Шәкіртақылық байқауының ережесі І. Жалпы ереже


IV. Байқаудың іріктеу кезеңдері



бет4/5
Дата15.03.2023
өлшемі93 Kb.
#74638
1   2   3   4   5
IV. Байқаудың іріктеу кезеңдері

4.1. Шәкіртақылық байқау 2 (екі) турдан тұрады, әрқайсысының нәтижесі бойынша ең үздік ізденушілер таңдалады.


4.2. Бірінші тур – 2023 жыл 02 – 16 наурыз аралығында өтеді.


4.2.1. Уақытылы келіп түскен өтінімдер рецензияланып, тәуелсіз сарапшылармен келесі критерийлер байынша сырттай бағаланады:

  1. жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер);

  2. мамандыққа қатысты жарияланымның болуы;

  3. студенттік өмірде белсенділік;

  4. еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы;

  5. және т.б.

4.2.3. Бірінші тур нәтижесі ізденушіге электрондық пошта арқылы хабарланады. Екінші турға өткендер тізімі Қор сайтында yessenovfoundation.org жарияланады. Бірінші тур аяқталғаннан кейін 30 (отыз) студент іріктеледі. Байқаудың бірінші іріктеу кезеңінің нәтижелері 2023 жылғы 17 наурыздан кешіктірілмей жарияланады.


4.3. Екінші тур 2023 жылғы наурыздың 24 мен 31 аралығында өтеді.


4.3.1. Екінші турдың ізденушілері онлайн іріктеуге шақырылады, ол жеке немесе топта әңгімелесу/сұхбат түрінде өткізіледі. Осы әңгімелесу/сұхбат барысында ізденушілердің қасиеттері келесі салаларды бақылау арқылы бағаланады:

  1. жалпы байланыс;

  2. құндылықтар мен көзқарастар жүйесі, мотивация;

  3. жалпы белсенділік;

  4. эмоционалды интеллект;

  5. қазіргі әлемнің талаптарын түсіну;

  6. жалпы психологиялық жетілу;

  7. ойлау қабілеті;

  8. ізденушілердің әлеуметтік желілерде ынталандыратын посттар жариялауға дайындығы.

4.3.2. Сұхбаттың ұзақтығы 60 минутқа дейін. Екінші тур соңында 20 студент анықталады. Қажет болған жағдайда Қор қосымша тестілеу өткізуі мүмкін.
4.3.3. Қор байқау қатысушыларына өз шешімдеріне түсініктеме бермеу құқығын өзіне қалдырады.

4.4. Шәкіртақы байқауының жеңімпаздар тізімі 2023 жылдың 03 сәуіріне дейін Қор сайтында yessenovfoundation.org жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет