Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы


Зерттеу жұмысын былайша анықтауға болады



бет30/48
Дата15.12.2023
өлшемі153,84 Kb.
#138679
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Зерттеу жұмысын былайша анықтауға болады:
1.Зерттеу сұрағын айқындау;
2.Ақпарат алатын топты анықтау;
3.Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу;
4.Сауалнаманы құру;
5.Сауалнаманы сынақтан өткізу;
6.Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу;
7.Ақпараттарды талдау.
Сауалнама. Зерттеу жұмысының әдісінің бірі ретінде сауалнама алу қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Мәселені қазіргі таңда көптеген тауар өндіруші немесе сатушы компаниялар тұтынушылардың талғамын білудің бірден - бір жолы ретінде сауалнаманы қолданады. Олардың не ойлап, не сезетіндерін білу үшін кәсіпкерлер, тіпті өкімет миллиондаған доллар жұмсайды. Нақты және сәтті жүргізілген зерттеулер үлкен жетістіктерге әкеледі, ал керісінше нақты жүргізілмеген зерттеулер миллиондаған шығындарға ұшыратуы мүмкін.
Зерттеу жұмысын жүргізу - тақырып туралы пікірлер білудің бірден-бір құралы. Тіпті жергілікті деңгейде ғана жасмалған зерттеу жұмысы стратегиялық жоспардың түбегейлі өзгеруіне ықпал етеді. Кейде теледидар мен газеттерге зерттеу жасалған жұмыстарды жиі кездестіруге болады,дегенмен бұл журналисттер тарапынан жасмалған зерттеу және ақпараттың қайдан келгені жөнінде мәліметтер берілмеуі мүмкін.
Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын сауалнама алынатын немесе жұмысқа қажетті ақпарат алатын топты анықтап зерттеу жұмысының негізгі бөлігі болып табылады.
Топты анықтау барысында мынадай шарттарды ескерген жөн:
- Нақтылық - мүмкіндігінше көп және нақты мәлімет бере алатын адамдардан ақпарат алуға тырысу қажет.
- Бейтараптылық - саяси немесе этникалық жағдайда қоғам мүшелерінен сауалнама алуға талпыну қажет.
- Сапалылық - зерттеу жұмысын жасамас бұрын мәлімет алатын ортаның сапалық ерекшелігін алдын ала тексеріп алған жөн, олай болмаған жағдайда бүкіл зерттеу жұмысы зая кетуі мүмкін.
- Жоспарлылық - зерттеуді бастамас бұрын зерттеу жұмысының статистикалық құрылымы туралы кеңесіп алған жөн.
Сауалнаманың мақсат етілген тобынан алынғандығын тексеру қажет. Сауалнама зерттеу әдісінің көп әдісінің бірі ғана, бір сауалнаманың өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін ескерген жөн.
Қазіргі кезде сауалнама алу ғаламтор арқылы тез, әрі жылдам жүзеге асырылады. Ғаламторды қолдана отырып, электронды поштамен сауалнаманы таратуға болады. Хат жазу арқылы қарапайым пошта қызметін қолдану міндетті емес және сауалнаманы жаяу жүріп тарату бұл жұмыстың басқа түрі. Электрондық пошта арқылы сауалнаманы алу нақты бір адамдардан алуға және олардың жауап беруіне ыңғайсыздық тудыратын сауалдарын қоюға қолайлы әдіс. Дегенмен, кемшілігі: жауапты қанша адамнан қашан алуды білу қиын. Сонымен қатар, тұлғалық ақпаратты жасауды да ойлаған жөн, себебі кейбір елдерде азаматтар туралы ақпарат жинауға немесе қолдануға тиым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет