* * *
235
Қызыл жебе
Алматының аспанында да жаңа көктемнің толғағы бар.
Көгілдір, түпсіз көк әлем. Бір қылау жоқ, бір қылпық жоқ.
Жаратқан құдірет бар екені рас болса, дәл қазір аспанда ол
жасырынар жер жоқ. Жаратқан құдірет бар болса, дәл қазір ол
адамдардың көзіне көрінер еді. Бір жылдан астам уақыттан кейін
күннің көзіне бірінші рет шыққан Рысқұлды көрер еді...
Айдауыл камераның есігін ашып:
– Рысқұл, ағаң келді, далаға шық, – деп сүйінші сұрағандай
болды.
– «Менің қандай ағам бар еді?» – деп Рысқұл дағдарыңқырап
қалған. «Ағаң» дегенде алдымен ойына оралғаны баяғы марқұм
Бердіқұл болды. Су түбінен көрінген суреттей болып Бердіқұлмен
қатар көз алдына Дауылбайдың сүлдері тұра қалды. «Дауылбай да
ағам, – деді Рысқұл. – Ол да алыс емес. Бірақ жазықсыз Бердіқұл
жер жастанып, Дауылбайдың әлі осқырып отырғаны жаман».
Айдауыл Рысқұлды далаға шығарардың алдында аяғына
кісен салды. Түрменің ауласына шыға бергенде жерге күн құлап
түскендей дала жарқ ете қалды. Рысқұл еріксіз екі көзін басып
тұрып қалды. Күн екеш жарық күнді де жатырқауға болады.
Күндіз-түні тас шыңыраудың ішінде жатқан адам, ақ сәулеге
көзі үйрене алмай әз соқырдай түртінектеп әйтеуір алға жылжи
берді. Бірте-бірте көзі жарыққа үйренген соң әуелі, ауланың ішін
таныды. Тақыр қораның ішінде мүмкіндігі бар жерге қылтиып
көк шығыпты. Биік дуалдың сыртындағы нау теректер бүршік
жарып, ашаң жасыл алқа тағынып қалған екен. Аш адамның
тоқ тамақты көтере алмай қалатыны сияқты, кілең қапырық,
тымырсық ауаға дағдыланып кеткен өкпе мына таза ауаға шыдай
алмай сетінегендей.
Екеуі қақпа алдында құшақтасып көрісті. Ахат екі көзі
жасаурап, немере інісіне қайта-қайта қарады. Қара нардай
қайратты бұрынғы Рысқұл жоқ. Бұрынғы қарақошқыл өңі бит
сорғандай боп-боз. Сүзектен тұрғандай, буыршын еті сылынып
түскен.
– Құлыны құдыққа құлаған мама биедей сенің мына
абақтыңды айналшықтап шыға алмай жүрмін, шырағым. Әлгі
236
Қызыл жебе
бастығыңа қайта-қайта барып, сенімен көрісуге әрең мұрсат
алдым. Жолатпайды, әбілет басқырлар.
Ахат қызыл жиек көзін тағы сүртті:
– Тұрар қалай? Тымау-сымаудан аман ба? Сол қозымды
сағындым.
– Аман, Аха. Күндіз жұмысына кетеді, түн баласы біргеміз.
Бірақ бұл күнді де көпсініп тұр ғой. Жақында айыратын шығар.
Қатын-баланы қатырғыға бірге ала кетемін деп губірнатырға
арыз айтқаныма талай болды. Әлі жауап жоқ. Соған қарағанда
созбаққа салды-ау деймін. Иә, өздерің қалайсыңдар? Не болып
жатыр ағайын? Ізбайша қайда? Молдабек қайда?
– Ағайын елге ауған. Молдабек өз үй ішімен бірге Ізбайшаны,
Түйметайды алып Меркеге барамын деп кетті. Жұртта қалған
жалғыз мен. Өзің мұнда жатқанда тұра тұрайын дедім, шырағым.
Қайда асығамын? Сенімен қайыр-хош айтыспай тұрғанда,
ешқайда кетпеймін.
Рысқұл тұнжырап қалды.
– Апыр-ай, бәсе, Ізбайшадан жауап жоқ. Меркеге кеткен екен
ғой. Мыналардың менің арызыма үн қатпай қалғаны сол шығар.
Таба алмай жүрмесін. Бірақ таппаушы ма еді. Әйтеуір, кешікті.
– Ізбайшаны іздетіп, біздің болыс пен старшынды біраз қысса
керек бұларың, – деді Ахат. – Әуелі тоз-тозымызды шығарып
еді. Әйтеуір, құдай рахымы түсіп, мені мазалағанды қойды.
Сенің Шолақ Шабдарыңды маған қайтарып берді. Әне, сыртта
байлаулы тұр. Оны ұмытып кетіппін ғой. Жүр, көресің бе?
«Шолақ Шабдар» дегенде Рысқұлдың құлағы елен етіп, боп-
боз өңіне қызыл рең жүгіріп, кәдімгідей қуанып қалды. Ежелгі
досын көрмекші болып қақпадан мойын соза беріп еді, айдауыл
алдын орап:
– Қайт! – деді.
Бүкіл өмірі ат үстінде өткен адам. тақымы ер-тоқымға тимегелі
де жылдан асыпты. Інісі атты сағынғанын сезген қарт бүкшеңдеп
барып, терекке байлаулы тұрған Шолақ Шабдарды қақпаның
алдына жетелеп алып келді. Рысқұлдың есігіне біткен жалғыз
малы. Рысқұл «тәк-тәк» деп тұмсығынан сипап еді, жануар иесін
таныды ма, кеберсіген үстіңгі ерні қыбырлап, тұтқынның қолын
237
Достарыңызбен бөлісу: |