Система менеджмента качества издание 1
Система менеджмента качества издание 1
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар студенттер үшін пәндерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету Білім алуда ерекше қажеттілігі бар студенттердің пәнді игеруі жалпы және арнайы мақсаттағы оқу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Есту қабілеті нашар студенттермен өткізілетін сабақтарда оқу ақпаратын алу мен берудің дыбыстық күшейткіш құралдары, мультимедиялық, техникалық құралдарды қол жетімді нысанда пайдалану қарастырылған. Есту қабілеті нашар студенттерге арналған кабинеттер компьютерлік техника, дыбыстық құрылғылар, видео жабдықтары, электронды тақта, мультимедиялық жүйе және дыбыс күшейткіш құралдармен жабдықталған. Көру қабілеті бұзылған студенттермен өткізілетін сабақтарда экранға қол жетімді бағдарламалық қамтамасыздандыру, экранды үлкейту, A4 форматындағы сканер, тегіс басылған мәтінді оқу және сканерлеу, нүктелік және тактильді графика және Брайль шрифтімен басып шығаруға арналған принтер, сонымен қатар мәтінді Брайл шрифтіне аударуға арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру қарастырылған. Тірек-қимыл аппараты бұзылған студенттермен өткізілетін сабақтарда балама ақпаратты енгізу құрылғылары және қолжетімді нысанда білім беру ақпаратын қабылдау мен берудің басқа да техникалық құралдары, мобильді оқыту жүйесі, қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылады. жүктеу/скачать 409,5 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |