Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  кәсіптік  білім  беру  негізінде  болашақ  мамандардың  біліктілігін 
қалыптастыру жолдары қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  формирование  навыков  у  будущих  специалистов  на 
основе профессионального обучения. 
 
 
 
 ӘОК 371.035.3 
12 ЖЫЛДЫҚ  ОҚУ МЕРЗІМІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҦҒАЛІМІНІҢ 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОРНЫ  
 
Байзакова Г Р – 2 курс магистранты, Асқарова Ж.А. – п.ғ.к., профессор 
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  уақытта  елімізде  білім  беру  саласы  ӛз  дамуының  жаңа  кезеңінде  тұр. 
Жалпы орта білім беретін мектептерді 12 жылдық оқу мерзіміне кӛшіруге байланысты, 
адамға деген кӛзқарастың ӛзгеруі, субьективті дара тұлға ролінің ӛсуі, осыларға сәйкес 
әлеуметтік  ӛмірдегі  және  экономикалық  ӛзгерістер  білім  беру  мен  тәрбиелеу  ісінің 
алдына  жаңа  міндеттер  туғызуда.  Осыған  орай  білім  берудің  ғылыми  негізделген 
біртұтас  оқу-әдістемелік  жүйесін  қалай  және  қай  бағытта  жасау  керек  деген  сауалға 
жауап ізделуде/1/. 
Білім  саласындағы  кез  келген  пәннің  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  ӛзіндік  үлес 
қосары анық.  Технология пәнінің базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін 
анықтау  қабілеттерін  дамытады,  ӛздерін-ӛздері  танып  білулеріне,  әр  түрлі  кәсіби 
салалар  бойынша  қабілеттіліктерін,  біліктіліктерін  шыңдауға  мүмкіндік  жасайды. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
23 
Технология  сабағында  оқушы  тек  мұғалімнің  үйретуімен  бұйым  түрлерін  жасаумен 
шектеліп қана қоймай, оған талдау жасап, жасалу, ӛңделу, пішіп тігілу технологиясына 
ӛз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. 
Технология пәнінде оқушыларды жаңа технологиялық бағытпен оқыту әдістемесі 
негізгі тәлім-тәрбиелік бағыт болуына байланысты, технология пәнінің басты мақсаты: 
оқушыларды ӛздігінен еңбек етуге дайындау, шығармашылық  ой-қиялдарын дамытып, 
жеке  қабілеттеріне    сай  еңбек  етуге  мүмкіншілік  жасау.  Сондай-ақ  оқушылардың 
кәсіптік  білімді  жан-жақты  игерудегі  іскерлігі  мен  белсенділігіне  ерекше  кӛңіл  бӛліп, 
қолдарын жаттықтыруына кӛмектесу. 
Қазақтың  ұлттық  қолӛнер  бұйымдарын  жасату  арқылы  еңбекке  тәрбиелеудегі  
білім  беру  үдерісі  мына  бес  жүйеқұраушы  элементтерден  тұрады,  олар:  оқытудың 
мақсаты,  оқу  мазмұны,  оқытудың  теориялық  формасы,  оқытудың  практикалық 
әдістемесі,  оқыту құралдары. Міне, осы негізгі  бес түрлі  жүйеқұраушы элементтерді 
қайта құру қажеттігі туып отыр. Себебі, ол білім берудің басты мақсаты етіп танымдық 
қызығушылығы  қалыптасқан,  ӛздігінен  бағдарлай  отырып,  шығармашылықпен,  ӛз 
бетімен білім ала алатын, сӛйтіп ӛздігінен даму дәрежесі қалыптасқан субьектіні, жеке 
тұлғаны  тәрбиелеп  шығаруды  анықтайды.  Мұғалімнің  оқу-тәрбие  жұмыстарын 
жүргізудегі  міндеттері:  бейінді  тәрбиенің  оқу  жоспарын  жасай  білуі;  материалдарды 
ӛңдеу  технологиясын  жүйелей  үйрету;  ӛңдеу  процесін  ұйымдастыра  білуі  және  оны 
қауіпсіздік  ережелеріне  сай  дұрыс  орындай  білуі;  бӛлшектерді  дұрыс  құрастыру 
технологиясын  және  оны  жетілдірудің  бағыттарын  үйрете  білуі;  интеграциялық  сабақ 
барысын жүйелі жүргізу; мұғалім оқушылармен ӛз қарым-қатынасын дұрыс жолға қоя 
білуі сияқты кӛріністермен белгіленеді /2/. 
Демек,  жеке  тұлғаны  шеберлікке  қалыптастыруда  білім  беру  мен  оқытудың 
маңызы  зор,  әрі  бұл  екеуі  де  бірлікте.  Олай  дейтін  себебіміз,  білім  беру  –  оқытудың 
нәтижесі, оқыту – білім берудің негізгі жолы. Технологиялық оқыту әдістемесін дұрыс 
ұйымдастыру  мектептің  техникалық  базасына  тікелей  байланысты.  Себебі,  сабақ 
жоспарын  экологиялық  және  экономикалық  білім  берумен  қатар,  техникалық-
технологиялық және ақпараттық технологияны кіріктіре дайындау нәтижелі болуда. 
Дәстүрлі  ӛнерді  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерін  мұғалім  меңгеріп  пайдалануға 
тиісті  болса,  енді  оқушылар  да  ӛзіндік  іс-әрекетінде  халқымыздың  жалпы  қолӛнер 
бұйымдарын жасаудағы әдіс-тәсілдерін меңгеріп, пайдалану талап етіледі. 
Білім  беруді  ізгілендіру,  оқыту  әдістерін  жетілдіруді,  әсіресе  ұлттық  ӛнердің 
негізінде дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді. Жан-
жақты 
жетілген 
кәсіби 
мамандығының 
болуы, 
сабақта 
педагогикалық 
шығармашылықпен  жүйелі  де  кешенді  тақырыптар  барысында    толық  техникалық-
технологиялық мағлұматтар беру – талап деңгейіндегі оқу үдерісінің нәтижелі болуына 
ықпал етеді. Олар тәжірибемен үнемі жетілдіріліп, тереңдетіліп, байытылып отырады. 
Педагогика әдістемесі - ӛзіндік мақсаты бар да үздіксіз дамыған ғылым. Әрбір дамыған 
жеке  ғылымдар  белгілі  бір  санаулы  ұстанымдардан  басталып,  басқа  компоненттері 
соларға  сүйене  отырып  түсіндіріледі  де,  барлық  ұғымдар  мен  заңдылықтар  соларға 
негізделіп, жүйеге келтіріліп теория құрайды /3/. 
Технологиялық білім саласы, еңбек дағдыларының негізін құрайтын техникалық, 
кӛркем, ауылшаруашылық және әр түрлі техникалық қызмет кӛрсету еңбегі түрлерінен 
оқушыларды танымдық, білімдік және дамытушылық қабілетке тәрбиелейді. 
Мектептегі  сыныптардың жоғары сатысындағы оқушыларға бейінді  білім беруді 
оқыту  процесінің  құрылымын,  мазмұнын  және  тәрбиені  ұйымдастыру  жақтарына, 
оқушылардың  еңбекке  деген  қызығушылығын  ескере  отырып,  олардың  қабілетін 
дамытуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау әдістемелігін айқындай түсуде. 
Қазіргі  оқыту  мен  тәрбие  берудің  ең  маңызды  деген  іс-әрекеттік,  тұлғалық-
бағдарлық,  құзіреттілік  және  денсаулық  сақтаушы  тәсілдері  айқындалды.  Болашақ  12 
жылдық  мектептің  мұғалімі  осы  айқындалған  тәсілдерді  негізге  алып,  оқушы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
24 
тұлғасының  әлеуметтік  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  неғұрлым  толық  кӛрсетуге, 
тұлғалық сапалар кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі 
құзіреттіліктерді  қалыптастыруға  бағытталған  бағдарламаларды,  оқу  және  оқудан  тыс 
іс-әрекетті  ұйымдастыру  арқылы  қол  жеткізеді.  Жеке  және  ұлттық  құндылықтар 
ретінде  оқушы  денсаулығын  нығайту,  салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру 
мәселелерінің  шешілуін  қамтамасыз  ететін  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыруда 
психикалық  және  дене  бітімі  жағынан  дені  сау  тұлғаның  дамуын  қамтамасыз  ететін 
денсаулық  сақтау  заттық-кеңістіктік  орта  құру  керек.  Жаңа  стандарт  талаптарына 
сәйкес  білім  беру  үрдісінде  оқушыларға  негізгі  құзіреттіліктерді  қалыптастыру 
технологиясы  ретінде  ақпараттық  коммуникациялау  негізінде  жобалау,  зерттеу  іс-
әрекеттерін қалыптастыру жоспарланған. 
Болашақ  технология  пәні  мұғалімі  -  табиғат  ӛнімдері  мен  шикізат 
материалдарының  күйін,  қасиетін,  формасын  ӛзгертіп,  ӛңдейтін  және  оларды  
дайындауға, жобалауға, оқушылардың іс-әрекетін, білімі мен ептілігін қалыптастырып, 
ата-баба дәстүрін жалғастыратын, ел экономикасын ӛркендетуге үлесін қосатын, қоғам 
талабына сай келетін болашақ жұмысшы, кәсіпкерлерді дайындайды. 
Күтілетін  нәтижелерге  бағытталған  жаңарған  білім  мазмұнын  жеке  тұлғаға 
жеткізетін,  педагогикалық  қызметке  ынтасы  жоғары,  білім  беру  саласындағы  үнемі 
жаңарып  отыратын  ӛзгеріске  икемді,  жаңа  технологияларды  оқу-тәрбие  үрдісінде 
қолдана алатын мұғалімдерді даярлау – бүгінгі күннің  ең кӛкейкесті мәселелерінің бірі.  
Еліміздің  президенті  Н.Назарбаев  педагогикалық  оқу  орындарының  алдына 
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алатын жаңа нобайдағы мұғалімді даярлау міндетін  
қойды. 
Осы  айтылғандарға  байланысты  бүгінгі  күнгі  мамандарды  даярлаудың  жоғары 
дәрежеде кӛрінетін тұлғалық сипаты оның жалпы және кәсіби мәдениетінде деп түсіну 
қажет. 
Мәдениет дегеніміз - адамның ойлау, айнала  қоршаған ортаға талдау  жасай білу 
қабілеті мен сапасы, білім деңгейі, біліктілігі, іскерлігі, еңбекке деген қатынасы, жалпы 
тәрбиелілігі,  қызығушылық  шеңбері,  күнделікті  іс-әрекет  кӛрінісі,  мінез-құлқы  және 
т.б., ол адамның ішкі адамгершілік заңдарының кӛмегімен танылады. 
Кәсіби  мәдениет  дегеніміз  -  қоғамның  әрбір  кәсіптік  қызметтегі  адамдардың 
мәдениет деңгейіне қоятын талабы. Ол әрбір адамның кәсіби қызметін кез келген еңбек 
түрін  орындаудың  жалпы  ең  жоғары  нормасына  дейін  кӛтереді.  Кәсіби  мәдениет 
тұлғаның  әлеуметтік  тұрғыда  толығуының  маңызды  кӛрсеткіші  бола  отырып,  ӛзінің 
маңызын  қоғамда  анықтай  түсетін  тұлғалық  білім,  біліктілік,  іскерліктің  жиынтығы  
болып табылады. Ол жеке адамның әлеуметтік деңгейде кӛрінуіне керекті жағдай және 
адамның кәсіби іс-әрекетінде жалпы мәдениетінің болу құралы ретінде қызмет етеді. 
Барлық кәсіптік мәдениеттің жүйесін құрушы элементтерді үш деңгейді қамтитын 
кәсіптік  этикаға  бӛлуге  болады:  кәсіби  еңбектің  нәтижесін  қажет  етушіге  деген 
адамгершілік  сипаттағы  қарым-қатынас;  ұжымы  мен  сол  саладағы  қызметтес 
әріптестеріне  деген  адамгершілік  сипаттағы  қарым-қатынас;  ӛзінің  кәсібіне,  еңбегіне, 
ұжымына деген жеке тұлғаның адамгершілік сипаты. 
Жалпы  мәдениет  -  кәсіби  білім  мен  іскерлікті  шыңдай  түсудің,  сонымен  қатар 
оны қызмет түріне ұштастырудың қайнар кӛзі. Маманың жалпы мәдениеті оның кәсіби 
қызметіне  айқын  әсер  етеді.  Жалпы  мәдениет  тұлғаның  зиялылық  қасиеттері  арқылы 
кӛрінеді, 
Зиялылық (латынның intelligentis сӛзінен шыққан - білетін, түсінетін, парасатты) - 
адамның мәдениетке, парасатқа, тусінуге ден қоюшылығынан, мәдениеттің құндылығы 
мен қажеттілігін түсінуінен кӛрінетін қабілет. 
Маманның  жалпы  мәдениетін  құраушылар  оның  кӛсіптік  мәдениетінің 
бӛліктеріне  айналады  және  керісінше  кәсіптік  мәдениеттің  дамуы  маманның  жалпы 
мәдениеті  деңгейінің  ӛсуіне  орай  келеді.  Осындай  құраушылардың  қатарына  саяси, 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
25 
адамгершілік,  құқықтық,  ұйымдастырушылық,  психологиялық,  педагогикалық  және 
басқалай аспектілері жатады. Қоғамның, ӛндірістің, мәдениеттің дамуымен байланысты 
әлеуметтік ӛмір де күрделеніп, оқу мерзімі ұзарып, адамнан белсенді қоғамдық ӛмірге 
бейімделе түсуін қамтамасыз етеді. 
 «Ел ертеңі — білімді ұрпақ» демек, ертеңгі күннің еңсесін биіктетіп, болашағын 
бағдарлауда  тәрбиелі,  білімді  ұрпақ  даярлауда  ұстаздың  ұқтырар  ұлағатының  ұшан-
теңіз  мол  болуымен  қатар,  кәсіби  деңгейде  шебер  болуы  керек.  Қазіргі  оқу-тәрбие 
процесіне  байланысты  мұғалімнен:  оқушы  танымына  жеткізгелі  тұрған  тақырыптың 
нақты  ӛмірдегі  кӛкейкестілігі  мен  маңыздылығын,  шаруашылық  саласындағы  алатын 
орнын  және  тиімділігін,  орындалатын  технологиялық  жұмыс  кӛлемі  мен  оның 
орындалу  технологиясын,  экологиялық  және  экономикалық  түсініктемелер,  заттың 
дизайны мен эстетикалық кӛрінісі, қолданылатын шикізат пен оның шығыны, уақытты 
тиімді пайдалану, т.б. кезеңдерді жүйелі де ғылыми тұрғыда түсіндіруді талап етеді. 
Қорыта  келгенде,  мектеп  тек  қана  орта  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  бірге 
жасӛспірімдерге  арнаулы  еңбек  даярлығын  үйретіп,  кәсіптік  даярлықтан  ӛткізу  керек 
деген  идея  осы  реформалардың  негізі  болып  отыр.  Мектеп  оқушыларының  кәсіби 
қызығушылықтары  негізінен  алғанда  оқу  (танымдық)  іс-әрекеті  кезінде  қалыптасады 
да,  ӛндірістік  еңбекте бекітіліп,  кейіннен  мамандық  таңдауда  кӛмекші  әсерін  тигізеді. 
Сонымен қатар жасӛспірімнің санасында ӛзін болашақ кәсіпкер, мамандық иесі ретінде 
сезінуі,  ӛндірістің  әр  саласында  қызмет  жасап  жүрген  адамдарға  еліктеуі  мамандық 
таңдауын  жетілдіреді.  Ғылыми-техникалық  прогрес  жағдайында  ӛндірістік  күштердің 
жедел дамуы, ӛндірістің автоматтандырылуы  мен жаңа технологиялардың ӛмірге енуі 
және нарық қатынастарына бейімделген қазіргі экономикаға зәру мамандарды даярлау 
күн тәртібіне қойылып отыр. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Машенбаев Т. 12 жылдық мектеп мұғалімінің  кәсіби педагогикалық  бағыттылығы. 
// Қазақстан мектебі.-2009. №10. -62б. 
2.
 
12 жылдық оқу мерзіміндегі  технология пәні және мұғалім. //Педагогика мәселелері. 
№ 1-4/ 2007.  
3.
 
Беркімбаева Ш.К.,Құсайынов А.Қ., Рысбаева А.Қ., Бұлақбаева М.К. Жоғары мектеп 
педагогикасы. – Алматы, 2009.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жалпы  білім  беретін  мектептерді  12  жылдық  оқу  мерзіміне  кӛшіруге 
байланысты,  технология  пәнінде  оқушыларды  жаңа  технологиялық  бағытпен  оқыту 
әдістемесі қарастырылған. 
РЕЗЮМЕ 
В статье  рассмотрена новая технология обучения учащихся на уроках технологии 
в школах с 12 летним образованием. 
 
 
 
ӘОК 371.036 
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЕҢБЕККЕ 
БАУЛУҒА ҦЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ 
 
Бакжанова А.Ж.- оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)  
 
Қазіргі  уақытта  білім  берудің  мақсаттарын  қысқаша  түрде  алдыңғы  ұрпақпен 
құрылған  рухани  құндылықтарды  жас  буынға  тапсыру,  қызмет  түрлерін  игеру,  атап 
айқанда  ғылым  технологиясын  игеру  (білімдерді  игеру),  еңбектің  жаңа 
технологиялары, 
шығармашылық 
қызметтің 
тәжірибесіне 
ие 
ақпараттық, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
26 
постиндустриалды  қоғамда  ӛмір  сүріп,  әрекет  етуге  қабілетті  жан-жақты  дамыған 
тұлғаны қалыптастыру ретінде тұжырымдауға болады.  
Білім  берудің  басты  мақсаты  мынадай:  тұлғаның  дамуы  ол  ӛзін  қоғамға,  оның 
мақсаттары,  қажеттіліктері  мен  мақсат-мұраттарға  барынша  бейімделгендігін 
сезінетіндей  бағытта  жүзеге  асырылып,  бір  уақытта  жоғарыда  аталған  құндылықтар 
гуманизм негіздері мен қағидаларына негізделуі тиіс. Оқытушылық жүйе ӛзінің барлық 
түрлерінде осыған тәуелді болуы тиіс /1/.  
Бүгінгі  таңда,  барлық  қазіргі  тәрбиелеушілердің  ортақ  міндеті  әрбір  баланың 
бойында  қайталанбас  адамдық  дербестік,  адамгершілік  құндылықтарына  бағытталу, 
белсенді азаматтылық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту болып отыр.  
Білім  берудің  алдында  тұрған  міндеттердің  бірін  Шадриков  В.Д.  ӛз  жұмысында 
былай айқындады – бұл идеологиялық ойлау қабілеті жоқ тұлғаны, яғни конструктивті 
ойлайтын,  кӛптеген  ақиқаттың  болуына  жол  беретін  және  кӛптеген  ақиқатты  табиғи 
құбылыс  ретінде  қабылдайтын  тұлғаны,  ақиқатты  іздеудің  Сократтық  жолы  бойынша 
ақиқатты  анықтау  мақсатында  сыни  кӛзқарасты  ұстанатын  ӛзге  тұлғаның  айқындама 
кӛзқарасын  құрметтейтін  тұлғаны  тәрбиелеу.  Бәлкім,  дәл  осында  оқытушылық 
парадигманы ауыстыру сияқты басты міндет жатыр – ақиқатты ашуға ұмтылған ашық, 
адамгершіл, шыдамды, идеологиялық емес ойлауды тәрбиелеу /2/.  
Еліміздегі қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың оң бағыттағы сәті бүтіндей білім 
беру  жүйесінің  деидеологизациясы  мен  жоғары  оқу  орындарының  міндетті 
бағдарламаларына  мәдениеттану  және  философия  тарихы  пәндерін  енгізу  болып 
табылады. Бұл халықтың жалмы мәдениеттілік деңгейінің артуына ықпал етіп, жоғары 
кәсіби ғана емес,  жалпы мәдени дағды және білімдерге ие ЖОҚ түлектерінің нарықтық 
жағдайдағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.  
Мектептегі  идеологиялық  емес  ойлауды  қалыптастыратын  қуатты  құралдардың  
бірі ұлттық дәстүрлерге жүгіну болып табылады.  
В.А.  Сухомлинский  атап  ӛткендей,  мектептің  ең  бірінші  орнындағы  міндеттері 
әрбір  адамның  бойынша  жаратушыны  ашып,  оны  тӛл  шығармашылық  және 
толыққанды  интеллектуалды  еңбек  жолына  қою  болып  табылады.  «Әрбір  оқушының 
бойынан  қайталанбас  дербес  дарынды  тану,  анықтау,  ашу,  ӛсіріп,  шығару  –  тұлғаны 
адамдық ар-намыстың гүлдену кезеңіне дейін кӛтеруді білдіреді».  
Тәрбиелеудің  мазмұны  дамушы  баланы  жалпыадамдық,  мәңгі  құндылықтарға 
бағыттау,  оларды  ұлттық  мәдениет,  ұлттық  дәстүр  мен  қоғамның  қажеттіліктерін 
ескеру арқылы әрбір оқушының жеке құндылықтарына ауыстыру болып табылады. Бұл 
құндылықтарға мыналарды жатқызуға болады: 
1. Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық заттардың шамасы». 
Тұлға  ұғымы  әркез  гуманистік  педагогиканың  негізгі  ұғымы  болған  сияқты,  адам 
мәселесі  әрқашан  философияның  басты  мәселелерінің  бірі  болды.  Адам  ӛркениет 
дамуының  құралынан  мақсатқа  айналған  қазіргі  заманда,  бала  тұлғасы  тәрбиелеу 
тәжірибесіне тигізетін ықпалы аз асқан міндеттен шынайы құндылыққа айналып отыр.  
2. Отбасы – қоғамның бастапқы құрылымдық бірлігі, болашақ тұлғаның негіздері 
қаланатын  баланың  алғашқы  ұжымы  мен  оның  табиғи  даму  ортасы.  Адамдар 
санасында  отбасы  түсінігін  ең  жоғары  адамгершілік  құндылық  ретінде  қайта 
жандандыру үшін, мұны бала кезден бастаған жӛн.  
3.  Еңбек  –  адам  болмысының  негізі,  адам  ӛмірінің  табиғи  мәңгі  жағдайы. 
Балаларды  еңбекке  баулу  әркез  тәрбиелеудің  маңызды  бӛлігі  болып  келеді. 
Оқытушының  міндеті  –  балалар  еңбегін  жандандыру,  оны  жасампаз  әрі  шығармашыл 
ету,  ӛз  ӛмірлерінде  адал  еңбектің  арқасында  жетістіктерге  жеткен  адамдарды 
құрметтеу,  қайырымдылық,  риясыздық,  шығармашылық  жақсылыққа  тәрбиелеу. 
Балалардың  бойында  іскерлікті,  адал  серіктестік  сезімін  тәрбиелеу,  экономикалық 
білімдердің негіздерін игеру ӛзектілікке ие.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
27 
4.  Білім  –  түрлі,  ең  алдымен  шығармашылық  еңбектің  нәтижесі.  Оқушылардың 
білімі – оқытушы еңбегінің шамасы. Білімнің тәрбиелік мәні мынада: ол мақсатқа жету 
–  оқушы  тұлғасының  даму  құралы  болып  табылады.  Бала  субъектілік  айқындама 
кӛзқарасты  ұстанып,  білім  адамгершілік  бағыттылыққа  ие  болатын  білім  ғана  тәрбие 
бере алады.  
5.  Мәдениет  –  ұлы  байлық.  Адамзаттың  адамдар  ӛміріндегі  рухани  және 
материалдық  саладағы  кӛрген-білгені,  адам  қабілеті  мен  шығармашылық  күштің  ең 
жоғары  кӛрінісі.  Тәрбиелеу  мәдениетке  сәйскес  болуы  тиіс.  Оқытушының  міндеті  – 
оқушыларға  ӛз  халқының  мәдениетіне,  оның  әлемдік  қазынасына  қатынасуға 
кӛмектесу.  
6.  Отан  –  ата-бабасынан,  тағдырдан  берілген  әрбір  адамның  жалғыз  атамекені. 
Оқутышының  міндеті  -  ӛз  халқының  тарихына  деген  ұқыптылық  пен  құрмет  сезімін 
тәрбиелеу.  
7. Жер – адамдар мен тірі табиғаттың ортақ үйі, оның болашағының бүгін ӛсіп-ер 
жеткен  кешегі  балалардың  қандай  қатынаста  болатындығына  байланысты  екенін 
түсінгеніміз  абзал.  Әлемнің  ортақ  бейнесін  құра  алатын  білім  беру  саласындағы 
біріктіру үдерістері мен экологиялық тәрбиелеудің баға жетпес маңызы зор.  
8.  Бейбітшілік  –  адамдардың  арасындағы  тыныштық  пен  келісім.  Адамдардың 
бойында  кез  келген  халықтар  мен  ұлттарға  деген  сенімсіздік  пен  күмәнді  жою, 
бейбітсүйгіштікті  тәрбиелеу,  әрбір  мектепте  азаматтық  бейбітшілік  пен  ұлтаралық 
келісім жағдайын қалыптастыру сияқты тәрбиелеу міндеттері үлкен ӛзектілікке ие.  
Қазіргі мектептердегі білім беру қағидаларының арасында: 
Гуманизация – оқушының шығармашылық дербестігін танытуға кең мүмкіндіктер 
берілетін,  ӛзара  оқыту,  байыту,  эмоционалды  жағымды  қатынас  (коммуникативті 
«резонанс»)  тәртібінде  оқытушылар  мен  оқушылардың  (субъект  –  субъектілік 
әрекеттестік)  бірлескен  шығармашылығы  жүзеге  асырылатын  жалпы  білім  алудың 
ыңғайлы жағдайларын құруды қарастырады, ол үшін белсенді оқытудың оқытушылық 
технологиялары, әдіс-тәсілдерінің барлығы дерлік қажет. Білім беруді гуманизациялау 
–  адамның  рухани  дамуының  маңызды  ынтасы,  жалпы  және  рухани  даму  деңгейі 
оқытушы мен жалпы мектептің еңбек сапасының критерийіне айналды /3/.  
«Гуманизация»  ұғымы  кең  мағынаға  ие,  терминнің  ӛзі  «гуманды»  -  адамгершіл, 
адамгершілікті, кӛзі ашық саналы адамға тән, адамсүйгіш, мейірімді, қайырымды деген 
сӛзден туындаған.  
Гуманистік  тәрбиелеудің  мақсаты  –  жан-жақты  білім  алған,  жоғары  мәдениетті 
және азаматтық белсенді кӛзқарастарды ұстанатын адам болып табылады.  
Гуманизация  –  білім  беру  үдерісінің  полисубъектілі  болмысын  бекітетін  жаңа 
оқытушылық  ойдың  шешуші  элементі.  Бұл  жағдайда,  білім  берудің  негізгі  мағынасы 
тұлғаның  дамуы  болып  табылады.  Гуманизацияның  міндеті  –  барлық  мүмкін 
жолдармен  баланың  дамуына  жәрдемдесу.  Білім  берудің  гуманизациясы  тұлғаның 
жалпы мәдени, әлеуметтік-адамгершілікті және кәсіби дамуының бірлігін қарастырады.  
Адам  жоғары  білімді  болумен  қатар,  жамандық  пен  зорлыққа  қарсы  күресіп, 
қоғамда адамдардың бір біріне, олардың еңбектерінің жемісі, табиғатқа деген шынайы 
адамдық  қатынасты  орната  білуі  қажет.  Қазіргі  уақытта  қоғам  адамгершіл  адамдарға 
зәру,  себебі  олардың  гуманистік  бағыттылығы  күн  санап,  адамзат  ӛміршеңдігінің  ең 
қажетті шарттарының біріне айналып келеді.  
Гуманитаризация.  Қоғам  ішінде  білім  беру  арнайы  дайындықпен  қатар,  тұлғаны 
тәрбиелеп,  оның  бойында  азаматтық  қасиеттерді  тәрбиелеп,  адамды  ӛзгермелі  әлемде 
ӛмір сүруге үйретіп, жаңа ақпаратты игеру және тиімді шешімдерді қабылдау қабілетін 
дамытуы тиіс деген түсінік бар.  
Гуманитаризация – ғылым мен білім дамуының әдістемелік қағидасы ретінде, ең 
алдымен,  бүгінгі  таңда  айқын  анықталған  мәдениеттің  гуманитарлық,  жаратылыс 
ғылымдық  және  техникалық  құрамдас  бӛліктерге  жіктелуіне  қарсы  күресумен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
28 
байланысты.  Біздің  ойымызша,  гуманитаризация  –  білім  беру  жүйесінде  (мектеп, 
арнайы  оқу  орындары,  ЖОО  және  т.б.)  зерттелетін  гуманитарлық  бағыттағы  пәндер 
санының артуы ғана емес, барлық курстар мазмұнының, атап айтқанда, жаратылыстану 
ғылымдары, білім берудің технологиялық және интегративті салаларын қоршаған әлем 
мәселелерін  философиялық  түйсіну,  гуманистік  құндылықтарға  бағыттау  болып 
табылады.  
Білім  берудің  гуманитаризациясы  -  білім  беру  мазмұнындағы  жалпы  мәдени 
құрамдас  бӛліктердің  басым  дамуына  және  осы  арқылы  тұлғалық  есеюді 
қалыптастыруға бағытталған мен іс-шаралар жүйесі.  
Білім интеграциясы – ғылымда да, білім беруде де үздіксіз ӛзгермелі әлем және ол 
туралы  білім  жағдайында,  білім  берудің  мазмұнын  және  ғылымның  икемділігі  мен 
ұтқырлығын арттыру тәсілдерінің бірі ретінде кӛрінеді /4/.  
Дифференциация  –  интеграцияға  диалектикалық  қарама-қарсы  қағида. 
Ғылымдағы дифференциация үрдісі, ең алдымен, ғылыми пәндер, ғылыми салалар мен 
бағыттардың  артуынан  кӛрініс  табады.  Алайда,  осы  арқылы  ғылымдағы  интегративті 
үдерістер  жаңа  пәнаралық  зерттеулер,  бағыттар  мен  пәндердің  қалыптасуына  алып 
келеді.  Дифференциация  оқытушының  мүдделері,  иекемділігі  мен  қабілеттерін 
қанағаттандыру,  оның  дамуын  есепке  алу  үшін  соңғы  нәтижеге  қол  жеткізудің  жеке 
оқытушылық траекторияларын таңдаудың кең ауқымды мүмкіндіктерін ашады, ал бұл 
оқыту жағдайлары мен оқытушылық тәсілдердің барынша кӛптүрлілігін қажет етеді /5/.  
Аймақтылық қағидасы білім берудегі ұлттық және мәдени дәстүрлердің аймақтық 
құрамын, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың есепке алынуын, білім 
беру  құрамында  жалпы  адамдық  және  ұлттық  мәдениеттің  үздік  дәстүрлерінен 
құралатын осы үдеріскен тәін ақпараттың қолданылуын қарастырады.  
Ӛзінің  «Қазақстан  Федерациясында  оқушылар  мен  жастарды  тәрбиелеудегі 
аймақтық-ұлттық  факторлар»  атты  тезисінде  профессор  Г.Ц.  Молонов  жеке  аймақ 
ретінді  әрбір  аумақтың  ӛз  мәдение  ерекшеліктерінің  барын  айтады.  Әрбір  халықтың 
салт-дәстүрі,  тұрмыс  пен  байланыс  мәдениетін  дамытатын  ӛзіндік  рухани, 
гуманитарлық мәдениет қалыптасады. Олар түсініктер, әдеттер, сезім мен ырыққа әсер 
етеді.  Мұның  барлығы  тұлғаның  сипатын,  болмысы  мен  анықтылығын 
қалыптастырады.  Ақыр  соңында,  осылайша,  рухани  байлық  қалыптасады.  Ол  жалпы, 
ерекше  және  бірлік  күйде  болуы  мүмкін.  Аймақтық  факторды  есепке  алмау  немесе 
пайдаланбау  ерекшенің  маңызын  азайтса,  ұлттық  шеңберде  –  ерекше  және  бірлік 
аспектілерінде тәрбиеліліктің даму үдерісін әлсіретеді.  
Осылайша,  біз  оқытушылық  үдерісіндегі  ең  маңызды  деп  танылған,  қазіргі 
мектептердегі білім берудің негізгі бес қағидасын ажыратып алдық.  
Бір  жағынан,  оқытушы  ӛз  оқытушыларын  осы  сәттегі  белгілі  бір  әлеуметтік 
жағдай, қоғамның нақты сұраныстарына дайындайды. Ал басқа жағынан, ол мәдениетті 
сақтаушы  және  ӛткізуші  бола  отырып,  тұрақты  факторға  айналады.  Адамзат 
мәдениетінің  барлық  байлықтарының  синтезі  ретінде  тұлға  дамуын  мақсат  тұтқан 
оқытушы болашаққа жұмыс істейді.  
Адам  мәдениетті  құрастырушы  деген  тұжырым  дұрыс  болса,  кері  пікірдің  де 
дұрыстығына  дау  жоқ:  адамның  ӛзін  кӛп  жағдайда  мәдениет  құрастырған.  Мәдениет 
ерекше  түрдің–  адам  іс-әрекеті  жүйелерінің  біртұстастылығы  болып  табылады.  Ӛз 
дамуында  ол  ӛзінде  және  ӛзімен  тіршілік  ететін  адамдардан  тәуелсіз.  Мәдениет 
құндылықтары  адамның  табиғатқа,  қоғамға,  бір-біріне,  дене  мен  рухтың 
қажеттіліктеріне,  тануға,  шығармашылық  пен  сұлулыққа  қарым-қатынасын 
айқындайды.  
Гуманизм  адам  тұлға  ретіндегі  құндылығын,  бостандық,  бақыт  пен  қабілеттерді 
дамытуға  деген  құқығын  мойындайтын  жаңа  дүниетаным  жүйесі  болып  табылады. 
Гуманистік дүниетаным мәдениет пен оның адамға деген қарым-қатынасында тӛңкеріс 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
29 
жасады.  Адамның  мақсаты  жанын  сақтап  қалу  емес,  шығармашылық  пен  қоғамға 
қызмет ету болып табылады.  
Ұстаз еңбегінде әрқашан гуманистік, жалпы адамдық бастау бар. Оларды саналы 
түрде  бірінші  қатарға  шығару,  болашаққа  қызмет  етуге  деген  талпыныс  барлық 
заманның  үрдісті  оқытушыларын  сипаттап  келеді.  Осылайша,  19-ғасырдың  белгілі 
оқытушысы  және  білім  беру  саласының  қайраткері,  неміс  оқытушыларының 
оқытушысы  атанған  Фридрих  Адольф  Вильгельм  Дистервег  тәрбиелеудің  жалпы 
адамдық мақсаттарын ұсынған  
болатын: ақиқат, жақсылы пен сұлулыққа қызмет ету. «Әрбір адам, әрбір ұлттың 
бойында  адамдық  аталатын  ойлардың  бейнесі  тәрбиеленуі  тиіс:  бұл  игіліклі  жалпы 
адамдық мақсаттарға ұмтылу».  
Ұлттық 
тәрбиелеудің 
құндық 
жақтарына 
назар 
аударған 
алғашқы 
оқытушылардың  бірі  танымал  славян  ойшылы  Ян  Амос  Коменский  болатын.  Ӛз 
еңбектерінде ол әрқашан жаппай бұқараның тұрмыс салты мен болмысына кӛңіл бӛліп, 
адамдардың  жағымды  тәрбиелеу  дәстүрлеріне  сілтеме  жасап,  ұлттық  педагогика 
ескерткіштерін жинап, оларды ӛз оқулықтары мен оқу-құралдарында пайдаланған.  
Ұлттық тәрбиелеудің теориялық негіздерін ұлы орыс оқытушысы К.Д. Ушинский 
қалады.  Еуропа  халықтарының  білім  беру  сипатын  мұқият  зерттеп,  К.Д.  Ушинский 
әрбір  халықтың  ӛзіндік  тәрбиелеу  жүйесі  бар  деген  қорытындыға  келді.  «Орыс 
тәрбиелеуіндегі  адамгершілік  элементі  туралы»  мақаласында  ол  былай  жазды: 
«Тәрбиелеуді ойлап табу талпыныстарымыз бекер: орыс халқының тәрбиесі халықтың 
ӛмір сүру уақытынан бері бар, - онымен сіңісіп, ӛсіп, ӛз бойына оның тарихын, барлық 
жақсы және жаман жақтарын жинады». Бұл ұрпақтан ұрпақ ауысып, Қазақстанның жас 
буыны ӛскен «жер». Оның ӛзіне, оның талаптары, күші мен кемшіліктеріне ыңғайласу 
арқылы оның құнарландырып, жақсартуға болады.  
Біздің  кӛпұлтты  еліміздің  қазіргі  даму  кезеңі  түрлі  халықтардың  бұрынғы  ӛмірі, 
ұлттардың  рухани  құндылықтары,  отандық  және  жалпы  адамдық  мәдениетке  деген 
қызығушылығын арттырып келеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Сатқанов  О.  Еңбекке  үйретудің  әдістемесі  мен  практикалық  іс-әрекетінің 
бағдарламасы. – Алматы, 1992  
2.
 
Сатқанов Еңбек сабақтарында қазақ ӛнеріне баулу. – Алматы: Рауан 1992 
3.
 
Жалпы  білім  беретін  қазақ  мектебінің  бастауыш  сыныптарында  еңбекке  үйретуді 
ұлттық қолӛнер негізінде жетілдіру. Канд. диссертация – А. 1993 
4.
 
Дюсалиева  Б.Ж.  Трудовое  обучение  и  воспитание  в  школах  Қазақстане.  Канд. 
диссертация – Алматы, 1979 
5.
 
Әлімбекова  С.Ш.  Мектептің  еңбекке  дайындау  бағытында  5-9  сыныптың  оқушы 
қыздарының  этностық  мәдениетін  қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары.    – 
Түркістан, 2008.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  «Технология»  білім  беру  саласында  ұлттық  мәдениет  элеметтері 
қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  технологические  пути  применения  национальных 
культурных элементов.   
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
30 
ӘОК 687.16 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет