Əдебиеттер
1. Қазақ əдебиеті энциклопедия // Алматы., «Білім», 1999.
2. Рүстембекова Р. Бейімбет Майлиннің драмтургиясы // Алматы., «Жазушы», 1969.
3. Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы ІІІ том Пьесалар // Алматы., «Жазушы», 1984.
4. 4.Əлімжан Е. Тақталас (Пьесалар, бірқақапайлар) //Тараз., «Сенім», 2006.
5. Несіпбекұлы Д. Ұлттық рухты көксеген // Қазақ əдебиеті 17.06.2005.
6. Əділ Дүйсенбек. Күлкіге кенелтіп ойды оятқан // Егемен Қазақстан 6.11.2002.
7. Əмзеұлы Ə. Өкпек желдей еседі. Елен Əлімжанның Жанұраны Жамбыл сахнасында // Ақ
жол 19.02.2002.
8. Рысдəулет М. Жанұран ба, жан айқай ма? // Егемен Қазақстан 6.02.2002.
9. Дəутайұлы Н. Тəрбиелік, танымдық, тағылымы мол Елен Əлімжанның «Қызыр баба»
спектакльі Жамбыл сахнасында // Ақ жол 20.03.2003.
158
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Н.Ж.Əбдікерімова
Қазіргі таңдағы білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларды жан-жақты тəрбиелей
отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-əрекетінде белсенді, шығармашыл жеке тұлғаның
қалыптасуын қамтамасыз ету.
Демек, бүгінгі ұрпақ алдында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан –2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен əл-ауқатының артуы» туралы Қазақстан
халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді іске асыру үшін білім
мазмұнымен қатар оқытудың əдіс-тəсілдерін қолданудың тиімділігін арттырудың зор міндеті тұр .
Сондықтан мектептегі оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс-əрекетін тиімді ұйымдастыру
арқылы олардың танымдық белсенділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар
мұғалім оқушының білімді меңгеруімен бірге оның оқу-танымдық іс-əрекетін белсендіру жағына
да баса назар аударуы қажет.
Ендеше, əрбір сабақ барысында мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың пəнге деген
қызығушылығы мен ынтасын қалыптастырып танымдық белсенділігін арттырып отыруы қажет.
Белсенділік – оқушылардың күнделікті іс-əрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді
шығармашылықпен орындай білу қабілеті.
Оқушылардың оқу-əрекетін белсендіру, олардың алдына қойылған танымдық тапсырмаларды
шешуден басталады. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету жолында батылдық көрсетіп,
қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс-əрекеттің ішінде оқу-танымдық ойындар баланың
белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын
арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқу-танымдық ойындар оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенді формасы жəне
олардың шығармашылық дамуын қалыптастырушы құралы. Шығармашылық ойындар оқу-тəрбие
процесінде іскерлікпен дұрыс ұйымдастырылса əр оқушының белсенді танымдық іс-əрекетін
арттыруға мүмкіндік береді. Əрине, оқу-танымдық ойындарға дайындық кең ауқымды жұмыс,
сондықтан мұғалім тарапынан ерекше ыждаһаттылықты қажет етеді.
Танымдық ойындардың педагогикалық мəні мынада: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,
танымдық белсенділігін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Оқу-танымдық ойындар
оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасын айқындап, олардың білімі, білігі мен жеке оқу
қабілеттерін тексеру үшін мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқу-танымдық ойындар
оқушылардың жеке белсенділік, ізденімпаздық, іскерлік, жауапкершілік, мақсаткерлік сияқты
қасиеттерін дамытады.
Мектепте оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мəселесіне педагогтардың,
психологтардың, əдіскерлердің еңбектері арналған.
Көптеген зерттеушілер танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін, оқушылардың өздері
белсенді болуы жəне мұғалім тарапынан да дұрыс басшылық қажет деп есептейді.
Танымдық белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының
ерекше көрінісі. Танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық,
дидактикалық шарттардың орындалуы тиіс.
Мұндай шарттардың бірі – сабақ жүргізу барысында мəселелік (проблемалық) сұрақтың
жауабын іздестіруде мəселелік оқыту əдісін (мəселелік жағдаят туғызу, мəселелік тапсырмалар,
мəселелік сұрақтар қою т.б.) пайдалану. Екіншісі – оқушының өзіндік жұмыстары.
Мəселелік жағдаят (проблемная ситуация) – субъекті мен объектінің арасындағы өзара іс-
əрекеттестігінің ерекше түрі; субъектінің (оқушының) бұрын белгілі емес білімді немесе əрекет
тəсілін (ашу немесе меңгеру) табу үшін берілген тапсырманы орындау кезіндегі күйімен
сипатталады.
Мəселелік (проблемалық) жағдаяттың психологиялық құрылымына мыналар кіреді:
а) адамның интеллектуалдық іс-əрекетін тудырушы танымдық қажеттілік;
б) əрекет тəсілі немесе белгісіз білімге қол жеткізу;
в) адамның шығармашылық қабілеттері мен өмірлік тəжірибесін қамтитын интеллектуалды
мүмкіндіктері.
159
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Мəселелік жағдаяттың тууы ойлау процесінің шегімен шектеледі. Ойлау процесінің төменгі
шегі тапсырманы орындау үшін меңгерілген білімнің жеткілікті жағдайына сəйкес келсе, ойлау
процесінің жоғарғы шегі адамның алдына қойылған интеллектуалдық тапсырмаларды түсінуі
үшін меңгерілген білімнің аздық етуімен сипатталады.
Мəселелік тапсырма (проблемное задание) – мақсатқа жету үшін əрекетті дұрыс орындауда
белгісіз жаңа білімге танымдық қажеттілікті тудыратын практикалық жəне теориялық тапсырма.
Мəселелік сұрақ (проблемный вопрос) – белгісіз заңдылықтар мен іс-əрекет тəсілінің аумағын
анықтайтын сұрақ.
Мəселелі оқыту барысында мұғалім оқушының іс-əрекетіне бағдар жасай отырып, жауап
табудың жолдарын үйретеді. Мəселелі оқытудың ерекшелігі: оқушыға білім дайын күйінде
берілмей, оқушыдан мəселені ізденіс нəтижесінде шешуді талап етеді.
Ізденіс (поиск) – мəселелік жағдаятта белгісізді іздеу пəнді жəне əрекет жағдайын жаңа
байланыс жүйесін іске қосу арқылы жүзеге асырылады. Ізденіс белгісізді табу үшін жəне қойылған
тапсырманы шешуге қызмет ететін жаңа əрекет негізінде құрылатын байланыс жүйесі.
Мəселелі оқытудың тиімді жақтары:
- оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады;
- оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- оқушыларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- берік білімге, оқытудың жоғары нəтижесіне қол жеткізеді.
Мəселелі оқытудың кемшіліктері:
- оқушылардың танымдық іс-əрекетін басқаруға əлсіз ықпал ету;
- мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Оқытудың мəселелік түрі жөнінде А.Дистервег: «жаман ұстаз шындықты хабарлап қояды,
ал жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді» - деп жазған болатын. Олай болса қазіргі талап
бойынша білім алушыға білімді дайын күйінде бермей, оны табудың көздерін, іздену
тетіктерін, нəтижеге жету жолдарын айқындап беруді мұғалім үнемі ескеріп отыруы тиіс.
Оқушылардың оқу-жұмысын ұйымдастыруда өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өйткені
оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге баулу – олардың білімге деген ынтасын арттырып,
қызығушылығын оятады, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді, олардың
логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың шарттары мыналар:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың жəне аяқтаудың уақытын белгілеуі;
- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз
еркімен жəне қалауымен істеуі;
- оған əсер ететін мотивтер т.б. Ал, Р.Г.Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды
ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
- жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нəтижесіне қызығуы;
- жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Өздігінен жұмыс істеудің бір түріне үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізу жатады.
Жұмыстың бұл түрі арқылы оқушылардың сөйлеу шеберлігін дамытып, сауатты жазуға, ойын
дұрыс жеткізе білуге дағдыландырады.
Сондай-ақ оқушылардың өз беттерінше атқаратын жұмыстарын репродуктивтік жəне
шығармашылық деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Репродуктивтік жұмыстарға – оқушылардың өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып
атқаратын жұмыстарын жатқызуға болады. Мəселен, өз бетінше жаттығулар орындау (үйде,
мектепте), мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру, оқулықпен жұмыс жасау т.б.
Шығармашылық жұмыстарға – оқушылардың өз бетінше шығарма, мазмұндама, реферат,
баяндама жазуы, көрнекі-құралдар, модельдер жасауы жəне көркем əдебиеттер бойынша
жүргізілетін жұмыстары жатады. Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-
əрекетінің ең жоғары формасы.
Шығармашылық жұмыстарды орындау оқушылардың өз бетінше ойлау, салыстыру,
топшылау, үйлестіру, қорытынды жасау, өзіндік жаңалық ашу сияқты қабілеттерін дамытуда
маңызды роль атқарады. (1-сурет).
160
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Психологияда өзбеттілік бұл жеке тұлғаның ең негізгі қасиеті деп есептелінеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысы алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік беретін жеке
қасиеттерінің жиынтығы ғана емес, сондай-ақ болашақ мамандығын таңдауына өзара қатынасын
сипаттайтын жеке тұлғаның қоғамдық көрінісі. Өзбеттілік пен белсенділік бір-бірімен тығыз
байланыстағы ұғымдар, алайда белсенділіксіз өзіндік жұмыс жүрмейді, ол əрдайым белсенділікті
қажет етеді, өзіндік жұмыс арқылы оқушылар оқуды басқа біреудің көмегінсіз меңгере алады.
Өзіндік жұмыс – бұл оқу үрдісінің демеуші күші, оқытудың тиімді əдісі, белсенділіктің
маңызды көрсеткіші.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырып өз бетінше шығармашылықпен жұмыс
істеуіне В.Ф.Шаталов ұсынған тірек сигналдарын пайдалану олардың оқу-ісіне шығармашылық
қатынастың негізі бола түседі. Жаңа кең көлемде əрі берік игерілген білім мөлшері
шығармашылықтың негізгі алғышарттарының бірі болып табылады.
В.Ф.Шаталов: «Жинақы əдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды
белсенді ізденіске бастайды. Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады» -
деп көрсетеді.
Тірек сигналдарымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу терең де сапалы білімді жəне оқу ісіне
деген шығармашылық қатынасты қалыптастырады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары негізінде мынадай танымдық біліктері қалыптасады:
- қосымша əдебиеттермен жұмыс істей отырып, өз бетімен білім алу;
- бақылау жүргізу жəне қорытынды шығару;
- өз бетінше тəжірибе (эксперимент) зерттеу жұмыстарын жүргізу жəне соның негізінде
жаңа білім игеру;
- теориялық білім негізінде тұжырым жасау.
Оқушылар танымдық біліктерімен бірге мынадай практикалық біліктер игереді:
- өлшегіш құралдарды пайдалана білу жəне түрлі өлшеу жұмыстарын жүргізу;
- сандық, логикалық, графикалық,тəжірибелік (эксперименттік) есептерді шығару;
- техникалық құралдарды пайдалану жəне т.б.
Оқу үрдісінде оқушының танымдық белсендігін қалыптастырудың ең маңызды құралы
өзіндік жұмыс болғандықтан, оқушылардың дербес орындайтын жұмыстары жеке тұлғаны жан-
жақты жетілдіріп дамытуда, танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, келешекте
білімді өз бетінше жинақтай алу қабілеттерін меңгеруде жетекші рөл атқарады.
161
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНДЕГІ ТҮРІКШІЛДІК ИДЕЯ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Г.М.Тезекбаева
Əдебиетіміздің тарихындағы аса күрделі қайшылықтары қисапсыз кезең – XX ғасырдың
алғашқы он шақты жылы, Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Ресей империясының өз ішіндегі
дағдарыстардан шығудың жолдарын іздеуі – оның ішкі жəне сыртқы саясатына ала бөтен əсер
еткені тарихтан мəлім. Осы орайдағы жүйелі, айнымас саясаттың бірі - отар ұлттарды қанауды
аяусыз жалғастыру, олардың ұлттық сана-сезімін тұншықтырып, ассимиляциялау жолдарын
қарастыру. Бұл бағытта жоспарланған шаралар кешенді түрде жүргізілгені бүгінде бұлтартпас
қыруар тарихи деректер арқылы айқындалды.
Отарланған ұлттарды орыстандыру мақсатымен ашылған жергілікті мектептер, Ресей
патшасы саясатын насихаттау жəне жүзеге асыру мақсатымен ашылған «Дала уəлаяты»,
«Түркістан уəлаяты» сияқты газеттер, баспалар, бір жағынан, патша саясатына қолдау
көрсеткендей болса, екінші жағынан, езілген еңбекші бұқараның ауыр тұрмысы мен мұң-
мұқтажы туралы айтпай тұра алмады. Орысша оқыған қазақ азаматтары шыға бастады. Олар өз
халқының ауыр тұрмысын көріп өскендіктен, ашынып жазған түрлі мақалаларында əлеуметтік
езгіден құтылу жолдары туралы ойларын ортаға салды.
XX ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің басты сипаты – азаттық, бостандыққа, береке-
бірлікке шақыру, Ресей империясының басқыншыларына қарсы күрес сарыны, халықты ерлікке,
жауды жеңуге шақыру, Отаншылдық, ұлтжандылық үні, азаттық үшін халықты қалың ұйқысынан
ояту, əлемдегі тіршіліктің даму үрдісін үндеу əдебиеттің негізгі сипаттарының бірі болды.
Бұған қоса, Қазан, Орынбор, Семей, Петербург, Уфа, Ташкент, Троицк, Орал қалаларында
кітаптар басылып шығып жатты. Осылардың қатарында фольклор туындыларымен қоса, Абай,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Көпеев, т.б. бірталай
қаламгерлердің түрлі жанрдағы, алуан тақырыптағы шығармалары бар.
Аталған мерзімді басылымдар мен кітаптардың көркемдік нысанасына əсер еткен, Ресей
мемлекеті өмірінде құбылыстар тудырған аталған тарихи–саяси оқиғалар, Ресей мемлекетінің
ішкі отаршылдық саясаты (отарлауы) ел байлығын талан-таражға салуы, тіршілік негізі –
шұрайлы ата-қоныстан айыруы, тілдің шұбарлануы, қайыршылыққа ұшыратуы, одан əрмен
кіріптар етуі, орыстандыру, шоқындыру əрекеттерін жүйелі түрде жүзеге асыра бастауы, кен
байлықтарын түгелдей отаршылдардың қолына беруі, қазақтың өз ішінде алауыздық тудыру үшін
алуан астыртын айла-шарғылар жасауы, отарланған елдің шонжарларын билік құралы ретінде
пайдалануы, капиталистік қатынастардың ене бастауы, отаршылдық саясат салдарынан феодалдық
деңгейде мешеу қалған отар елдің тұрмыс – тіршілігініе сол қатынастардың əсер етуі, тарихи-
əлеуметтік езгінің асқынуы – осының бəрі қалың бұқараның санасына түсінікті жəне жедел əсер
етуге оңтайлы жанр шығармаларының дүниеге келуіне, олардың тақырыптық сипатына, жанрлық
мүмкіндіктеріне ықпал жасады.
Абайдан бастап анық көрінген реалистік əдебиеттің жаңа үлгілері поэзияда да көптеп
дүниеге келіп жатты.
Құлдық қамытынан құтылуды аңсаған қалың елді азаттық айдынына алып шығудың
жалғыз жолы күрес екенін терең түсінген Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
С.Торайғыров, М.Жұмабаев төңкерісшіл-демократтық бағытта қалам толғады. Олар өз
шығармаларында қоғамдық - əлеуметтік кеселдерді сынға алумен шектелмей, зорлық-
зомбылықтың терең тамырларын анық көрсетті, бұйығы, бейшара көнбестіктен,күресуге
шақырады. А. Байтұрсыновтың «Маса» М. Дулатовтың Оян, қазағы, С.Торайғыровтың «Алаш
ұраны» өлеңі М. Жұмабаев өлеңдері шындықты тайсалмай, ашық айтады. Алғашқыда
ағартушылық сипатта сыр танытқан ұлттық – қоғамдық отаршылдық озбырлық күшейе түскен
сайын ширыға берді, буырқанып, бақытқа, азаттыққа апаратын жаңа жолдар іздеді. Бұл идеяның
күшеюіне себепкер, ең алдымен, халқымыздың бостандыққа, тəуелсіздікке ұмтылуы сияқты
тарихи қажеттілік болса, сонымен қатар Ресейде төңкерісшіл – демократтық идеялардың
туындауы мен бел ала бастауының да орасан ықпалы болды.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) сол қоғам келбетін, дəуір тынысын өз
шығармаларында барынша жан-жақты, сан-қырлы сипатта, түрлі мазмұнда бейнелеп, халық
162
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
тағдырын арқау еткен даынды ақындар шоғыры тарих сахнасына шықты. Олар А.Байтұрсынов
бастаған, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев сынды саңлақтар. Сөзімнің дəлелді болуы үшін
осы XX ғасыр басындағы əдебиеттің ірі өкілі Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына
тоқталмақпын:
Ахмет шығармашылығының қуаты мен мазмұн байлығы замана келбетін бар бедерімен
көрсете білген шыншылдығында жатыр. Ол көркемсөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынды.
Сондықтан ақын өз өлеңдерінде заманының көкейтесті мəселелерін ашуға тырысады. Ахмет
Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Əділетсіздіктің бет алып, сталинизм қылышынан қан
тамған кезеңде өзінің ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істерімен танылады. Қазақ ортасы, түркі
əлемі ғана емес, орыс ғалымдарының өзі мойындайды, жоғары бағалайды. 1929 жылы Мəскеуде
«Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Əдебиет энциклопедиясының» I томында
«А.Байтұрсынов - аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі жəне педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің
реформаторы, грамматиканың жəне қазақ əдебиеті теориясының негізін салушы» - деп бағаланып,
өмірбаяны беріледі, қоғамдық - əлеуметтік қызметі айтылады.
Ол қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне əсер ету жолдарын іздеген
ақын:
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Одан əрі ақынның оянған жұртына айтары:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып,-деп, жырлаған ақынның қайғысы – тар елге айналып, басына зіл-
батпан ауыртпалық түсе бастаған қазақ елінің қайғысы. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының
əсерінен ел ішінің бүлініп, психологиялық өзгеріске түсуі, билік құмарлыққа салынған əкім-
билердің ықпалымен адамдар арасында өзара талас-тартыс көбейіп, ынтымақ, бірлікке нұқсан
келуі, ғасырлар бойы жаугершілік жорықтарда намысын ешкімге таптатпаған асқақ рухты халық
ұрпағының билікке жету, жеке пайдасы үшін шығымпаздыққа бой алдыра бастауы ақын кеудесін
қайғыға толтырады. Ұлт бойына сыналап кіріп, дендей бастаған жағымсыз мінез, көріністерді
сынайды, ұнамсыз кейіпкері бейнесін жасайды.
Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,
Телміріп бір тойғанын ар қылмаған.
Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған,- -деген жолдарда рухынан
айырылған ұлт өкілі бойына жағымпаздық дерті дендеген, отарлық бұғауы шырмап, санасын
құлдық психология билей бастағандардың жанды бейнесі айқын көрініс тауып жатыр.
Ұлтына «Оян қазақ!» деп ұран салған қайраткер, жазушы, ақын Міржақыптың даңқын
қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түрік əлеміне тұтас жайған «Оян қазақ!» кітабы 1909 жылы
Уфада шығып, 1911 жылы Орынборда екінші рет басылды. Бұл - қазақ əдебиетінің
тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі.
«Оян қазақ!» кітабына енген өлеңдердің атына назар аударайық: «Қазақ халқының
бұрынғы мағишаты», «Өнермен хасыл болған нəрселер», «Сайлаулар хақында», «Қазақ жерлері»,
«Мешіт - медресе хақында», «Қазақ халқына діни бір уағыз», «Таршылық халіміз хақында аз
мінажат». Негізінен «қазақ», «жер», «өнер», «дін», «насихат» деген сөздерге ерекше салмақ
берілгенін аңғару қиын емес. Кітаптың алғашқы жолдары:
Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бəйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
Осындағы «оян» сөзі – автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы.
Шұрайлы жерлерден, ата қоныстан айырылған қазақ халқының басына түскен тұтас
ауыртпалықты ақын қайғылы хал, азалы сарын етіп көрсетеді. Ал қазақтың өз ішіндегі кесепаттар,
билікке таласып, ндандыққа белшесінен батқан, оқу-білімнен құралақан ескілік, бай мен кедей
арасындағы ойсыраған айырма, аянышты тағдыр – осының баршасына ақын өзінің айқын
көзқарасын білдіріп, жаңалыққа, ғылымға, адамгершілікке үндейді. «Алаш» деп ұран салып,
«оян» деп шырылдайды, философиялық публицистикалық ойлар айтады.
Жас ақынның назары, ең алдымен, халқының өткен тарихына, қазіргі жағдайына
тоқталады. Ол не нəрсені болса да бөліп алмай, тұтас қарайды. Өз халқымен өзге халықтарды
163
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
салыстыра отырып, артта қалған мешеу ауыл үшін күйіне зар төгеді. Қараңғыда қамалған елі үшін
сергек, жігерлі, салмақты ұран тастайды. «Сағыну», «Жас қазақтар» «Елім-ай», «Зар заман»,
«Алашқа», «Жаңа тілек» өлеңдері – поэзиядағы азаматтық сарындарды биік сатыға көтерген жаңа
сападағы ұранды, дауылпаз толғаулар.
Өз қамыңды ойлан өзің, ел болсаң,
Ел боламын, тең боламын дер болсаң.
Көктен теңдік келмес, өзің кем болсаң,
Мең-зең болмай, талпын, оян алашым!
(«Жаңа тілек»)
Мұнда да ақын өзінің азаттық, еркіндік, адалдық идеяларын дамыта, тереңдете түседі.
Символдық, ишарат ойларға меңзейді.
Əдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қайраткер Міржақып
Дулатовтың өмірлік мақсатының биік нысанасы – туған халқының бостандығы: өзін-өзі билеуі,
отарлық езгіден құтылуы. Ол қуғын-сүргін көріп, түрме азабын тартып жүрген азапты күндердің
өзінде де, ақтық демі біткнше бұл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ
буындарын «Алаш» деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатовпен
бауырындай етіп табыстыраты, айналып келгенде, осы мəңгілік жасайтын асыл қасиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |