Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет298/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   374
Вокативті  сөйлемдер.  Қазақ  тіл  білімінде  ғылыми  шешімін  күтіп 
тұрған  мəселелердің  бірі – вокативті  сөйлемдер.  Бұған  сөйлем  тұрғы-
сынан  қарап,  алғаш  пікір  айтқан  ғалым - О.Төлегенов.  Вокативтер  қа-
ратпаларға ұқсағанымен, екеуі - екі түрлі санаттар. Адамға қатысты кінə 
қою, сөгіс айту, өкініш білдіру, наразылық білдіру кезінде, біз сол адам-
ның есімін тиісті сөз сарынымен жиі айтамыз. Бұл жағдайда вокативті 
деп аталатын сөйлемдер пайда болады, оларды қаратпалармен шатастыр-
мау  керек.  Өйткені  вокативті  сөйлемдердің  мазмұны  қаратпа  сөздерге
қарағанда  кеңірек,  жай  бір  сөздің  өзінен-ақ,  оның  интонациясынан-ақ
айтушының  нені  білдіргісі  келіп  тұрғаны  айқын  сезіледі.  Ал  қаратпа 
сөздер  жеке  айтылып  қана  қоймайды,  олар  өзінен  кейінгі  не  өзінің  ал-
дындағы сөйлемдердің құрамында жұмсалады да, сөйлем мүшелерімен 
семантика-ақпараттық жағынан байланысады. Вокативті сөйлемдер бол-
са, дербес жұмсалып, жеке сөйлем ретінде қызмет атқарады. Мысалы: 1) 
Щербак Лизаны үйге қарай сүйрей бастады.
- Қой, деймін.
Лиза, Лиза, Лиза.
Щербак Лизаны құшақтап, өте қатты-қатты сүйіп алды... (С.Е.).
Осы  мысалдағы  үш  дүркін  айтылған  «Лиза»  құрылымын  екі  жақты 
түсінуге  болады: 1) Щербак  не  «Лиза,  Лиза,  Лиза,  жүрші  үйге»  деген 
мəнде қызды жалынып, үйіне шақырып тұр (жалыну сезімі) не; 2) «Лиза, 
Лиза, Лиза, мен сені жақсы көремін» деген мағынада өзінің қызға деген 
сезімін (махаббаттық сезімін) білдіріп тұр. Кейде вокатив сөйлемдер бел-
гілі  бір  кісінің  ойындағысын  айтып  қалуға  тыйым  салуды,  сөйлеушіні 
тоқтату үшін жұмсалады. Мысалы: - Қашаннан бері Серкебаев бола қал-
дың? Оныңның сыры да белгілі. Шайбай басқа жауап айта алмай: - Өй, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет