Содержание № Название статьи Стр



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата05.02.2017
өлшемі4,01 Mb.
#3430
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55

Əдебиеттер 
1.  Кеңесбаев I.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Алматы: Ғылым, 1977 
2.  Қайдаров А. Тысяча метких и образных выражений, Астана:Білге, 2003 
3.  Жуков В.П. Русская фразеология. - Москва, Высшая школа, 1986. - 310с 
4.  Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мəдени лексикасы,  Алматы, 1997 
5.  Ақбердиева Г., Ғабитханұлы С., Сейітова Ш. Фразеология жəне тілдік емес құндылықтар 
//Международная научно-пракгическая конференция, посвященная 90-летию Д.А.Кунаева. 
Сбор. докладов, Алматы. 2002. 280-281 с. 
6.  Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясының терминдері жайлы // Хабаршы.Филология сериясы. 
№9 (60). - Алматы: Қазақ университеті, 2002 
7.  Байтелиев А.Ə. Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы. Тараз. 2001 
8.  Сəтенова  С.  Образно-фразеология      основа      устойчивых  выражений,  образованных  на 
основе лексики скотоводства в казахском языке, Алматы. 1990 
9.  Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері, Алматы, 1998. 
 
 
 
 
 
АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫН ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУ 
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ж.Б.Қасымова, Н.Т.Рыскелдиева 
 
Ақыл-есі  кем  оқушылардың  күрделі  кемістіктері  олардың  лексикасында  анық  байқалады. 
Ақыл-ойы кем балалардың  тілі өздерінің дені сау құрбыларына қарағанда  кеш шығады. Мұндай 
балалардың  психикасы дұрыс дамымауы салдарынан  сөйлеу тілі де мөлшердегідей дамымайды. 
Сол  себептен  олардың  сөйлеу  тілі  шектеулі,  сөздік  қоры  кедей,  сөйлем  құрауы,  ауызекі 
байланыстырып    сөйлеу  қабілеті  төмен  болып  келеді.  Олардың  сөйлеу  тілінде  грамматикалық 
категория,  яғни  абстрактылы  түсініктері  жойылған,  көптеген  заттардың  атымен  таныс  емес,  əр 
түрлі деңгейдегі кең ауқымды сөздерді талдай білмеуі баланың сөйлеу тілінің нашарлауына жəне 
сөздік  қорын  толық  таңдай  алмауына  əкеп  соқтырады.  Оқушылардың  сөйлеу  тілінің  мимикалық 
жағының  кемістіктеріне    сөздерді  дұрыс  түсінбеуі  жəне  оларды  дұрыс  қабылдамауы  жатады. 
Балалар  сыртқы  пішіні  ұқсас  заттарды  бір  сөзбен  айтады.  Мысалы,  қоңызды – маса,  өрмекші, 
құмырсқа деген сөздермен атай береді.  
Ақыл-есі кем балалардың тағы  бір лексикалық  арнайы қасиеті – бұл белсенді жəне енжар 
сөздік  арасындағы    паталогиялық  өзгешелік.  Бала  сөйлеу  тілінде  қолданып  жүрген  жəне  білетін 
сөздердің арасындағы мəнін айыра алмауы, бұл баланың ойлауының  төменгі деңгейде дамуынан 
көруге болады.  
Ақыл-есі  кем  оқушылардың    сөйлеу  тілін  дамыту – бұл  ең  басты  міндеттерінің  бірі  болып 
табылады.  Бұл  міндеттер  арнайы  (түзету)  мекемелерде    барлық  оқу  пəндерін  оқыту  үрдісінде 
шешіледі.  Балалардың  əр  түрлі  сөйлеу  тілі  бұзылыстарын  түзете,  сөйлеу  тілі  біліктілігін  жəне 
дағдысын  қалыптастыра,  оқушылардың  танымдық  қасиеттерін  дамыта  отырып,  психикалық 
функцияларын шыңдаймыз.  
Қазақ  тілі  сабағында    ақыл-есі  кем  балалардың    сөйлеу  тілін  дамыту  жұмысының    нақты 
міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: 
1.  Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. 
2.  Сөйлеу тілі кемістігін түзету жəне сөйлеу дағдысын қалыптастырумен жұмыс жасау. 
3.  Сөздік қорын белсендіру, жалпылау, нақтылау.  
4.  Сөйлемді дұрыс безендірудің грамматикалық дағдысын дамыту.  
5.   Ауызша сөйлеу тілінің диалогтік жəне монологтік түрін дамыту жəне түзету.  
6.  Өз ойын жазбаша жəне ойша байланыстыра айту іскерлігін дамыту. 

 
200 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Қазақ  тілін  оқыту – оқу  пəнінің  мазмұны  мен  құрылымымен  анықтайтын  түзету  мен 
тəжірибелік  бағытта  болып  келеді.  Бағдарламалық  материалдың  түзетуге  бағытталуы  бірінші 
кезекте баланың сөйлеу аумағында көрінеді. Өйткені, қазақ тілі пəнінің маңызды мақсаттарының 
бірі – сөйлеуді  қарым-қатынас  құралы  ретінде  қалыптастыру.  Оқыту  үрдісінде  баланың  барлық 
кемістіктерін  жан-жақты  жою  жұмыстары  жүргізіліеді.  Арнайы  логопедиялық  сабақтарда  жəне 
қаза  тілі  сабағында сөздерді  айту  кемістіктерін  түзетеді, фонетико-фонематикалық  елестетулерін 
қалыптастырады.  
 
Жоғарғы  сыныптарда  грамматиканың  элементарлы  жүйелеу  кезеңінде  практикалық 
граматикалық  жаттығуды  орындау  үрдісінде  ақыл-есі  кем  балалардың  фонетика,  лексика, 
морфологиялық,  синаксистік  аумағында  алғашқы  тілдік  қарым-қатынасын  қалыптастырады. 
Мұндай  жолмен  қалыптасқан  алғашқы  тілдік  қарым-қатынас  грамматикалық  түсініктер  мен 
орфографиялық ережелерді меңгеруіне сүйене отырып қызметін атқарады.  
 
Ақыл-есі  кем  балалар  күрделі  мағыналы  байланыстар  жүйесін  меңгеруде  қиындықтарға 
ұшырайды,  ал оңайы  жай  сөйлемдер. Сондықтан да, 1 мен 9-сыныптардың  бағлдарламалары бір 
тақырыпты  бірнеше  жылдар  барысында  оқытылады.  Нəтижесінде  біртіндеп  мағына  негізінде 
жатқан байланыстар санын арттырады, қабілетін жəне дағдыларды дамытатын тілдік жəне сөйлеу 
базасы кеңейтіледі. 
 1-сыныптағылар  мұғалімнің  сұрақтарына,  сюжетті  суреттерде  орындалған  іс-əрекетке 
шоғырлана  отырып,  сөйлем  құрайды.  Осының  нəтижесінде  балалар  «сөйлем»  терминіне  үйреніп 
жаттығып  қалады.  Бастапқыда  оқушылар  жайылмаған  сөйлем  құрастыра  отырып,  одан  кейін, 
оларды  əрдайым  шын  қабылдаған  объектілер  мен  əрекетерге  бағдарлана  отырып  зат  есімдермен 
толықтырып отырады.  
 2-сыныпта  оқушылар  көрнекіліктердің  негізінде  сөйлем  құрастыру  дағдыларын  меңгере 
отырып,  мұғалімнің  берілген  тақырыбына  сөйлем  құрастыру    дағдыларын  меңгереді.  Оқудың 2-
жылында оқушылар тəжірибелік жұмыстың көмегімен сөйлемдегі сөздердің белгілі-бір тəртіппен 
орналасатыны жайлы қорытынды жасайды.  
Осындай жұмыстар 3-сыныпта да қайталанады. Егерде сөйлемді құрастыру үшін көрнекілік 
пен  сөздік  негізі 2-ші  сыныптағыдай  қалса,  онда  сөйлеу  базасы  айтарлықтай  кеңейді.  Мұндай 
тапсырмаларды  орындау  балаларға  зат  есімдер  мен  заттардың  белгілерін  білдіре  алу  қабілетін 
игеруге  көмектеседі.  Тек  қана 4-сыныпта  балалар  сөйлемді  құрастыруда  жеткілікті  тəжірибе 
жинақтағанда,  оларға  бірнеше  теориялық  жалпылауларды  ұсынады,  бұл 3 жылғы  практикалық 
жұмыста  қорытындылайды: «Сөйлем  аяқталған  ойды  білдіреді.  Сөйлемдегі  сөздер  белгілі  бір 
ретпен жəне мағынасы бойынша байланыстармен орналасқан». 
 4-сыныпта балалар сөйлем құрастыруды жалғастырады, бірақ онда тек қана зат есімдерді 
ғана қолданбайды, сонымен қатар үстеуді, етістік, сын есімді қолдана бастайды. 
 
Бағдарламада  сонымен  қатар,  ақыл-есі  кем  оқушылардың  лексикалық  ойлауы  салдарынан 
дифференциация  дағдыларының  дамыуының  төмен  деңгейі  де  ескеріледі,  ол  əсіресе  вербальды 
деңгейде ерекше көрінеді. Барлық сыныптарға салыстыруды, ұқсас мағыналарды табу, жалпылау 
жəне ажырату белгілерін қалыптастыруды талап ететін тақырыптар бөлінген. 
 
 Бағдарламалық  материалдың  тəжірибелік  бағыттылығы  баланың  сөйлеу  дағдыларын 
қалыптастыруға  бағытталған.  Бұл  бағыт  ең  алдымен  арнайы  ауызша  сөйлеу  тілін  дамыту 
сабақтарымен  қамтамасыз  етіледі(1-4сыныптар).  Мұны  бағдарламаның  əрбір  бөлімі 
куəландырады: «Оқу  мен  сөйлеудің  дамуы», «Грамматика  жəне  жазу  ережесі  мен  сөйлеудің 
дамуы».  
 
Жоғарыда  айтылып  кеткен  ақыл-есі  кем  оқушылардың  тілді  меңгерудегі  ерекшеліктері, 
əсіресе  оның  ішінде  біздің  зерттеу  тақырыбымызға  байланысты  сын  есімді  меңгеру 
ерекшеліктеріне тоқталып кетейік. 
Көмекші  мектепте  сын  есімге  оқыту  оқушылардың  сөйлеу  тілінің  дамуында  маңызды 
орынды  алады.  Ақыл-есі  кем  оқушылар  сын  есімнің  грамматикалық  мағынасын  түсінуі  қиынға 
соғады, оның грамматикалық белгілерін меңгеруде қиналады. Оқушылар ережелерді механикалық 
түрде  жаттайды,  сын  есімді  зат  есімдермен  сəйкестендіре  алмайды,  адамның  қасиетін  білдіретін 
сын есімдерді өте сирек қолданады. Көмекші мектепте сын есімді оқытуға 100 сағат бөлінеді. Осы 
уақыт аралығында оқушылар өздерінің қиындықтарынан айырылуы қажет.  
Ақыл-есі  кем  балаларда  сөздік  қорының  кедейлігі  анықталады,  соның  нəтижесінде  
сөйлеуініңі  дамымауы  мен  оның  мағынасы  анық  емес  болады.  Адамның  сөйлеу  тілінде  сын 
есімдердің  ролі    өте  үлкен,  оның  көмегімен  сөйлеу  тілі  анық  болып,  пəннің  сипаттамасын 
нақтылауға қол жеткізуге болады. Сондықтан ақыл-есі кем балалардың сөйлеу жетіспеушілігі  сын 

 
201 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
есімді  қолданумен  жүзеге  асырылады.  Бұл  жағдай  көмекші  мектептің  3-4 сыныптарында 
жүргізілген    эксперименттермен  нақтыланады.  Оқушыларға 10 зат  есімнен  сын  есімді    талдау 
ұсынылды.  Əрбір зат есімге  3-ші сынып оқушылары үш сын есім, 4-ші сынып оқушылары  бес 
сын  есім,  ал  қалыпты  дамыған 3 сынып  оқушылары    екі  есе  көп  таңдаған.  Сын  есімдердің 
жартысынан көбі сөздердің аз ғана тобына бөлінеді.  
Жүргізілген тəжірибе нəтижесінде көмекші мектептің төменгі сынып оқушыларының сын 
есімді қолдану жиілігі мынадай: 
үлкен – 94 жағдайда                     əдемі – 53 жағдайда 
кіші – 68 жағдайда                        жақсы - 34  жағдайда     
ақ – 81 жағдайда                            нашар – 25 жағдайда 
қара – 52 жағдайда                        лас – 41 жағдайда 
қызыл – 51 жағдайда                     таза – 39 жағдайда 
сары – 49 жағдайда 
Осындай  сын  есімдерді    жалпы  санынан 51%  құрайды. «Үлкен»  жəне  «кіші»  сияқты  сын 
есімдерді  қолданумен шектелген. Бірақ қалыпты дамыған балалардың қолданған сын есімдердің 
құрамы едəуір кең жəне əр түрлі болған. Ақыл-есі кем балалардың сөйлеу тілінің  шаблондылығы 
сөздердің  бір  тобын  қолданудан  туындайды.  Ақыл-есі  кем  балалар  сөздік  қорының  кедейлігімен 
сипатталады, олар сын есімді сирек қолданады. Келесі эксперимент аз қолданатын сын есімдерді 
қатыстырып   сөйлем ойлап  табумен шектеледі.  Мысалы, мөлдір, қауіпті, ашық жəне т.б. Ал бұл 
сын  есімдердің  мағынасын  балалар  біледі.  Бір  апта  өткеннен  кейін    балаларға  қалдырып  кеткен 
сын  есімді    табу  ұсынылды.  Көп  жағдайда  балалар    қажетті  сөздерді  есіне  түсіре  алмады  жəне 
күнделікті  қолданылатын  сын  есімдерді  қойды.  Мұндай  сын  есімдерді  еске  түсіру  үшін  
ересектердің көмегімен жүмыс  істеу жүргізілді. Кейбір сын есімдердің мағынасын  ақыл-есі кем 
балаларға  фонетикалық  ұқсастығымен  түсіндіріледі.  Балалар  түстерді  нашар  ажыратады.  Оқу 
үрдісін жақсы ұйымдастыру сын есімді сапалы меңгеруге алып келеді. 
Көмекші  мектеп  оқушыларының    əр  түрлі  деңгейде  оқуында  адамның  тұлғалық  қасиетін  
сипаттайтын  сын  есімдердің  мағынасын  қалай  түсінетіндігі,  сөздер  тобының  лексикалық 
мағынасын  қаншалықты  сəтті  қолданатындығы  бізді  қызықтырады.  Эксперименттік  материалды 
талдау,  сын  есімдерді  қалай  қолдану,  олардың  дұрыстылығын,  нақтылығын  ескерілетін 
критерийлермен іске асады.  
1. Көптеген оқушылар  қарама-қарсы мəнді сын есімге  «жоқ» немесе «емес» сөздерін қосу 
арқылы  жеңілдетіп  алды.  Үшінші  сыныпта – 46,8%, төртінші  сыныпта – 47,4%. Алынған 
материалдың  анализі  адамның  тұлғалық  қасиеттерін    сипаттайтын  сын  есімдердің  мағынасы 
бойынша  қарама-қарсы  сөздерді  дұрыс  жəне  нақты  анықтау  жетіспеушілігі,  əлсіз 
ажырататындығын көрсетті. 
2.  Синоним  сөздерді  таңдауда  көптеген  қателіктер  жібереді.  Ақыл-есі  кем 3-ші  жəне 4-ші 
сынып оқушылары  мағыналары жақын сөздерді игере алмайды.  
3.  Адамға  деген  қатынастың    жағымды  жəне  жағымсыз  жақтарын  сипаттайтын  сөздер, 
көбінесе жақсы жəне жаман деген сөздерін пайдланады. Көптеген оқушыларға конспектінің көмегі 
тимеген. Бұл ақыл-есі кем оқушылардың  тек қана белсенді емес, сонымен қатар  лексикалық қоры 
шектеулі екенін көрсетті.  
4.  Ақыл-есі  кем  оқушылардың    біраз  бөлігі    адамдық  қасиеттерді  жеткіліксіз  бағалайды, 
синоним  сөздерді  əлсіз  ажыратады.  Ауызша  түсінік  айтуда  ақыл-есі  кем  оқушылар  сын  есімді 
пайдаланбайды.  
Сыныптан  сыныпқа  өткен  сайын  ақыл-есі  кем  оқушылардың  сын  есімді  пайдалану 
мүмкіндігі  арта  түседі,  бірақ  жоғарғы  сыныптарда  сөздерді  қолдану  сипаты  өзгереді. 3-4-ші 
сыныптағы ақыл-есі кем оқушылар  көлемді, кеңістіктік түсініктерді, қажеттіліктерді, материалға 
байланысты белгілерді, түсті білдіретін сын есімдерді қолдану 5-ші сыныпқа қарағанда əлдеқайда 
нашар болып келеді. Ал, 7-ші сыныпта оқушыларда бағалау сипатындағы сын есімдерді қолдана 
бастайды.  
Сын  есім  туралы  түсінікті  қалыптастыру 4-ші  сыныпта  басталады. 5-ші  сыныпта  олар  
заттың  белгілері  туралы  білімді  қайталайды.  Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен,  тəжірибелік 
жолмен  мыналарды  біле  бастайды:  зат  бірнеше  белгілерден  тұрады,  заттың  белгілері  жан-жақты 
сипатталады,  сол  жəне  басқа  белгі  əр  түрлі  заттарда  болуы  мүмкін,  белгілер  мағынасы  жағынан 
қарама-қарсы  болып  келуі  мүмкін.  Сын  есімнің  грамматикалық  формасы  мен  грамматикалық 
мағынасын  сөз  таптары  ретінде  меңгереді. 6-шы  сыныпта  негізгі  жəне  туынды  сын  есімді  өтеді. 
Туынды  сын  есім  жасайтын  жұрнақтарды  өтеді. 7-ші  сыныпта  дара  жəне  күрделі  сын  есімдер, 

 
202 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
олардың  емлесі,  қарама-қарсы  мəндес  сын  есімдерді  жəне  сын  есімнің  сөйлемдегі  сөздермен 
байланысын  өтеді. 8-ші  сыныпта  сын  есімнің  шырайларын:  жай  шырай,  салыстырмалы  шырай, 
күшейтпелі  шырай  жəне  олардың  емлесін  өтеді. 9-шы  сыныпта  сын  есімнің  түрлері,  олардың 
емлесі,  сын  есімдерді  қолданып  берілген  деректі  заттарды  сипаттауды  үйренеді.  Сын  есімнің 
шырайларын қайталайды.   
 Сын есімді қалыптастыруға арналған тапсырмалар:  
1. Грамматикалық тапсырма. Сөздерді сызықпен қос. 
Мақсаты: сын есімді зат есімдермен сəйкестендіру, сөздік қорды байыту. 
Жұмыс  барысы:  балаларға  екі  қатар  сөздер  беріледі.  Бірінші  қатарда – зат  есімдер, 
екіншісінде-сын  есімдер.  Сөздердің  орны  шатастырып  берілген.  Оқушылардың  міндеті – зат 
есімдерді сын есімдермен мағынасына қарай сызық арқылы біріктіру: 
су                                        ашық 
кітап                                   биік 
алма                                    мөлдір 
аспан                                  аппақ 
қар                                      қызықты 
тау                                      тəтті 
2. Жіберілген сөздерді дұрыс қойып шық. 
Мақсаты: сын есімдер мен зат есімдерді сəйкестендіру іскерлігін дамыту. 
Жұмыс  барысы:  балаларға  сын  есімдер  жіберілген,  бірақ  оларға  сұрақ  қойылған  мəтін 
беріледі.  Оқушылар  қажетті  сөздер  қатарынан  мағынасына  қарай  сын  есімдерді  дұрыс  қойып 
шығу керек. 
Көктем  келді. (Қандай?)  құстары  ұшып  келді. (Қандай?)  түндер  қысқарып,  күндер  ұзарды. 
Ағаштар  мен  гүлдер  (қандай?)  күннің  шуағына  қуанышты.  Құстар  (қандай?)  əуенге  басып, 
айналаны тірілтеді. Көлдерден (қандай?) аққуларды көруге болады. Барлық тірі жан (қандай?) ауа 
райын армандады.  
Қажетті сөздер: қызықты, жылы, жыл, аппақ, ұзақ, ыстық. 
3. Лексикалық тапсырма. Жақсы – жаман. 
Мақсаты: антоним сын есімдерді  таңдай білу біліктілігін жаттықтыру. 
Жұмыс барысы: Балаларға екі сөздер қатары беріледі. Бірінші қатарда адам мінезінің жаман 
қасиеттерін  білдіретін  сын  есімдер,  ал  екіншісінде – жақсы  қасиеттері  беріледі.  Сызық  арқылы 
қарама-қарсы мəндес сөздерді біріктіру қажет: 
ашулы                                   шыншыл 
жалқау                                   ұқыпты 
қорқақ                                    пысық                                  
салақ                                       еңбекқор 
əділетсіз                                 көңілді 
сараң                                       батыр 
4. Тапсырма: «Артық сөзді тап». 
Мақсаты:  топтар  бойынша  (түс,  өлшем,  форма,  дəм,  материал,  тəулік  уақыты)  сын  есімді 
топтастыру біліктілігін арттыру жəне берілген топ бойынша артық сөзді сызып тастау. 
 
А) Түсті білдіретін сын есімдерден заттың пішінін білдіретін сын есімді сызып тастау: көк, 
жасыл, төртбұрыш, қызыл. 
 
Б)  Заттың  өлшемін  білдіретін  сын  есімдерден  пішінін  білдіретін  сын  есімді  сызып  тастау: 
кішкентай, үлкен, орташа, сопақ. 
 
В) Пішінді білдіретін сын есімдерден түсті білдіретін сын есімді сызып тастау: домалақ, көк, 
ұшбұрыш, тіктөртбұрыш. 
 
Г) Дəмді білдіретін сын есімдерден өлшемді білдіретін сын есімді сызып тастау: тəтті, үлкен, 
қышқыл, тұзды. 
 
Д)  Материалды  білдіретін  сын  есімдерден  дəмді  білдіретін  сын  есімді  сызып  тастау:  ағаш, 
темір, пластмасса, ащы. 
 
Е) Тəулік уақытын білдіретін сын есімдерден ауа райын білдіретін сын есімді сызып тастау: 
таңғы, суық, кешкі, түнгі. 
 5. 
Ойын: «Кім көп біледі?» 
 
Мақсаты: заттардың қасиеті туралы  түсініктерді дамыту, сөздік қорды байыту. 
 
Жұмыс  барысы:  балаларға  төрт  қатар  зат  есімдер  беріледі.  Осы  зат  есімдерге  байланысты 
неғұрлым көп сын есімдерді атау қажет. 

 
203 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
 
Күшік –  
 
Шөп –  
 
Қар –  
 
Журнал –  
 6. 
Тапсырма: «Басқаша айт». 
 
Мақсаты: сын есімдердің кері мағынасын түсінуді меңгеру, сөздік қорды байыту. 
 
Жұмыс  барысы:  балаларға  екі  қатар  кері  мағынадағы  фразеологиялық  сөз  тіркестері 
ұсынылады. Біріншісінде – кері мағынадағы сын есім тіркестері, екіншісінде – дұрыс мағынадағы 
сын  есімнен  тұратын  сөздер  берілген.  Оқушылар  сызықпен  дұрыс  мағыналы  сөз  тіркестерін 
біріктіру қажет. 
 
Алтын қол                                                       жылдам 
 
Су жүрек                                                         алыс 
 
Қас пен көздің арасында                               қорқақ 
 
Көз көрген                                                       іскер 
 
Ит өлген жерде                                               көңілсіз 
 
Сіркесі су көтермейді                                    білімді 
 7. 
«Бұл не?» ойыны. 
 
Мақсаты: сапалық сын есімдер туралы білімдерін жетілдіру, сөздік қорды байыту. 
 
Жұмыс барысы: балалардың алдына əр түрлі жеміс-жидектер қойылады. Тақтаға бір баланы 
шақырып, үстел үстіндегі жеміс-жидектің біреуін қолына алып, дəмін көріп, оны толық сипаттап 
беру  қажет.Мысалы:  лимон – түсі  сары,  пішіні  сопақша  келген,  салмағы  жеңіл,  сырты  кедір-
бұдырлы, дəмі қышқыл болып келген. Бала лимонның дəмін көріп өз эмоциясын көрсетуі қажет, 
яғни қышырланады. 
 
 
Əдебиеттер 
1.  Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку в специальной (коррекционной) школе: 
Учеб. для студ. фак. педвузов. М., 2002. 
2.  Гнездилов М.Ф. Методика изучения русского языка во вспомогательной школе. М., 1965. 
3.  Гордиенко Е.А. Развитие речи учащихся вспомогательных школ. Ташкент, 1989. 
4.  Дульнев Г.М. Учебно-воспитательная работа во вспомогательной школе. М., 1981. 
5.  Зикеев А.Г. Сборник упражнений по развитию речи на уроках грамматики. М., 1997. 
6.  Лалаева  Р.И.  Нарушение  устной  речи  и  система  их  коррекции  у  умственно  отсталых 
школьников. Л., 1988. 
7.  Петрова  В.Г.  Развитие  речи  умственно  отсталых  учеников // Дети  с  ограниченными 
возможностями:  Проблемы  и  инновационные  тенденции  в  обучении  и  воспитании: 
Хрестоматия  по  курсу  «Коррекционная  педагогика  и  специальная  психология»/  Сост. 
Н.Д.Соколова, Л.В.Калинникова. М., 2001. 
 
 
 
 
УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМИ НАКОПЛЕНИЯМИ В РК 
 
Таразский институт Международного Казахско-Турецкого университета  
им.Х.А.Ясави 
 
Г.Р.Кадыров 
 
На современном этапе развития пенсионных систем Казахстана можно сделать вывод о том, 
что  динамичный  рост  основных  показателей  пенсионной  системы  сопровождается  снижением 
эффективности  управления  пенсионными  накоплениями,  связанным  с  уровнем  развития 
экономики  страны,  снижением  дефицита  государственного  бюджета  и,  соответственно,  объемом 
государственных заимствований, ревальвацией тенге, а также внешнеэкономическими факторами.  
Кроме  того,  необходимость  определения  основных  приоритетов  развития  накопительной 
пенсионной  системы  как  части  социально-экономической  политики  государства  и  координации 
усилий  государственных  органов  в  этой  области  на  среднесрочную  перспективу  обуславливают 

 
204 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
необходимость  изучения  практики  функционирования  основных  моделей  пенсионных  систем, 
существующих  за  рубежом,  что  и  будет  сделано  на  следующих  этапах  данного  исследований. 
Учет зарубежного опыта важен при выборе стратегии реформирования отечественной пенсионной 
системы. 
В  июне 2008 году  исполнится  десять  лет  с  момента  подписания  Закона  "О  пенсионном 
обеспечении  в  Республике  Казахстан".  В  соответствии  с  этим  Законом  с 1 января 1998 года  все 
работающие  граждане  в  обязательном  порядке  отчисляют 10% своих  доходов  в  накопительный 
пенсионный фонд на индивидуальные пенсионные счета.  
При  этом,  чем  выше  риски  финансовых  инструментов,  формирующих  инвестиционный 
портфель НПФ, тем выше должен быть размер собственного капитала НПФ и ООИУПА. 
С 01 января 2007 года  доходность  пенсионных  активов  для  целей  сравнения  и  анализа 
эффективности  деятельности  рассчитывается  за 12, 36, и 60 месяцев.  Данные  по  доходности 
начиная с 15 января 2007 ежемесячно будут размещаться на сайте Агентства, наряду с данными по 
значениям коэффициентов риска инвестиционных портфелей НПФ. 
Таким  образом,  при  выборе  НПФ  вкладчику  предоставляется  возможность  ознакомиться 
не только с показателями доходности, но и выбора приемлемого значения риска. 
При  взвешивании  по  кредитному  риску  установлено,  что  чем  ниже  кредитный  рейтинг 
долговой ценной бумаги (либо он отсутствует), тем выше степень риска. 
Использование  рейтинговой  оценки  в  регуляторных  целях  является  распространенной 
мировой  практикой.  Пенсионная  реформа  произошла  в 1998 году,  в  рамках  которой  в 
законодательстве  было  отмечено,  что  солидарная  пенсия,  назначаемая  государством  в 
зависимости  от  трудового  стажа  и  заработной  платы,  будет  выплачиваться  всем,  кто  имеет  не 
менее шести месяцев трудового стажа на 1 января 1998 года.  
Современные  пенсионеры  будут  получать  пенсию  из  двух  источников – из 
государственной  казны  и  из  накопительного  фонда.  Будущие  пенсионеры,  которые  начали 
работать после 1998 года, может рассчитывать только на накопленные пенсионные активы. 
 Актуальной остается проблема будущих пенсионеров-женщин: по официальным данным, 
уровень заработной платы у женщин примерно на 30 процентов ниже, чем у мужчин, а кроме того, 
пенсионный возраст наступает на пять лет раньше. Как следствие, низкие пенсионные выплаты. 
Современный  уровень  пенсионного  обеспечения  в  Казахстане  в  целом  не  обеспечивает 
достойной  жизни  для  престарелых  граждан,  в  сравнении  с  уровнем  пенсионного  обеспечения  в 
развитых  странах  мира.  В  этой  связи  продолжается  работа  над  окончательным  вариантом 
государственной  программы  пенсионной  реформы.  При  этом  многие  вопросы  пенсионного 
обеспечения, имеющие важнейшее значение не только для пенсионеров, но и для всего общества, 
все еще до конца не решены. 
По  состоянию  на 1 января 2008 года  в  республике  функционировали 14 накопительных 
пенсионных  фондов  (далее – фонды),  которые  имели  в  регионах  республики 78 филиалов  и 77 
представительств. В городе Алматы находилось 11 фондов и по 1 фонду в городах Караганде (АО 
«Накопительный  пенсионный  «Валют-Транзит  Фонд»),  Жезказгане  (АО  «Накопительный 
пенсионный Фонд Казахмыс», корпоративный) и Актобе (АО «Накопительный пенсионный фонд 
«НефтеГаз-Дем»). 
По состоянию на 1 июня 2008 года в суммарном инвестиционном портфеле НПФ ценные 
бумаги международных финансовых организаций отсутствовали. Объем государственных ценных 
бумаг иностранных эмитентов в совокупном портфеле НПФ составил 2 965 млн. тенге (0,29%). На 
долю  негосударственных  ценных  бумаг  иностранных  эмитентов  приходилось 8,24%, что  на 0,65 
процентных пункта больше аналогичного показателя на 1 мая 2008 года. 
Финансовое  состояние  фондов  по  состоянию  на  январь-апрель  текущего  года 
характеризовалось следующими показателями (таблица 1): 
 
Таблица 1 -  Финансовое состояние фондов 
в млн. тенге 
Показатели финансового состояния 01.01.2008  01.06.2008  Прирост, (в %) 
Уставный капитал 
6 501,0 
6 806,7 
4,70 
Сформированный резервный капитал 
1 662,0 
4 091,0 
в 2,5 раза 
Нераспределенный 
доход 
(непокрытый убыток) 
11 288,5 
10 323,2 
8,55 
(снижение) 

 
205 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
в т.ч. за январь-май т. г.  

502,6 

Всего капитал 
20 598,1 
23 723,3 
15,17 
Обязательства 
1 815,9 
1 712,6 
5,69 (снижение) 
Всего активы 
22 414,1 
25 439,9 
13,50 
Финансовые инвестиции 
13 676,9 
18 802,7 
37,48 
П р и м е ч а н и е  – по данным Агентства по статистике РК//www.stat/kz 2008 
 
Из приведенной таблицы видно, что общий капитал фондов за январь-май текущего года 
увеличился на 3 125,2 млн. тенге или на 15,17%, финансовые инвестиции – на 5 125,8 млн.тенге 
(37,48%). 
Необходимо отметить, что за январь-май текущего года только 2 фонда: «Сеним» и вновь 
созданный фонд «РЕСПУБЛИКА» допустили убыток на общую сумму 124,3 млн. тенге. Однако, в 
целом по фондам получен чистая прибыль (после уплаты подоходного налога) на общую сумму 2 
502,6 млн. тенге. 
 
Таблица 2  - Роль пенсионного сектора в экономике республики 
Динамика 
относительных 
показателей,  характеризующих 
роль  пенсионного  сектора  в 
экономике 
01.01.04 
 
01.01.05 
 
01.01.06 
 
01.01.07 
 
01.06.07 
ВВП млрд.тенге 
4 612,0 
5870,1 
7 453,0 
10 139,5  12 464,1 
Отношение 
пенсионных 
накоплений к ВВП, в % 
7,99 8,24 8,70 8,97 
8,14 
 
Отношение  пенсионных  взносов 
к ВВП, в % 
5,99 6,48 6,88 6,74 
6,18 
 
Отношение «чистого» 
инвестиционного  дохода  к  ВВП, 
в % 
2,15 1,95 2,08 2,52 
2,24 
 
Отношение 
собственного 
капитала фондов к ВВП, в % 
0,14 0,14 0,16 0,20 
0,19 
 
П р и м е ч а н и е  – по данным Агентства по статистике РК//www.stat/kz 2007 
 
Показатели  влияния  пенсионного  сектора  к  ВВП  становятся  все  более  внушительными, 
особенно  к  началу 2008 года.  Однако,  указанные  критерии  развития  пенсионного  сектора 
несколько замедлили рост и даже демонстрируют тенденцию к спаду, что говорит о стабилизации 
ситуации. 
В  результате  всего  вышесказанного  можно  констатировать,  что,  по  нашему  мнению, 
основная стратегия развития пенсионного сектора  страны должна состоять в том, чтобы грамотно 
управлять  имеющимися  пенсионными  активами,  для  того  чтобы  выполнить  все  обязательства 
перед пенсионерами, которые достигнут пенсионного возраста через 20 – 30 лет. 
Результаты 9 лет  реформирования  отечественной  пенсионной  системы  сводятся,  к 
сожалению, лишь к кредитно-финансовым операциям субъектов пенсионной системы. Переход к 
использованию страховых механизмов остается делом будущего. За эти годы сделано очень мало, 
а сделанное нуждается в корректировке. В противном случае мы через несколько лет будем иметь 
малообеспеченных  пенсионеров,  которые  в  финансовом  отношении  лягут  большим  грузом  на 
госбюджет, а в социальном аспекте – постоянно будут источником митингов и демонстраций. Это 
тупиковый путь развития пенсионного обеспечения. 
Пенсионная  система  должна  стремиться  к  реализации  двух  целей:  борьба  с  массовой 
бедностью  среди  пожилых  и  возмещение  (компенсация)  утраченного  дохода  (заработка).  В 
Казахстане  первую  цель  преследует  только  солидарная  пенсионная  система  состоявшихся 
пенсионеров,  функционирующая  со  времен  СССР.  Новая  же  накопительная  пенсионная  система 
на  решение  данной  проблемы  вообще  не  ориентирована.  Таким  образом,  вместо  социально 
ориентированной  рыночной  системы  мы  строим  социальную  систему,  ориентированную  на 
рынок.  

 
206 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
В  этой  связи  возникает  необходимость  принятия  незамедлительных  мер  по  совершенствованию 
становления и развития пенсионной реформы в целях кардинального повышения уровня пенсий. 
Задача  состоит  в  том,  чтобы  выработать  национальную  модель  пенсионного  обеспечения 
населения.  Сегодня  в  мире  налицо  кризис  государственной  системы  пенсионного  обеспечения. 
Нам хотелось бы иметь такую национальную пенсионную модель, в которой человек не зависел 
бы  от  настроения  властей,  политического  календаря  и  был  бы  заинтересован  в  пенсионной 
системе. 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет