Модуль 4. «Жалпы білім беретін мекемелерде интегративті білім беру ерекшеліктері»
11
№11 дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жүргізілетін жұмыс.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері.
«Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі қызметтер (түзете-дамыту; орын толтыру және реабилитациялау (мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік статусын қайта құру, балаға материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының психологиялық портреті.
Мүмкіндігі шектеулі балалары инклюзивті мектепке баратын ата-аналарда пайда болатын қиындықтар.
Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың стратегиялары.
№12-13 дәріс тақырыбы: Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
1. Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері. Жұмыс бағыттары. Жоспарлау,құжаттар.
Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектеулі балаларына психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету. Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері. Жұмыс бағыттары. Жоспарлау,құжаттар.
Педагогтардың, серіктестер мен ата-аналардың көпсалалы бірлескен жұмыстары. Оқытушылар мен мамандардың функционалдық міндеттері.
Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру.
Интеграциялық оқытуда жайлы білім беру ортасын құру. «Білім беру ортасы», «түзету ортасы», «пәндік дамыту ортасы» ұғымдарының мәні.