Сынып жетекшісі: Сынып



бет40/44
Дата15.12.2022
өлшемі245,05 Kb.
#57503
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
«Кері байланыс «Менің де қолымнан қайырымдылық жасау келеді» деген жазуы бар плакатқа қатысушылар қолдары бастырылған түрлі түсті қағазға, өз ойларын жазып қояды





Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының
тақырыбы:

Қыздарға қырық өнерде аз

Сынып сағатының мақсаты:

қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Бұрынғы салт - дәстүрді жаңғырта отырып, қазіргі таңдағы қыздарға қазақ халқының тәрбие маңызын, ақыл кеңесін түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Сынып сағатының
түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

«Қыз - елдің көркі» газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Проектор.



Жүру барысын алдын ала үйлестіру


Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


Соңы (бекіту)

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар», т.б.
Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
Оқушыларға тапсырмалар беріледі.
1. Бүйіріңді таянба
2. Үлкеннің алдын кеспе
3. Табалдырықта тұрма
4. Өзің су ішкен құдыққа түкірме
5. Жағыңды таянба
1. Қайта кірер есігіңді қатты жаппа
2. Қайын жұртыңның атын айтпа
3. Келін болсаң, орамалды басыңнан тастама
4. Табалдырықта отырма
5. Тізеңді құшақтама
6. Екі елі аузыңа төрт елі қақпақ
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет