Сифон клизмасын қою
Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.
Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту және жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.
Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы жарық жара немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан зонды шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны оймышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған легенді, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жайманы, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2.Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
3.Кушетка үстіне клеенканы төсеп легенге қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін легенді қойыңыз. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4.Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.
5.Жүйені дайындаңыз. Зондтың саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
6.Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ашып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.
7.Резеңкеге оймышты жалғастырыңыз, оймышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.
8.Дайындаған оймышты 1 литр сумен толтырыңыз.
9.Оймыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), оймышты жаймен жоғары көтеріңіз.
10.Оймышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, оймышты қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты легенге құйыңыз.
11.Оймышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.
12. Оймышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын легенге 10-20 минутка салып койыңыз.
13.Зондты ептеп шығарып алыңыз.
14.Анус тесігі айналасын тазартыңыз.
15.Сифон клизмасына арналған жүйені және оймышты зарарсыздандыру ерітіндісіне салып қойыңыз.
16.Қолғапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |