Синтаксистік парадигмалар


Сөз тіркесі түріндегі үстеме құрылым



Pdf көрінісі
бет310/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   374
Сөз тіркесі түріндегі үстеме құрылым. Сөз тіркесі түріндегі үстеме 
құрылым матасу, меңгеру жəне қабысу түрінде келіп, негізгі айтылым-
ның мазмұнын кеңейтіп тұрады. Мұнда сөз тіркесінің басыңқы сыңары 
негізгі  сөйлемде  айтылып,  үстемеде  ол  қайталанады.  Ал  сөз  тіркесінің 
бағыныңқы сыңары жаңадан қосылады. Мысалы: Алғашқы рет амалсыз-
дан  көпке  қарап  аузын  ашып  ышқынғанда,  ішінен  зор  дауыс  шықты. 
Күтпеген дауыс (М.Əуезов). 
Берілген  мысалдағы  үстеме  құрылым  қабыса  байланысқан  сөз  тір-
кесі.  Негізгі  құрылым  мен  үстеме  құрылымның  арасындағы  байланыс 
– анықтауыштық. Бұл үстеме құрылымды қалыпты сөйлемге айналдыр-
сақ, зор жəне күтпеген сөздері бірыңғай анықтауыш болар еді. Үстеме 
құрылымда  дауыс  сөзінің  екінші  рет  қайталануы  арқылы  негізгі  сөй-
лемнің мазмұнын кеңейтіп, дауыс сөзіне қосымша экспрессивтілік мағы-
на берілген. 
Ауылдағы қалған үйлердің көбі кішкене, үш-төрт қанат жыртықтау 
қара үйлер. Малшы-қосшының үйлері (М.Əуезов). 
Мысалдағы  үстеме  құрылым  күрделі  бағыныңқылы  матаса  бай-
ланысқан үстеме құрылым. Бұл құрылым да үй сөзінің екі рет қайтала-
нуы арқылы жасалған. Үй сөзі екінші рет қайталанғанда тағы қосымша 
мағына  алып,  үйдің  кімдікі  екені  анықталып,  иесіне  меншіктеліп  тұр. 
Автор  малшы-қосшы  деген  қос  сөзді  негізгі  сөйлемнің  құрамындағы 
жыртықтау деген сөзден кейін қойып, қалыпты сөйлем қылып жазуға 
да болар еді. Бірақ автор олай істемеген. Автордың бұл күрделі анықта-
уышты сөйлемнің сыртына шығарып жіберуі – коммуникативтік мақсат-
тан туған. Автор бұл күрделі анықтауышты негізгі сөйлемнің сыртына 
шығарып жіберу арқылы оған коммуникативтік жүк артып, оны актуал-
даған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет