Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет307/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   374
қандай! (Ғ.Мүсірепов).
Үстеме құрылымның үтір арқылы келуі: Екі жағы да кімнің кім екенін 
жете түсіндіре алған жоқ, жете түсініскен де жоқ (Ғ.Мүсірепов).
Үстеме құрылымның леп белгісі арқылы келуі: Мəңгіден бері жинала 
берген бітеу жара бір жарылмай қояр ма! Өзі жарылды (Ғ.Мүсірепов).
Үстеме құрылымның сұрақ белгісі арқылы келуі: Ал өлім атаулыда 
мəн-мағына бола ма? Болғанда қандай! (Қ.Жұмаділов). 
Үстеме құрылымның көп нүкте арқылы келуі: «Қақаған суық, қатаң 
тəртіпке төзе алмай, сол жақта ішқұса болып, буынып өліпті», - дейді, 
не демейді ... Алайда шындық еді (О.Бөкеев).
Үстеме сөйлем – негізгі сөйлемнен бөлініп шыққан қосымша сөйлем. 
Осы негізгі сөйлемнен бөлініп шыққан, не қосымша үстемеленетін үсте-
ме сөйлемді негізгі сөйлеммен тұтастырып, біріктіріп тұрған – логика-
лық екпін. Осы екпіннің арқасында үстемеленетін, не негізгі сөйлемнен 
бөлініп шыққан мүше өзіне мағыналық салмақ алады. Негізгі құрылым-
нан  кейін  үзіліс  болады:  дауысың  төмендейді  де  үзіліс  жасалады.  Бұл 
үзіліс  үстеме  құрылымды  қабылдауға  дайындайды.  Үстеме  құрылымға 


380
381
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
осындай екпіннің түсуі – үзілмелілік жəне біртұтас сипат береді. Үстеме 
құрылым негізгі бөлікке синтаксистік жағынан да, лексикалық жағынан 
да тəуелді болып тұрады. Мысалы: Ауылдағы қалған үйлердің көбі кіш-
кене, 3-4 қанат  жыртықтау  қара  үйлер.  Малшы-қосшының  үйлері 
(М.Əуезов).
Мысалдағы  үстеме  бөлікте  негізгі  сөйлемнің  баяндауышы  (үйлер
қосымша меншіктік анықтауышты (малшы-қосшының) үстемелей қайта-
ланған. Яғни үстеме бөлікте үйдің кімдердікі екені нақтыланған. Үстеме 
құрылым матаса байланысқан сөз тіркесінен тұрады. Осы жағынан кел-
генде, бұл құрылым грамматикалық жағынан да, лексикалық жағынан да 
негізгі сөйлемге тəуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет