12
2 – тақырып.
Жарық энергиясы, сипаттамасы,
ӛсімдіктер ҥшін маңызы. Жарыққа байланысты
ӛсімдіктердің экологиялық топтары
Ӛсімдіктер фотосинтездеуші, автотрофты организмдер бол-
ғандықтан жарық (Күн сәулесі) оларға ең керекті абиотикалық
фактор. Топырақтан су және онда еріген қоректік заттарды сіңі-
ріп, ауадан кӛмірқышқыл
газын алып, ӛсімдіктер фотосинтез
процесінде Күн сәулесі энергиясын
пайдаланып органикалық
заттар түзеді (синтездейді). Сонымен бірге, жарық ӛсімдіктердің
морфологиялық формасының қалыптасуына,
жапырақтардың
ішкі құрылымына, хлоропластар формасы мен мӛлшеріне, жал-
пы сыртқы пішініне әсері зор. Ӛсімдіктердің Жер бетінде тара-
луына Күн радиациясы – жарықтың ұзақтығы, қуаттылығы (ин-
тенсивтілігі), спектр құрамының да әсері бар.
Күн радиациясы (яғни, жарық энергиясы) – қуаттылығы
3,86·10
26
Вт электромагниттік сәулелену, толқын ұзындығы 150-
4000 нм. Бұл энергияның кӛпшілігі Ғарыш кеңістігіне шашырап
кетеді, тек 2·10
-9
ғана Жер бетіне жетеді.
Күн энергиясының шамамен 40-50%-ы
толқын ұзындығы
380-720 нм аймаққа жатады және бұл адам кӛзіне жарық болып
кӛрінеді.
Жарық
– ӛсімдіктерге
керекті негізгі абиотикалық
факторлардың бірі, және толқын ұзындығы белгілі мӛлшерлі
кванттар ағыны. Электромагниттік толқындар жиілігіне сәйкес,
олардың энергия қуаты ӛзгереді. Қысқа толқынды электро-маг-
ниттік сәулелердің энергетикалық қуаты ең жоғары болып, ұзын
толқынды сәулелердің қуаты тӛмен болады. Кӛптеген ғалымдар-
дың пікірі бойынша жапырақтағы хлорофилл пигменттерінің
Күн радиациясын қабылдап сіңіретін сәулелері (2 – кесте) тӛ-
мендегідей:
13
2 – кесте
Жарық спектрінің әртүрлі бӛліктеріндегі толқын ұзындығы
және фотондар
Сәуле спектрі
Толқындар
ұзындығы, нм
Кванттар энергиясының қуаты
кДж/моль эВ (электронвольт)
Ультракүлгін
350-400
474,4
3,54-4,88
Күлгін
400-455
292,0
3,02-3,10
Кӛк
455-491
260,6
2,70-2,76
Жасыл
491-550
230,5
2,39-2,48
Сары
550-585
206,6
2,14-2,25
Қызғылт сары
585-647
193,6
2,0-2,07
Қызыл
647-740
176,4
1,82-1,91
Фотосинтез процесі нәтижесінде ӛсімдіктер
қарапайым ор-
ганикалық емес заттардан (СО
2
, Н
2
О) күн сәулесі энергиясын
пайдалану арқылы органикалық заттар түзеді (синтездейді).
Ӛсімдіктердің фотосинтез процесінде сіңіретін (пайдала-
натын) күн
сәулесі
Достарыңызбен бөлісу: