ЗНАЧЕНИЕ ИНДИВИДУАЛЬНОГО СТИЛЯ ОБЩЕНИЯ И СРЕДСТВА ПОВЫШЕНИЯ
КОММУНИКАТИВНОСТИ ПЕДАГОГА
Таразский государственный педагогический институт
Д.Р.Мадибаева
От стиля зависит психологическая атмосфера, эмоциональное благополучие. Определенную
роль играет и незнание технологии общения, отсутствие у педагога нужных приемов
общения. Такие стили общения, как устрашение, заигрывание и крайние формы общения-
дистанции, опасны еще и потому, что при отсутствии у педагога профессиональных навыков
общения могут укорениться и “въесться” в творческую индивидуальность учителя, а порой
становятся штампами, усложняющими педагогический процесс и снижающими его
эффективность.
Наиболее плодотворный процесс воспитания и обучения обеспечивается именно
надежно выстроенной системой взаимоотношений. Такая система должна характеризоваться:
•
взаимодействием факторов ведомости и сотрудничества при организации
воспитательного процесса;
•
наличием у школьников ощущения психологической общности с педагогами;
•
ориентировкой на взрослого человека с высоким самосознанием, самооценкой;
•
отсутствием авторитарных форм воспитательного воздействия;
•
использованием в качестве фактора управления воспитанием и обучение
заинтересованности учащихся;
•
единством делового и личностного общения;
•
включением учащихся в целесообразно организованную систему
педагогического общения, в том числе через разнообразные формы
153
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
•
деятельности: кружки, конференции, диспуты и т. п.
В результате многочисленных исследований и экспериментов психологи и педагоги
советуют учителям для развития коммуникативных способностей следующее:
1) Нужно сознавать, что школа-часть общества, а отношение педагога к детям
- выражение общественных требований.
2) Учитель не должен открыто демонстрировать педагогическую позицию. Для детей слова и
поступки педагога должны восприниматься как проявление его собственных убеждений, а не
только как исполнение долга. Искренность педагога- залог прочных контактов с воспитанниками.
3) Адекватная оценка собственной личности. Познание себя, управление собой должно стать
постоянной заботой каждого учителя. Особого внимания требует умение управлять своим
эмоциональным состоянием: воспитательному процессу вредит раздражительный тон,
преобладание отрицательных эмоций, крик.
4) Педагогически целесообразные отношения строятся на взаимоуважение ученика и
учителя. Надо уважать индивидуальность каждого школьника, создавать условия для его
самоутверждения в глазах сверстников, поддерживать развитие положительных черт личности.
5) Педагогу необходимо позаботиться о благоприятной самопрезентации: показать ребятам
силу своей личности, увлечения, умелость, широту эрудиции, но неназойливо.
6) Развитие наблюдательности, педагогического воображения, умения понимать
эмоциональное состояние, верно истолковывать поведение. Творческий подход к анализу
ситуации и принятию решений основывается на умении педагога принимать роль другого -
ученика, родителей, коллеги, - становиться на их точку зрения.
7) Увеличение речевой деятельности учеников за счет уменьшения речевой деятельности
учителя - важный показатель мастерства общения учителя.
8) Даже при незначительных успехах учеников быть щедрым на похвалу. Хвалить нужно в
присутствии других, а порицать лучше наедине. Учительская речь должна быть при этом
выразительной. И если даже у вас не поставлен голос, вас могут выручить жесты, мимика, взгляд.
9) Сделать родителей своих учеников союзниками педагогических намерений.
10) Содержание бесед должно быть интересно обеим сторонам.
Если педагог будет следовать этим советам, то избежит многих проблем и трудностей в
общении. Сознательное формирование своего стиля ПО возможно при определенно уровне
развития способности к самоанализу профессиональной деятельности. Педагоги в этом случае в
ходе профессионального взаимодействия с детьми целенаправленно ищут, отбирают и
накапливают средства и способы общения, которые обеспечивают оптимальную
результативность во взаимодействии с детьми и соответствуют их индивидуальности. Это в
свою очередь приносит эмоциональное удовлетворение, приводит к переживанию
психологического комфорта.
Постепенно происходит стабилизация состава средств и способов осуществления
коммуникативной деятельности, складывается определенная устойчивая целостная
структура, а именно — индивидуальный стиль педагогического общения. В ходе стихийной
выработки стиля педагог также использует известные средства и способы общения, которые
кажутся ему наиболее эффективными, индивидуально удобными.
В дальнейшем происходит стабилизация этих средств и способов общения, стихийно
складывается индивидуальный стиль общения, субъективно удобный, но не всегда
профессионально оптимальный, так как воспитатель не уделяет должного внимания анализу
целесообразности используемых средств и способов деятельности с точки зрения требований
деятельности. Чем раньше педагог осознает необходимость формирования своего стиля, тем
больше окажется возможностей для формирования позитивного стиля, тем эффективнее будет
протекать процесс становления его как профессионала.
Литература
1.
Реан А.А., Коломинский Я.Л. Социальная психология. Санкт-Петербург, 1999.
2.
Зимняя И. А. Педагогическая психология. Ростов-на-Дону, 1997.
3.
Радугина А.А. Психология и педагогика. М., 2000.
4.
Немов Р.С. Психология образования. М., 1995.
5.
Бадмаев Б.Ц. Психология в работе учителя. М., 2000.
6.
Бадмаев Б.Ц. Психология в работе учителя. М., 2000.
7. Научный журнал. Вопросы психологии. М.,5-2000.
154
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ ДРАМАТУРГИЯ ЖЕЛІСІНДЕ
(жазушы-драматург Елен Əлімжанның шығармашылығын негізінде)
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ф.Ж.Əбдікерімова
Заман жəне əдебиет. Екеуінің арасындағы бірлік пен қайшылық. Бұл ерте заманнан
жалғасып келе жатқан, жалғаса беретін заңды құбылыс. Қоғам дамуының əр кезеңінде олардың
арасындағы байланыс əр түрлі мазмұнға ие болып отыратыны табиғи процесс.
Көркем əдебиеттің ерекше жанрының бірі саналатын драматургия - қоғамның өзекті
ойларының оянуына түрткі болып, халықты рухани бірлікке, нақты тірлікке шақырады.
Əр түрлі қоғамдық əлеуметтік факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының
заңды жалғасы ретінде туған бұл жаңа жанрлық түр ХХ ғасырдың басында қазақ даласына да
айшықты үнімен жетті. Тұңғыш қазақ пьесаларына ауыз əдебиетінің жасаған ықпал-əсерінің
айтарлықтай болғандығы жанрлық формалардың дамуындағы күрделі процестен айқын көрінеді.
Революциядан кейінгі жылдары алғашқы драматургтер эпостық материалдарды арқау ете отырып,
Еуропа, орыс, татар əдебиеттеріндегі драмалық формаларды пайдаланып, жаңа жанрдың үлгілерін
жасады. Негізінен қазақ драматургиясының шын мəнінде қалыптасып өрістеген дəуірі
революциядан кейінгі кезең. Осы тұста дүниеге келген драмалық шығармалардың қай-қайсысы
болсын Қазан революциясы тудырған əлеуметтік өзгерістерді, халық санасындағы айрықша
құбылыстарды бейнелеу мақсатымен терең ұштасып жатады. Бұл жаңалық С.Сейфуллиннің
революционер бейнесін жасаған «Қызыл сұңқарлар» драмасынан басталып, қазақ əдебиетіндегі
берекелі, жемісті мақсатқа айналды.
Қазақ əдебиетіндегі елеулі кезеңдердің барлығы басқа жанрлардағыдай драмтургияға да
арқау болып отырған. Оған драматургтер де өзіндік үлеспен үн қосқан. Осы орайда, М.Əуезовтың
жаңа адамды, кеңестік шындықты, социализм мұраттарын арқау еткен пьесалары
тақырыптарының əр алуандығымен көзге түседі. Революционерлер, тарихи адамдар бейнесі
(«Октябрь үшін»), кеңестік интеллегенцияның қалыптасуы («Тартыс», «Алма бағында», «Дос-
бедел дос»), жаңа отбасының тууы («Тас түлек»), Ұлы Отан соғысындағы халық қаһармандығы
(«Сын сағатта», «Намыс гвардиясы», «Асыл нəсілдер»), партия қызметкерлерінің, коммунистердің
тұлғасы («Шекарада», «Алуа») осы секілді əр саладағы идеялық эстетикалық ізденістердің өзегі
типтік ортада шынайы тартыс үстінде көрінген характерлер жасау, қаһарманның психологиясын
ашу талаптары болып табылады [1]. М.Əуезовтың кеңестік өмірді бейнелейтін пьесаларында ұзақ
мерзімді тартысты қамту, көпшілік көріністеріне айрықша мəн беру, астар, символ, шарттылық,
эпика элементтерін кірістіру секілді қазақ драматургиясында тұңғыш қолданылған формалық жаңа
сипаттар бар.
Революциядан кейінгі алғашқы жылдарда еңбекшілердің тап жауын тануда, жаңалыққа көзін
ашып, əлеуметтік өмірде оларға дұрыс жөн сілтеуде драма зор қызмет атқарды. Өмір талабынан
келіп туған осы жанрға белгілі деген жазушыларымыз көптеп ат салысты. Сол жылдардағы
драматургияның түрлерінен мына сияқты пьесаларды атауға болады. Рахметжан Малабаевтың
«Ғұрып күні» (1927), «Үй тұтқындары» (1926), «Қуларды кеңестен қуу» (1926), Жұмат Шаниннің
«Торсықбай қу» (1929), «Айдарбек қу» (1926), «Қара құлып» (1931), «Жанды сүгірет» (1929),
Самат Нұржановтың «Бəйсейіт молда» (1931), Атығай Шаниннің «Екпінділер» (1934), «Колхоз
тойы» (1934), С.Камаловтың «Құттықтаймын» (1936) пьесалары жəне тағы басқалар [ 2] .
1926
жылы Қазақ ұлттық театры дүниеге келгеннен кейін еліміздің əр аймағында көптеген
театрлар құрылып, қалың елінің қамын ойлар жанашыр азаматтар драматургияны одан əрі
қалыптастыра бастады. Кеңес дəуіріндегі қазақ ұлтының бүгінгі өмірін бейнелейтін
драматургиялық шығармалар З.Шашкиннің «Ақын жүрегі», Т.Ахтановтың «Сəуле», Ə.Əбішевтің
«Белгісіз батыр» пьесаларында көрініс тапты[ 1,3.]. Мұнда əр түрлі адамдардың мінез-құлық
образдары сомдалды. Ал, деректі, материалды, фактіні, шартты тəсілдерді пайдаланып жазылған
күрделі мəселелерді қозғайтын қазақ драматургиясының тақырыптық шеңберін кеңейткен
Қ.Мұхамеджановтың «Жат елде», Ə.Тəжібаевтың «Қыз бен солдат» драмалары бүгінгі күнге дейін
сахналанып келді [ 1] .
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары драматургияда реалистік тіл үшін күрес, ақ өлең
жасау ізденістері бел алды. Сонымен қатар қазақ драматургиясының дамып, өсуіне классикалық
155
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
туындыларды аудару тəжірибесі де үлкен əсер етті. Алғашқы аудармалардың бірі М.Дəулетбаев
Н.В.Гогольдің «Үйленуін», У.Шекспирдің «Гамлетін» қазақшаласа, М.Əуезов драматургиядағы
аударманың классикалық үлгілерін тудырды («Ревизор», «Отелло», «Асауға тұсау» жəне т.б.) [ 1]
. Бүгінде, театр репертуарларына əр түрлі тақырыптарды арқау еткен Ə.Əбішев, М.Хасенов,
С.Жүнісов, Ə.Тарази, М.Мұртаза, Қ.Ысқақов, Р.Сейсенбаев, О.Бөкеев, Д.Исабеков, Е.Əлімжан
жəне тағы басқа да қаламгерлердің шығармалары енген [ 1,4].
Осылардың ішінде бүгінгі заман көрінісін дөп басып, өз шығармаларында өзі өмір сүріп
отырған кезеңнің өткінші емес, өзекті проблемаларының көркем көрінісін беріп келе жатқан
жазушы-драматург Елен Əлімжанның алар орны ерекше. Елен Əлімжан драматургиясының
қайсысын алып қарасақ та бүгінгі заман шындығын көресіз.
Драма (грекше Drama- əрекет) - өмір құбылысын шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап,
кейіпкерлердің əрекеті арқылы бейнелейтін əдеби жанр [2]. Драматургия-тартыс, қақтығыс,
кедергі, кереғар қайшылық. Драматургия-Шекспир заманынан, тіпті одан əрі көне Греция елінен
бері қарай өзінің құпиялы тылсым сырымен көптеген қаламгерді қара терге түсіріп келеді.
Драматургия табиғаты интригадан да құр емес. Кейіпкерлерді бір-біріне айдап салмасаңыз, оғиға
өршімесе шығарманың əсерлі болмасы белгілі. Сондықтан, драматург жанын түсінудің өзі –
парасаттылық. Қысқасы саханада өткен қилы күреске үкім айтушы, төреші драматургтің өзі. Сол
талапты бүгінде, өзінің талант күшімен барын салып орындап келе жатқан көрнекті қазақ
драматургінің бірі- Елен Əлімжан.
Өз қаламынан туған əр түрлі əңгіме хикаялары мен мақалаларында қоғамның ішінара
құбылыстары мен жекелеген мүшелерінің қарекеттерін, мінездерін суреттеп келген жазушы «Екі
дүние айрығынан» бастап, пьесаларына тұтастай қазақ қоғамының өткір проблемаларын өзек етіп,
сыздаған жарасына ем іздейді. Ендігі шығармаларына «Біз қазақтар қандай халықпыз қайда
барамыз?» деген сұрақтарды арқау етеді. Көркемдік қаруының қатарына жеңіл юмормен бірге
уытты сатираны да қосады. Елен Əлімжан драматургиясының басты жаңалығы осыдан келіп
шығады. Бұл жөнінде жазушы Несіпбек Дəутайұлы «Ұлттық Рухты көксеген» атты мақаласында
былай деп жазады. «...Драматург Елен Əлімжанның алды он-он бес жылдан бері талай театрларда
қойылып, көрермендеріне үзбей қол соқтырып келе жатқан əйгілі үш комедиясы («Тақталас», «Бір
қазаққа бір қатын», «Жанұран» Ф.Ə) – қазақ сахнасында бұрын - соңды айтылмаған, айтылса да
мұндай деңгейде, мұндай формада айтылмаған ойлар əкелді. Оның басты себебі- бұл комедиялар
еліміз егемендігінің туындылары еді.
Кеңес үкіметі тұсында бүкіл қоғамды сынамақ түгіл соның жекелеген өкілдерін сахнада
өткір де батыра сынаудың өзі қиын болатын. Сондықтан да Қалтай Мұхамеджанов сынды қазақ
комедиясын негіздеп кеткен қаламгердің өзі кезінде қаламын тарта-тарта жазуға мəжбүр болды.
Бірақ Елен уақытының да өз қиындығы бар еді. Бұл егемендікке қол жеткізіп, мəре-сəре болған
қазақтың апта сайын той тойлап, ат шаптырып, айтыс ұйымдастырып жатқан тұсы еді. Сондықтан
да театр көрермендері азайып кеткен. Осылай қамсыз жүрген халқын ойландыруға тырысқан
драматург өз ойын тыңдату үшін алдымен көрерменді театрға шақыруы керек болды. Ол үшін
күлдіру қажет, демек, ең оңтайлысы комедия жазу. Елен осылай ұлт болашағы туралы
қорғасындай ауыр ойларын комедияның жеңіл əжуə əзілдерімен əспеттейді. Арасында сатираны
да пайдаланып отырады...» [ 5]. Осындай уытты тілден туған комедияның бірі «Бір қазаққа бір
қатын». Республиканың төрт театры сахналап, 14 жылдан бері сахнадан түспей келе жатқан «Бір
қазаққа бір қатын» комедиясының табысы оның кейіпкерлерінің жанрға тəн тосын жайларға тап
болған күлкілі жағдайларынан ғана емес, тетардың көрермен алып кететін «халқым, сенің
демографиялық ахуалың кері кетіп барады»-деген ойында жатыр. Бір қарағанда «Бір қазаққа - бір
қатын!» тұрмыстық мəселе сынды көрінеді. Бірақ онда үлкен астар жатыр түсінгенге.
Сонымен қатар, тап осы қоғамның, бүгінгі билік басындағылардың табиғи келбетін
«Тақталас» арқылы көрсетеді қаламгер. «Тақталас» екі бөлімді сатиралық комедия. Комедияның
бірінші бөлімінде партияның, Мəскеудің басқаруындағы халі көрсетіледі. Бастықтың өсіремін
деген есек дəмесіне мəз болған Қауғабай, Жауғабай, Дауғабайлар орынтақ үшін басқаның бəрін
сатып жіберуге бар. Тіпті, орталыққа халық байлығын жөнелтуден жарысқа түскен олар: «Малдың
керегі жоқ, біздің қазақ аң аулап-ақ күн көреді», ал «Мылтықтың керегі жоқ, қоянға-қақпан, құрға-
тұзақ құрып-ақ ұстаймыз» - дегенге дейін барады. Бірін-бірі тексергенде тышқанның ішіндегі,
дəннен де қастандық көреді. «Дала түгіл құмды айдатпады»,- деп кінəлайды.
Комедияның екінші бөлімінде Қауғабай, Жауғабай, Дауғабайлар бір-біріне ор қазып жүріп,
ол құрдымға өздері құлайды. Онымен де тынбай орда жатып шайқасады. Бірі шықпақ болса,
156
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
қалған екеуі тартып жібермейді. Ақыры орынтаққа тағы да жоғарыдан басқа бастық келіп
отырады [6].
«Бұл комедиясында Елен Əлімжан қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет Қауғабай,
Дауғабай, Жауғабайлардың типтік көркем бейнесін жасады. Кешегі қауға ұстап мал баққан,
қамшы ұстап дау қуған, найза ұстап жауға қарсы шапқандардың бүгінгі бір орынтаққа таласын
небір драмаға тəн ситуациялар арқылы өрбітеді...» -деп жазады профессор Мекемтас
Мырзахметұлы [ 4].
Бұл шығармаға арқау болған мəселе өмірде күнде кездесетін жай. Бірақ қазақтың осы
қасіретін өз комедиясының өзегі етіп сахнаға тұңғыш рет Елен Əлімжан алып шықты. Бұл жерде
драматург жанрға тəн тапқырлық пен қаламгер ретінде батылдық, əрі біліктілік көрсете білді.
Абай айтқан «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бəрі бос» екенін əжуамен, қазақтың жанына
батыра айтты. Бұл пьеса осылай қазақ комедиясының əрі саналық, əрі сапалық деңгейін биіктетіп,
мазмұнын байытты. Өйткені, қазақ комедиясына бұрынғыдай отбасылық, тұрмыстық, жеке бастық
проблема емес, бүгінгі ұлттық болмыс проблемасы арқау болды. Сонымен қатар, мұнда бүгінгі
қазақ қоғамының күнделікті өзің көріп жүрген бет-бейнесі, психологиясы тұр. Сондай-ақ, мұнда
қазақ əдебиетінде бұрын - соңды көрініс бермеген кейпкерлер жүр. Өйткені, кешегі адамдар бүгін
психологиялық өзгеріске ұшырап жатыр. Бірақ оқиғаның əр тынысы бүгінгі уақытпен үндесіп
жатыр. Егер қара қыл қақ жарылмай сəл мүлт кеткен жері болса, мұндай пьесаны ешқандай театр
қоюға алмас еді. Алайда, бұл комедия еліміздің əр түкпірінде қойылды.
Осындай кесек дүниенің бірі – «Жанұран» музыкалық комедиясы. Өркениет озып, капитал
билік құрған сайын руханияттың жұтаңданған ауыр халін əжуамен алдыңызға жайып салатын бұл
туынды адамдарымызға билік үшін жалғыз байлықтың жеткіліксіз екенін ұғындыру қажет
екендігін жеткізеді. «Жанұран» осылай уақытына қызмет етіп тұр. Оны Бішкекте өткен
халықаралық театр фестиваліне апарған Жамбыл облыстық қазақ драма театрының
«Тақырыбының актуальдығы мен азаматтық позициясы» номинациясы бойынша жүлде алуының
себебі де содан болса керек. Ал, музыкалы комедияның Бішкектегі қырғызша қойылымынан кейін
Қырғызстанның халық жазушысы Мар Байжиевтің: «Жанұранда» қазақ өмірі алынғанымен,
бүкіладамзаттық проблема-материалдық өркениеттің озып, руханияттың жұтаңдану проблемасы
сөз болады. Сондай салмақты ойларды музыкалық комедия жанрымен бере білуі автордың
шеберлігі» - деген пікірі де комедияның өмірлік құнын арттыра түскендей.
Елен Əлімжанның драмалық туындыларында көтерген мəселелерінің барлығы уақыт пен
қоғамдық өмірдің өзекті тұстарын алға тартып отырған жайлар. «Уақыт тынысымен таныстыру,
оның бояуын, бағыт-бағдарын тап басу – Елен драматургиясының басты ерекшелігі екенін айту
лəзім» [ 7].
Біз сөз етіп отырған, «Жанұран» жаңа сарынмен, бүгінгі өмірмен үндес жазылған шығарма.
Қылмысты жолмен байып, қорыққанынан айналасына ұры-қарысын жинағандар аз емес екенін өз
ортамыздан көріп-біліп жүрміз бүгінде. Бұл пьесада тоғышарлық пен рухани байлық сайысы əн-
бимен көмкеріліп, əжуамен безендіріледі. Сахнада күлдіргендердің, тайраңдап билегендердің
өнері бір сəт күлдірткенімен, «Жанұран» санаға саңлау түсіретін туынды.
«Оқиға біздің қаламызда болған. Доллардың күшіне еніп, өнер иесінің қаңғып қалған кезі
болатын. Доллары көп Доллара ханым мен оның жанындағы жандайшаптары – резидент пен
Қалқабай, ақшаға сатылып кеткен полиция бастығы Тəртіпбек, қонағының көңілін аулау үшін
сайрайтын жезөкше Сандуғаш, қалқаны болар көктөбет жəне рухы сынбаған, ертеңгі күніне
сенімді сазгер Мэлстің арасындағы өмірлік тартыстар суреттеледі» [8].
Драматургтың жоғарыда аталған драмаларының қай-қайсысын алып қарасаңыз да тың
идеядан туындаған оқырманның, көрерменнің санасын елең еткізіп, жадында сақталатын дүниелер
екенін бірден сезесіз. Бұл дүниелер қалың көрерменнің көз қуанышына айналып, халық санасын,
қоғамдық ойды бір серпілтсе, Елен Əлімжанның драматургия саласындағы жемісті
шығармашылығының бір тұсы өскелең ұрпақты тəрбиелеуге тағы да өзіндік мол ықпалын
тигізуде.
«Қызыр баба» спектаклі – біздің өз Қызыр атамыз, Наурыз гүліміз бар екендігін өскелең
ұрпаққа аңғартатын, наурыз мерекесін тойлаудың ұмыт бола бастаған тұстарын қалпына келтіруді,
жөнге салатын қойылым. «Автордың театр ұжымымен бірлесе отырып, сахнаға шығарған бұл
қойылымының тəрбиелік, танымдық мəні зор. Бұл спектакль жастардың ұлттық ділін нығайтуға,
адамгершілікке, ізгілікке тəрбиелеуге қызмет етеді. Біздің жазушыларымыздың осындай тың
тақырыптарды қолға алып, ұлтымыздың рухани түлеуіне үлес қосуы- қуанышты» делінген,
спектакльдің премьерасы жөнінде жазылған рецензияда [9].
157
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Сөйтіп, «Қызыр баба» арқылы автор Адам жəне əлем біртұтас дүние екендігін, біріндегі
құбылыстар, екіншісіне əсер етіп жататындығын, жердегі кемшіліктерді түзеу үшін алдымен
өзіңнің аспанмен қарым-қатынасыңды түзеу керектігін айтады. Бұл тақырып Еленнің «Ақ періште
арманым» атты драмасында тереңдей түседі. Мұнда қарапайым қазақ əйелінің басынан кешкен
оқиғалар баяндалғанымен, шын мəнінде əңгіме ұлы үйлесім туралы. Сол үйлесімді бұзып тұрған
басқа ешкім емес, адамдар. Үйлесім бұзылған сайын адамзаттың өзіне қатер көп. Бұл жерде ол өзі
отырған бұтақты шауып жатқан аңғал баладай. Қарапайым қазақ əйелі де өзінің бар трагедиясын
періштедей таза ұрпақ туа алмайтынынан көреді. Себебі, періштедей таза ұрпақ өсіре алмайтыны
ұлы үйлесім бұзылған. Оны бұзған адамдар. Адамдар Алланың заңымен емес, Пенделікпен жасап
алған өз заңымен жүреді. Ал, осы адамзат трагедиясының тоқтамы тек жүректің тереңі мен
сананың биігінде жатыр.
Бұрынғы комедияларында еркін ойқастайтын əзіл-оспақтар енді бұл пьесаларында артық
планға кеткен де, автор негізінен мерзімді қару еткен. Бəлкім, романтизмнің сарыны болар. Қалай
болғанда да, бұл бүгінгі шындық. Өйткені, кеңестік кезеңде дінсізденген халқымыздың бүгінгі
ұрпақтарының көкірегіне Аллаға деген сенімнің кіргені анық. Драматург бұл жерде де
жаңашылдық пен тапқырлық биігінен көрініп сөзін жеткізе айтып отыр.
Жоғарыда айтқанымыздай, жалпы, Елен Əлімжан драмаларының басым көпшілігі астарлы
əжуамен, айшықты мысқылмен көмкеріліп беріледі. Осыдан автор шығармашылығында əлі қазақ
комедиялары айта қоймаған, айтса да сатиралық деңгейге көтеріле алмаған көп дүниелердің
көмбесі жатқандығын аңғарамыз. «Бұл – Еленнің қазақ драматургиясына, оның ішінде
комедиясына қосқан үлесі. «Айтпаса сөздің атасы өледі» - дейді атам қазақ. Елен Əлімжан болса
қазақтың бүгінгі қоғамының іріңінің қай жерден бастау алып жатқанын дəл уақытында айтып
жатқан жоқ па? Əрине, бұл үшін ойлылық, сараптай білу, тек сараптау емес, белгілі бір дəрежеде
батылдық керек. Комедия, оның ішінде сатира əркімнің бодауында жүре берер жеңіл жанр емес.
Кесір мен кесепат дегендердің ауыр зардабы, топалаңы мен қасірет. Оны түсіну, зердеңнен өткізу,
айта білу құпиясын уытты тілмен, оның ішінде шашауын шығармай сахналық тілмен айту,
қиынның қиыны екенін түсіне білу керек-ау. Соны Елен айтып жүр. Тек айтып жүрген жоқ, еліме,
қазағыма жетсін деп əр айтар ойының төбесіне «бəле мұнда»- деп маяк шамын жағып жүрген
драматург» [7].
«Бұл əркімнің маңдайына жазыла бермейтін бақ. Бұл - əр жазушының, немесе драматургтың
айта беретін əлəулəйлімі емес, «не бел кетер, не белбеу кетер»- деген азаматтың шешімі. Міне,
дəл бүгін біздің мемлекетімізге дəл осындай белсенді, табанының бүрі бар, айтар ойы қысаң
тартпаған жəне оны айта білу тəсілін меңгерген белсенді патриоттар керек! Тіптен көп керек!
Басқаны былай қойғанда мына кеудемізде жүрген бықсық ойларымызды жою үшін керек.
Сондықтан да Еленнің драматургиясы лүп етпе самал емес, өкпек жел» [7].
Жалғыз драматургиясы ғана емес, публицистикасы да, көркем-əдеби шығармалары да айтар
ойы ауқымды, қозғаған мəселесі қарымды өкпек желдей ескен, өзіндік тың сүрлеуі бар еңбектер
екені анық.
Достарыңызбен бөлісу: |