 
қызметкерлердің өзіндік тəртіпке, тапсырылған істі орындауға деген 
мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң бақылау мен əкімшілік 
əрекеттер қолдау көрсету, бірлесе орындау, нəтижені өзіндік бағалау 
əрекеттерімен ауыстырылады. 
Мақсаттық - бағдарлы 
жобалау 
технологиясы 
ұйымдастыру 
əрекеттерінің жаңа түрін қалыптастырады, оларға тəн ерекшеліктер: жаңа 
қажеттіктерді қанағаттандырады; проблемалардың шешімін табу жолдарында 
дəстүрлі тұрғыға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады; дамытушылыққа 
бағытталады. 
Жоба 
барысында 
қатысушы 
педагогтардың 
желілік 
ойлау, 
шығармашылық белсенділік, топтық (командалық) бірлестіктерде жұмыс істеу 
дағдылары қалыптасады. Педагогтар жобалау арқылы өзекті проблемаларды 
анықтау, мақсат қою, мақсатты жобалар құрастыру, жүзеге асыру, нəтижесін 
талдау жəне бағалауға үйренеді. Мақсаттың айқын болуы кез – келген 
əрекеттің ең басты тетіктерін анықтап, соған күш салуға мүмкіндік береді. 
Тəжірибеде жиі кездесетін оқыту мен тəрбиелеудегі қиындықтар негізінен 
педагогикалық əрекеттердің мақсатын нақты қойылмауынан болатыны белгілі. 
Өзекті тақырыптар бойынша мақсаттық - бағдарлы жобалауды жүзеге 
асыру педагогтардың үйреншікті іс - əрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер 
ендіреді. Өйткені, жобалау барысында олар тек əрекетті жоспарлау, бақылау, 
бағалау ғана емес, шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі ойлауға 
үйрену қызметтерін атқаруы тиіс болады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау технологиясы адамдардың өз бетімен 
білім алуы мен өзін өзі дамытуға жұмылдыра алады, сонымен қатар, аталған 
сапалар жалпы ұжымжы, мектепті жаңа өзгерістерге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет