Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет290/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   374
-  өскелең  талап”  сияқты  сөйлемдер  мағына  жағынан  тиянақты,  оқыр-
манға айтылар ой контекссіз де түсінікті делік. Ал құрылымы жағынан 
бұл сөйлемдер толымды емес, екеуінде де баяндауыш түсіріліп қалып тұр 
да, оның мағыналық жүгін барыс септігіндегі “балаларға”, “іске” деген 
жанама  толықтауыштар  көтеріп,  түсіп  қалған  баяндауышқа  тұспалдай 
нұсқап  тұр.  Бұл  тұспалды  сөзді,  əрине,  ситуациялық  контекст,  экстра-
лингвистикалық контекст арқылы сезініп түсінеміз, қарапайым айтқанда, 
қоғамдық  құбылыстардан,  үрдістерден  хабары  бар  адам  “бар  жақсыны 
балаларға арнау керек” екенінен, “өрелі іске өскелең талап қойылуы ке-


366
367
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
рек”  екенінен  хабардар  болғандықтан  бұл  сөйлемдерді  толықтай  түсі-
неді.
Ал кейбір сөйлемдер құрылымы жағынан толық болады: бастауыш, 
баяндауышы берілген, тұрлаусыз мүшелері де бар. Мысалы: “Ол су ішіп 
отыр.” деген сөйлем осындай сипатта, тіпті, тілдік мағынасы толық, ал 
сөйлеу,  орамды  тіл  мəнісі  тұрғысынан  алғанда,  контекске  тəуелді,  тия-
нақсыз (“ол”  есімдігі  лексикалық  жағынан  нақтылануы  керек).  “Асқар 
кітап оқыды” деген сөйлем құрылымы жағынан да, мағынасы жағынан 
да,  дəстүрлі  теорияға  сүйенсек,  толымды  сөйлемге  жатқызылады.  Ал 
“Асқар қандай кітап оқыды, қалай, қашан оқығанын” білгісі келген ком-
муникантқа  бұл  сөйлем,  əрине,  толымсыз  болады.  Сондықтан  бұл  си-
яқты сөйлемдерге коммуникативтік тұрғыдан, орамды сөйлеу, контекст 
тұрғысынан қарауымыз керек. 
Орыс тілі синтаксисінің маманы А.М.Пешковский толымды, толым-
сыз сөйлемдерді айырудың өзіндік жолын ұсынды. Ғалымның көзқарасы 
мынадай жағдайларға келіп саяды: сөйлемнің кез келген мүшесі өзі мін-
детті түрде басқа мүшеге жетектеле отырып, басқа бір сөзді, “мүшені” 
өзіне бағынуды кажет етіп отырады. Міне, осылайша синтаксистік бай-
ланыстың үзілмеуі сөйлемді толымды етеді [6, 403 б.]. Бұл - сөз тіркес-
терінің  сөйлемге  дайын  тетік  ретінде  кіруінің  көрінісі.  Бұған  “Асқар 
кеше кітап оқыды” деген сөйлемді мысалға келтіруге болады. Осы сөй-
лемдегі “кеше” пысықтауышын түсіріп тастап оны қабылдаушының ком-
муникативтік мүддесіне қалдырсақ, диалог түрінде сөйлем былай болып 
шығар еді:
2.Асқар қашан кітап окыды?
-Кеше.
Осы  диалогтегі  бірінші  сөйлемде  синтаксистік  байланыстың  үзілісі 
жоқ. Ал екінші сөйлемде ондай үзіліс айқын көрініп тұр. Бірақ жетпей 
тұрған мүшелерді, бұл сөйлемдегі үзілген байланысты алдыңғы сөйлем-
нен тауып аламыз. Сонда, бірінші сөйлем толымды болып танылады да, 
екінші сөйлем толымсыз болып есептеледі.
А.М.Пешковский  ұсынған  “синтаксистік  байланыстың  үзілмелігін” 
анық көрсету үшін “Мен - үйге, ол - жұмысқа кетті” деген құрмалас 
сөйлемді алуға болады. Осы сөйлемнің бірінші сыңарын талдасақ, “мен” 
бастауышының  келесі  сөйлемдегі  баяндауышқа  қатысты  болып,  сол 
арқылы  “толып”  тұрғанын  байқауға  болады.  Демек,  бірінші  сөйлем — 
толымсыз, екіншісі, онымен салыстырғанда, толымды.
Толымсыз сөйлемдердің толық сипатын беру үшін тілдік семантика 
мен  байланыстырып  сөйлеу  (орамды  тіл)  семантикасын  ажырата  білу-
дің маңызы зор. Мəселен, тілдік семантика тұрғысынан алғанда, сөйлем 
ішіндегі  синтаксистік  байланыстың  үзіліп  қалған  жерін  “жалғауға”  бо-
латын жайттар бар. Мұндай толымсыздықтың “бос” тұсын сөйлем мү-
шелерінің,  сөз  формаларының  мағынасы  арқылы  толықтыруға  болады. 
Міне, осы тұста тілдік семантика сөйлеу семантикасымен түйіседі. Мы-
салдар келтірейік.
“Ортасында - өкіл”  деген  сөйлемнің  толымсыздығы  айқын  көрініп 
тұр. Алайда біз жатыс септігінің мекендік мағынасы арқылы бұл сөйлем-
дегі түсіп қалған баяндауыштың қалып етістіктерінің (отыр, тұр, жатыр, 
жүр) бірі екенін шамалаймыз, тіпті, контекст мазмұнына қарап дəл қоюға 
болады.
“Бізге бастысы, оған - қалғаны” деген сөйлемдегі етістіктен болуға 
тиісті баяндауышты барыс септігінің мағынасы нұсқайды.
“Тең - теңімен, тезек - қабымен” деген сөйлемдегі көмектес септігі 
арқылы жəне сол сөйлемдегі сөздердің мағынасының ықпалымен “тең 
теңімен  болады  /жарасады  т.с.с/  тезек  қабымен  болады  /жарасады 
т.с.с./” екендігін түсінеміз.
Міне, осылайша, толымсыз сөйлемдердің бір белгісі сөйлем ішінде-
гі  синтаксистік  байланыстың  үзілуі,  сол  арқылы  түсіп  қалған  мүшенің 
білінуі болып саналады. Демек, толымсыз сөйлемдерде сөйлем құрылы-
мы жағынан жартыкеш деңгейде ғана көрініс береді екен. Атап көрсететін 
жайт, бұл жағдайда да тілдік семантика тұрғысынан да, контекстен де қол 
үзіп кетпейміз. Мəселен, мысалға келтірген сөйлемдерімізде “бос” орын-
ды толтыру үшін сөйлеу ситуациясына жүгініп отырғанымызды байқауға 
болады. Өйткені келтірілген сөйлемдерімізде біз баяндауыштың дəл қан-
дай сөз екенін, ол оқшау тұрғанда, көрсетіп бере алмаймыз, қандай сөз 
екенін іштей жобалаймыз, ал сол сөйлемдердегі баяндауыштарды нақты 
контексте нақтылауға болатынына күмəн жоқ.
Кейбір зерттеушілер толымсыз сөйлемді ауызекі сөйлеудегі сөйлем-
дердің ерекше құрылымдық түрі, сондықтан ондай сөйлемдерді толым-
сыздық  жағынан  емес,  құрылымдық  жəне  функциялық  ерекшеліктері 
жағынан  қарастыру  қажет  деп  санайды.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  то-
лымсыз  сөйлемдерді  толымды  сөйлемдермен  салыстыру  қажет  емес, 
тіпті,  ол  мүмкін  де  емес,  өйткені  толымсыз  сөйлемдерді  толықтыру 
синтаксистік норманы бұзады. Бұл пікірдегі зерттеушілер сөйлемді “қа-
рым-қатынастың  нағыз  тілдік  бірлігі”,  ал  бұл  бірліктің  мəні  осы  қа-
рым-қатынасты  жүзеге  асыру  деп  түсінетіндіктен,  ситуация  мен  кон-
тексті, сондай-ақ, толымсыз сөйлемдердің құрылымдық-грамматикалық 
ерекшеліктерін есепке алсақ, мұндай сөйлемдер толымды болып шыға-
ды, басқаша айтқанда, дəл толымды сөйлем сияқты өзінің коммуника-
тивтік  қызметін  атқарады,  ал  коммуникативтік  қызмет  атқаратын  сөй-
лемдерді  “толымсыз”  деу  дұрыс  емес  деген  пікір  айтады  (Бұл  туралы 
қараңыз [7]).
Жоғарыда  баяндалған  тұрғыға  қарсы  пікірдегілер  сөйлем  толым-
дылығы мен айтылыстың өз мəніне сəйкестігі екі бөлек ұғымдар, оларды 


368
369
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
шатастыруға болмайды деп санайды. Аяқталған айтылыс пен сөйлемнің 
толымдылығын  теңестіруге  болмайды.  Бұлардың  пікірінше,  толымсыз 
сөйлемдерде  синтаксистік  емес,  стильдік  нормалар  бұзылатын  болса 
ғана,  толықтыруға  болады.  Толымсыз  сөйлемдер  де  сөйлемдердің  то-
лымды сөйлемдер жататын типтеріне (бірқұрамды, екіқұрамды, есімді, 
етістікті  т.б.)  жатады,  айырмасы  белгілі  бір  мүшенің  қатыспауы  ғана, 
сондықтан толымсыз сөйлемдердің ерекше түрлері бар деуге негіз жоқ. 
Толымсыз  сөйлемдер,  бұлардың  айтуынша,  тиісті  толымды  сөйлем-
дердің ықпалымен қалыптасады. Оның үстіне, толымсыз сөйлемдердің 
жалпы сипатынан, сондай-ақ берілген сөздердің грамматикалық форма-
ларынан-ақ олардың қатыспаса да, ойда тұрған белгілі бір мүшемен я мү-
шелермен өзара байланысы білініп тұрады. Толымсыз сөйлемдерді жік-
теуде олардың мағына-мазмұн толықтығы я формалдық-грамматикалық 
құрамының толықтығы емес, үш жайт есепке алынады: 1. толымсыз сөй-
лемнің пайда болуындағы контекст пен ситуация факторы; 2. қатыспай 
тұрған сөйлем мүшесінің синтаксистік қызметі; 3. сөйлемнің нақты фор-
малды-грамматикалық  құрамы.  Осыған  сəйкес  толымсыз  сөйлемдерді 
тіл  білімінде  контекстік,  ситуациялық,  эллипсистік  деп  үшке  бөледі. 
Біз осы үшеуінен де контекстің ықпалы күшті екенін, демек, бұлардың 
(толымсыз  сөйлемдердің)  қай-қайсысы  болсын  сөйлеумен  байланысты 
екенін байқадық.
Толымсыз сөйлемдерді сөйлемде қандай мүшенің қатыспай тұруына 
байланысты  бастауышсыз  толымсыз  сөйлем,  баяндауышсыз  толымсыз 
сөйлем,  анықтауышсыз  толымсыз  сөйлем,  толықтауышсыз  толымсыз 
сөйлем,  пысықтауышсыз  толымсыз  сөйлем  деп  бөлу  дəстүрі  бар.  Бір 
қарағанда тек құрылымды ғана түгендейтіндей, алайда нақтылық үшін 
құрылымды тірек ете отырып, сөйлемнің контекстік сипатын ашуға мүм-
кіндік  мол.  Басқаша  айтқанда,  сөйлемге  қатыспай  тұрған  мүшені  іздеп 
табу  үшін  контекске  жүгінеміз  де  сөйлемнің  қалай  толымсыз  болып 
тұрғанына көз жеткіземіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет