Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
 
Гүлфайруз –
Мұны мықты жасаған
Ақ тiлектi дос адам. 
Шайқалмайды шаңырақ, 
Берiк болса босағаң 
Осы арқылы енедi, 
Тербетiлер бесiкте, 
Осы арқылы келедi 
Бақыт пенен несiп те 
Босағасыз тұрмайды 
Тұрмайды әсте есiкте. 
Ән: «Ақ босаға». 
Киiз үйдiң жиһаздары 
Қазақтың киiз үйiне лайықталып жасалған үй жиһаздары 
болған. Олар: кебеже, әбдіре, кереует, ағаш жастық, жүк 
аяқ, түс киiз, кiлем. Төсенетiн бұйымдар: алаша, текемет, 
сырмақ, тулақ, құрақ көрпеше; Тұтынатын бұйымдар: аяқ 
қап, кесе қап, тұлып, қоржын; Ыдыс-аяқтар: кесе, табақ, 
ағаш аяқ, күбi, тостақ, қасық, ожау, келi т.б.
Ендi осы жиһаздарға тоқталайық: 
Амангүл –
Болмас үйге түспесек


118 
Түктi кiлем, түс киiз. 
Шалап сусын iшпесек.
Түрлi түстi алаша. 
Кiрсең бәрi дайын тұр,
Оны – мұны елеме, 
Көрпе жастық, құстөсек
Деп қалмашы немене? 
Көп ойланып қалмай-ақ,
Анау тұрған ожаумен, 
Ажыратасын оңай-ақ,
Қымыз торсық, тегене, 
Ағаш төсек, әбдiре,
Iлулi қоржын, аяқ қап, 
Жарасып тұр жүк аяқ.
Адал бақан – бәрi бар. 
Айналаңа қарасаң,
Қалдым менде аяқтап, 
Бәрi – бәрi тамаша.
Ал өздерiн танып ал 
Гүлзат
- Кiлем - сәндi тоқылатын, баспананың жылулығын 
сақтайтын және дыбысын бәсеңдететiн арнайы үй жиһазы. 
Қазақ кiлемдерiнiң кейбiр түрлерi түрiк кiлемдерiне 
ұқсайды. Оларды тоқу ерекшелiктерiне қарай, түктi кiлем, 
тақыр кiлем деп бөледi. Тоқылған жерiне қарай Қызылорда 
кiлемi, Алматы кiлемi, Жамбыл кiлемi деп айтылады. 
Элеонора
- Сырмақ - ою бастырып немесе жиекпен өрнектелiп 
сырған төсенiш үй жиһазын айтады. 
Мәди
- Кебеже – көшiп-қонып жүргенде сүр ет, құрт май 
сақтайтын ағаш тақтайшасынан жасалынып, бетiн ою-
өрнекпен жиектелген, сандықша ыдыс. Ертеде қазақтар 
көшiп қонып кебеженi түйеге теңдеп, жас балаларды соған 


119 
отырғызатын болған. Үйде кебеженiң үстiне абдыра 
қойылып, оның үстiне көрпе – төсектер жиналып 
қойылады. Әбдіре - киiм-кишек салатын, бетi ою - 
өрнектермен жиектелген, үлкен қақпақты қорап ыдыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет