«Шығыстың шоқ жұлдызы Әлия Молдағұлова»



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі34,33 Kb.
#80204
1   2   3   4   5
Жұмыстың мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова өмірі мен тарихына ерекше тоқталу болып табылады.


Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- ғылыми мәліметтермен, тарихи мағлұматтармен таныс болу;
- Әлия Молдағұлова апамыздың тарихын білу, зерттеу;
- зерттелген нәтижеге талдау жасау;
- ғылыми жобаны талдай отырып,қорғау, баға беру.


Жұмыстың практикалық маңызы: Аталған жобаны мұғалімдерге, сондай-ақ, оқушылар мен студенттерге көмекші құрал ретінде қолдануға болады.


Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Елімізге елеулі тұлғаларымызды дәріптеп, олардың тарихи өмір шежіресін қайта жаңғырту.


Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын мәселерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Зерттеудің болжамы: Әлия Молдағұлованың ефрейтор атану себебін анықтау.


Зерттеу пәні: Тарих


Зерттеудің обьектісі: Қазақтың батыр қызы - Әлия


1.Әлия Молдағұлованың өмір тарихы. Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді. Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Санкт-Петербургтегі №9 орта мектепте білім алады. Соғыс басталған жылы балалар үйі Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Әлия осындағы Вятское орта мектебінің 7-сыныбын аяқтаған соң Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі. Алайда 1942 жылы  Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі Орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Сексенге жуық дұшпанның көзін жойған батыр 1944 жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казачиха ауылы маңында болған соғыста ерлікпен қаза тапты. Батыр Новосокольники ауданының Монаково ауылында жерленді. Ол қайтыс болғаннан кейін, 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Міне, Әлияның құрғақ цифрмен жазып шыққандағы бар өмірі осы ғана. Ал сәл кеңірек айтсақ...
«… Сол кезде Әлияның туған анасы Маржан қайтыс болды да, кішкентай Әлия менің тәрбиемде қалды. Кейінірек, 1934 жылдың қазан айында бұрынғы әскери-транспорт академиясына оқуға түстім де, бір жыл өткен соң отбасымызбен қоныс аударуға тура келді. Әулиеатада екінші класты тәмамдаған Әлия біздің семьямызбен бірге Москваға келгеннен кейін Краснопресненск ауданындағы орта мектептің үшінші класында оқыды. Ал осы академия 1939 жылы Ленинградқа көшірілген еді. Сөйтіп, үй ішімізбен Ленинградқа көшіп бардық», — деп жазады нағашысы Әбубәкір Молдағұлов. Нағашысы оқу мерзімі аяқталған соң Ташкентке қызметке кетеді. Ал оның әйелі Сән Молдағұлова жүкті болғасын, жолды көтере алмайтын болғасын балаларға бас-көз болып Ленинградта қалады. Жоқ-жұтаң кезде өзінен кішкентай жиендеріне қамқор болған Әлияны Сән сол үйдің тірегі, таянышы деп есептеді.
Сөйтіп, соғыс басталып, Әлия тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің тәрбиеленушілері түгелдей уақытша Ярославль облысындағы лагерьге жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет