Шыққан рисала



бет10/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Тұр қазақ (копия)

Кәрілер




1
Бір кеңес мен айтайын, ақсақалдар, Әрдайым құлақ салып, сөзімді аңғар, Бас, жамбас, бір малдың бар әр мүшесі, Біл, сондай сіздердің де орныңыз бар.

Жасына пайғамбардың келгеннен соң, Тәубе қып, иман тілеп отырыңдар, Ораза тұт, намаз оқы, әй, кәрілер, Алдыңда сегіз ұжмақ рахметі бар.


Тілден зікір, қолынан тәсбих түспей, Өткендер жылап, қорқып машайықтар, Солардың айтқан сөзін жақсы ұғып, Дін күтіп, өткізіңдер, қариялар!




2


Сіздердей өткен қарттар талай-талай, Артында қатын-бала қалған жылай, Дүниеде құлдық тағат қылмадым деп, Аллаға күнә арқалап, барма солай.

Өліп көрге түскен соң өкінерсіз,


Кез болсаң қиын іске жылап-жылай, Мың малыңнан не пайда өлгеннен соң, Басыңызға байлай ма ер жалғыз тай.

Дүниеге өле-өлгенше көзің тоймай, Кетерсің арманда боп қарай-қарай.




3


Бір шал бар, қазына шал иман күткен, Құдайдан тілек тілеп үміт еткен,
«Я, Алла, жарылқай көр, жалғыз көрде, Жатқанда сақтай көр!» деп зарлық еткен.

Ораза мен намазын қаза қылмай, Тілеген арманына барып жеткен, Өз иманын өзі айтып таһаратпен97,


Дүниеде құрметті боп жандар өткен.


4


Бір шал бар, қазына емес, дүние шалы, Алдында азды-көпті баққан малы, Жасынан көңілі соқыр бір бейшара, Өлмеймін деп ойлайды өзі тағы.

Әупіремдеп жүргенде ажал келсе,


«Әрмен кет!» деп айтуға бар ма халі? Ораза мен намазы жоқ бейшараның, Тығырыққа келіп бір тоқтағаны.

Мен қазақпын дегенге қойса жақсы, Бір Алла азап қылмай, шал деп кәрі.




5


Айта берсем таусылмас шал кеңесі, Кей шалдың жіліншіктей дәл өңеші, Алдына табақ келсе жаудай шабар, Ойламас халықтың бар деп несібесі.

Көзімен өле-өлгенше көңілі тоймас, Бола ма ондай шалдың ақыл-есі, Жексұрын, өзі ашқарақ, жалмауыз шал, Қалмайды елге қадір, берекесі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет