Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет296/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   374
Генитив  сөйлемдер.  Айрықша  құрылымды  сөйлемдердің  тағы  бір 
түрі - субъект-предикаттық қатынасы ілік септігі мен тəуелді тұлғадағы 
сөз арқылы көрінетін генитив сөйлемдер. 
Генитив сөйлем дегеніміз - құрамындағы есімше, тұйық етістік, 
сын  есім  субстантивтеніп,  тəуелденіп,  іс-əрекетті  заттандырып, 
субъектіге тəн қасиет ретінде танытатын, синтаксистік құрамы 


372
373
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
жағынан бастауыш-баяндауыш болып сараланбайтын мүшеленбей-
тін құрылым.
Олардың басты белгілері мыналар:
1)  изафеттік  тұрғыдағы  бір  сөзден  не  сөз  тіркесінен  жасалады 
(Күлуін!;Оның күлуін-ай!);
2)  тəуелденген  сөз  тек  субстантивтенген  сын  есім,  есімше,  тұйық 
етістіктен болады;
3) контекске тəуелсіз, жағдаятқа тəуелді (Мақтануын! деген құрылым 
өзінің  алдында  ешқандай  репликаны  талап  етпейді,  бірақ  бұл  сөйлем 
мақтанып тұрған адамды көру нəтижесінде пайда болуы мүмкін);
4) модальділігі, жаққа, шаққа қатысы жағынан басқа мүшеленбейтін 
сөйлемдерге қарағанда предикативтілік айқын сезіледі, яғни генитив сөй-
лемдерде логикалық жағынан алғанда субъект-предикаттық қатынас бар.
Семантикасы  жағынан  қазақ  тіл  білімінде  де  генитив  сөйлемдер 
таңдану, сүйсіну, наразылық білдіру, өкіну тəрізді адамның əртүрлі көңіл-
күйлерін білдіреді. Оны мына келтірілген мысалдардан да көруге бола-
ды:
1) Əттең, əскердің кетіп қалғаны-ай! Ауылда даяр жігіт жоқ, қайда, 
қайда ояз?; Я, сенгенім-ақ!...Соның сенен жасырын қоймасы бар шығар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет