Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет293/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   374
Атаулы сөйлемдер. Атаулы сөйлем деп затты, құбылысты атай оты-
рып, болмысты білдіру, хабар беру функциясында қолданылатын мүше-
ленбейтін сөйлемнің түрін айтамыз. Атаулы сөйлемді өз ішінде мынан-
дай мағыналық топтарға бөліп қарауға болады: а) қалыпты атаулы сөй-
лемдер дегеніміз атауыштық қызметімен бірге соңғы сөйлемдегі жүзеге 
асып  жатқан  іс-əрекетті  мекендік,  мезгілдік,  заттық  жағынан  айқын-
дай  түсетін  ақпаратты  білдіретін  сөйлемді  айтамыз;  ə)  түсінік  атаулы 
дегеніміз  өзінен  кейінгі  сөйлемде  əңгіме  болатын  затты  тек  атап  қана 
қоймай,  тыңдаушының  зейінін  сол  аталған  затқа  аударып,  оқырманды 
кейіпкердің  немесе  автордың  философтық  ой-толғауына  енгізу  мақ-
сатында  қолданылған  сөйлем;  б)  тақырып  атаулы  дегеніміз  тыңдау-
шыға немесе оқырманға кейінгі сөйлемнің баяндау предметі, мазмұны не 
туралы екенін алдын ала хабарлау мақсатында жұмсалып, сол тақырып 
жөнінде тыңдаушыға ой салатындай ақпараттық жүк көтеретін сөйлемді 
айтамыз. 
Атаулы сөйлемнің бұл үш түріне де тəн ортақ негізгі белгілер мына-
лар:
1 Құрамы бір сөзден немесе сөз тіркестерінен жасалып, атау тұлға-
сында келеді;
2  құрамындағы  тірек  сөздері  бастауышқа  да,  баяндауышқа  да  сай 
емес, яғни тұрлаулы мүшелерге талданбайды;
3  атаулы  сөйлем  өзінен  кейін  міндетті  түрде  мазмұнын  ашатындай 
басқа сөйлемдердің келуін талап етеді, яғни контекске тəуелді; 
4 өзіне тəн хабарлау, лепті интонацияға ие.
Қалыпты  атаулы  сөйлемдер  белгілі  бір  зат,  оқиға,  құбылыс,  көрініс 
туралы  айтылатын  ойдың  атын  атайды  да,  олардың  сөйлемдік  белгісі 
контексте, басқа сөйлемдерден интонация арқылы бөлініп, жекеленіп ай-
тылуы арқылы көрінеді. Бұлар өз ішінде мынандай үш түрге топтасты-
рылады: 
1. Мекен атаулыларАстана. Есіл. Мəдени-демалыс паркі.
Бірін-бірі мерекемен құттықтаған халықтан ине шаншар жер көрін-
бейді («Жастар əлемі»). 
2. Мезгіл атаулылар: 1919 жыл. Қалаларда отын, тас көмір, мұнай 
жоқ, суықта тоқтап жұмыссыз завод, фабрикалар тұрады («Жұлдыз»).
3. Құбылыс (зат) атаулылар: Боран. Далада тірі пенде жоқ («Жұл-
дыз»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет