Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет3/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Белсенді емес (енжар) әдіс – бұл оқытушы әрекеті мен басқаруы басымдыққа ие, ал студенттер - оның нұсқауын орындайтын, енжар тыңдаушы. Оқытушы мен студент байланысы сұрақ-жауап, өздік, бақылау жұмыстары, тест арқылы жүзеге асады. Қазіргі білім беру технологиялары тұрғысынан алғанда бұл оқу материалдарын студенттердің меңгеруі үшін тиімсіз әдіс болып табылады. Дегенмен, оның да өз артықшылықтары бар. Атап айтатын болсақ, оқытушы өзі баяндай отырып, аз уақыт ішінде өте көп ақпарат бере алады.


Онда көбінесе қарым-қатынас орнату, диалог оқытушы тарапынан, бір бағытта жүзеге асады.

Сурет 1. Белсенді емес оқытудағы оқытушы- студент қарым- қатынасы
Белсенді әдіс. Бұл – оқытушы мен студенттердің сабақтың өн бойында өзара белсенді әрекеті жүзеге асатын оқу мен оқыту әдісі. Студенттер - енжар тыңдаушы емес, сабаққа белсенді қатысушы. Студент енжар субъект түрінде көрінетін дәстүрлі оқытуда оқытушы ғана негізгі әрекет иесі және сабақ менеджері болатын болса, бұл жерде ол студентпен тең дәрежелі. Белсенді әдіс оқытудың демократиялық стилін ұстанады. Білім алушы сабақ бойы үдеріске

араласа отырып, барлығын өзі жасауға қатысады: тапсырманы өзі орындайды, талдауға белсене араласады, жаңа тақырыпты меңгеруге атсалысады.






Сурет 2. Белсенді оқытудағы оқытушы- студент қарым-қатынасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет