Содержание № Название статьи Стр



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата05.02.2017
өлшемі4,01 Mb.
#3430
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55

Əдебиеттер
 
1.  Қадашева Қ. «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» - Алматы: «Мұрагер» баспа үйі», 2005 ж. 
2.  ҚР Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының əл-
ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». 
 
 
 
 
 
УДК 316.075,8 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ОТАНСҮЙГІШТІК ТƏРБИЕ БЕРУ 
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
М.К.Сулейменова  
             
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ə.Назарбаев  өзінің  “Тарих  толқынында”  деген 
еңбегінде  идеялық  мəселелерді  ерекше  баса  айта  отырып, “Біздің  аса  маңызы  идеологиялық 
міндеттеріміз -  Қазақстандақ  патриотизмге  тəрбие  беру,  əрбір  азаматтың  өзін - өзі  билеу,  осы 
міндеттерді  орындау  жолында  тəрбие  мəселесін  қолға  алып,  ұрпақтарды  аздырмай - тоздырмай 
кəзірдің  сауда – саттықтың,  алдау – арбаудың  ықпалына  жібермей  етегіне  сүйретпей  еліміздің 
болашақ  өркениетті дамуын  алға  бастыратын адамдарды тəрбиелеу  керек,” – деп  атап  көрсеткен 
болатын. 

 
174 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Патриотизмнің  негізгі  мағынасы  əр  азаматтың  ұлтын,  отанын  сүюден  жəне  жаудан 
қорғаудан басталады. 
Советтік  кезең  педагогикасында  тəрбие  берудің  əр  түрлі  бағыттарынан  басқа,  екі  түрі 
болған, атап айқанда: 
  1. интернациналдық тəрбие 
  2. патриоттық тəрбие 
Бұл  екі  тəрбие  КСРО  жабық  мемлекет  болғандықтан,  КСРО  азаматтарын  тəрбиелеуде 
өзекті мəселе болды. 
90-  шы  жылдары  КСРО 15 тəуелсіз  мемлекетке  бөлініп,  тəрбие  беру  жүйесінде  қайта 
құрулар болған кезде, бір тəрбие беру түрі, нақты айтқанда, “интернационалдық жəне патриоттық 
тəрбиені” біріктірген “азаматтық тəрбие беру”  пайда болды. 
Осы  күні тəрбие беру  жүйесінде,  біздің  ойымызша, “азаматтық тəрбие беру  өзекті емес”. 
Біз  азаматтық  тəрбие  беру  бағытынан,  осы  кезеңде  өзекті  болмауына  байланысты 
интернационалдық тəрбиені алып тастауды ұсынамыз. 
Жоғарыда  айтқандарға  сүйене  отырып,  азаматтық  тəрбиенің  жаңа  жүйесін  құруды 
ұсынамыз. Жаңа жүйеге мыналар енгізілсе: 
1. 
Қазақстандық отансүйгіштік; 
2. 
Толеранттық; 
3. 
Жан – жақты мəдениет қабылдау. 
Біздің  ”ойымызша  осы  үш  бағыт  Қазақстан  Республикасы  жүргізіп  отырған  саясатқа 
сəйкес. 
Адам өз мəдениетін білуі қажет жəне басқа ұлттың да мəдениетін қабылдап, оның салт – 
дəстүрін құрметтей білуі қажет. 
ЮНЕСКО 1995 жылы  “Толеранттық  принциптерінің  Декларациясын”  қабылдады. 
Толеранттық – бұл  халықаралық  термин,  төзімшілікті  білдіріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар 
адамзаттың  бірлігі,  адамзатқа  деген  құрмет  жəне  түсінушілік,  мəдениеттің  байлығы  мен  жан – 
жақтылығы, соғыс мəдениетінен бас тартып, бейбітшілік мəдениетін орнату дегенді білдіреді. 
БҰҰ толеранттық принциптерге зор көңіл бөліп, халақаралық мəжілісте Декларацияға қол 
қою күнін Халықаралық толеранттық күні деп жариялады /1995 ж/ . 
Бұл бағытты жүзеге асыру дегеніміз, əр адам тек Отанының ұлы ғана емес, бүкіл əлемнің 
азаматы сезінетіндей атмосфера жасау керек. 
Жан – жақты  мəдениет  қабылдау  дегеніміз,  адамның  əр  түрлі  мəдениеттің 
құндылықтарына  бейімделуі.  Əр  түрлі  салт  дəстүрі  бар  адамдар  арасындағы  қарым – қатынас, 
“мəдениеттің ашық тілдесуіне” бейімделу жəне өз мəдениетіңді басқа мəдениеттен артық көруден 
бас тарту болып табылады. 
Толеранттық – бұл  адамның  жан – жақты,  көлемді  ойлау  қабілеті.  Əр  адам  өзін  үйінің 
немесе  өз  жанұясының  мүшесімін  деп  санамай,  өз  мемлекетінің  жəне  өзі  өмір  сүріп  жатқан 
əлемнің мүшесі сезінуі керек. 
Жастар  біздің  болашағымыз.  Қоғамымыз,  мемлекетіміз  қандай  болатыны  осы  жастарға 
байланысты.  Қазақстан  Республикасының  статистика  бойынша  агенттігінің  мəліметіне  жүгінсек, 
14-тен 29 жас  арасындағы  жастар  саны 4 млн. 260 мың  адам.  Бұл  Қазақстан    халқының 28,7% 
құрайды. 
Отансүйгіштікті,  толеранттықты  сезіну – “ұрпағымды  жоғалту”,  адами  қаситтердің 
төмендеуі,  өз  күшіне  жүгінбей,  біреудің  арқасында  өмір  сүру,  əлеуметтік  бейқамдық,  саяси 
ойсыздық,  қылмыс  пен  нашақорлық  деген  түсініктерге  қарсы.  Сондықтан  да  қазақстандық 
отансүйгіштікті  тəрбиелеу  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесіндегі  приоритеті 
бағыттардың бірі болып саналады. 
Отансүйгіштік дегеніміз - ол отаныңа, атамекеніңе, туып өскен, өзіңді тұлға етіп сезінген 
жеріңе ыстық сезімің. Отанға денен махаббат мемлекетке деген сезімнен жоғары. Отансүйгіштікті 
тəрбие  берудің  саяси  принциптері  деп    жайдан – жай  қарастырлмайды,  отансүйгіштік 
Отанныңның өткені мен қазіргісін мақтаныш ету сезімі. 
Қазақстандық патриотизм жаңа түсінік емес. Ғылыми жəне басқа салаларда американдық 
отансүйгіштік,  франциялық  отансүйгіштік  жəне  т.б  көп  қолданылады.  КСРО  кезеңінде  кеңестік 
отансүйгіштік болмаса фашизмге қарсы тұра алар ма едік?  
 Қазіргі  заманның  ең  дамыған  мемлекеті – АҚШ-та  өз  отанына  деген  сүйіспеншілікті 
тəрбиелеу мемлекеттің рəміздерін таныстырудан басталады. 

 
175 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
 Ресей 
Федерациясының 
Өкіметі 
отансүйгіштікті 
тəрбиелеудің 
Мемлекеттік 
бағдарламасын  қабылдауды  қауылы  етті.  Осы  бағдарлама  аясында  мемлекеттік  қаржыландыру 
қарастырылып, құқықтық базалар құрылып, жобалар мен бағдарламалар байқауы жүргізіліп, іс -–
шаралар тізімі бекітілуде. 
Біздің  тарихымыз  өте  бай,  болашақ  оқушының  тұлғасын  қалыптастыруда    жəне  зертелуі 
қажет тарихи тұлғалар өмірінен көптеген мысалдар, тарихтық қиын тоқырау кездеріндегі халық іс 
- əрекетінен үлгілер  бар. 
Қазақстан - көп  ұлтты  ел,  Республикамызда 120-дан  астам  ұлттар  өмір  сүреді. 
Халықаралық қарым -–қатынас – бұл мəдени, саяси, əлеуметтік– экономикалық факторлар синтезі. 
Біз Қазақстан Республикасында мемлекеттің, көп ұлтты отанымыздың əр бір азаматының барлық 
мүмкіндіктері  мен  достықты  түрақтылықты,  ауызбіршілікті  сақтауға  міндеттіміз,  сонымен  бірге 
біздің  жетістігіміздің  бұзылуына  жол  бермеуіміз  керек.  Міне,  осындай    сəтте    Елбасы 
Ə.Назарбаевтың  халыққа  жолдауында    еліміздің  болашақ  өркениетті  дамуын  алға  бастыратын 
адамдарды тəрбиелеу керектігі туралы айтқан сөздері мен алға қойған мерейлі міндеттері осы игі 
жұмысқа қуатты күш болары сөзсіз – деп білеміз. 
 
 
 
 
 
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ХАҚЫНДА 
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Г.А.Жұмабекова 
 
Заман  тілегіне  ақылды  ойлар  ғана  халықпен  бірге  жасап,  ұдайы  жаңғырып,  жаңарып, 
дамып  отырған.  Шешендік  сөздер,  негізінде  халық  даналығынан  туған  мұра,  халықтың  асыл 
қазынасы.  Мазмұны  халықтың  бастан  кешірген  өмірін,  арманы  мен  қиялын  көрсетеді.  Өмірге, 
дүниеге  көзқарасын,  ой-өрісін  бейнелейді.  Халық  яғни  біздің  ата-бабаларымыз  өзінің  қиялдаған 
арманына  қашан  да  жетемін  деген  сенімнен  айырылмаған.  Шешендік  сөздердің  шеберлігі, 
құндылығы  сөз  сайысында,  алқа  топтың  алдында  бағаланған.  Халықтың  тапқырлық,  шешендік 
сөздерін ру басы билері үйреніп, өз тобының үстемдігін нығайтуға құрал ретінде қолданған. 
Сонымен  бірге  шешендік  сөздер  қазақтың  сан  ғасырлық  өмірінің  бақытты  болашақ  үшін 
еңбекші бұқараның қанаушы топқа қарсы жүргізген айнасы деуге болады. Бізге жеткен шешендік 
сөздерден Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен, Сырым батыр сияқты халық даналығын бойларына 
сіңірген,  сөз  өнерін  еркін  меңгерген  ондаған  халық  шешендерінің  аты  бізге  белгілі.  Мысалы 
ретінде  қазақтың  ұлы  шешендерінің  біреуіне  тоқтала  кететін  болсақ  Жиренше  шешен.  Қазақтың 
дəстүрлі ауыз əдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы шешен. Оның 
туған  жылын,  қайсы  атадан  шыққанын,  өмір  жолдарын  дəл  тауып  айту  мүмкін  емес.  Өйткені 
Жиренше шешен халық ауыз əдебиетіндегі Алдар көсе, Қожанасыр тəрізді аңызға айналып кеткен 
фольклорлық  бейне.  Аңыздар  бойынша  ол  Əз-Жəнібек  ханның  тұсында  өмір  сүрген.  Қазақ 
тарихында Жəнібек хан бірнешеу болған екен.  
XV ғасырдың Барақ ханның ұлы болған, тарихта қазақ хандарының негізін салушы, Əз-Жəнібек 
деп атайды. Ал Жиренше шешен сол Əз-Жəнібектің сарай биі, шешені болғанға ұқсайды. Өйткені 
халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады. 
  Шешендік  сөз – Ежелгі  Греция  мен  Рим  заманынан  бері  қарай  көптеген  халықтардың 
соның бірі, қазақ халқының мəдени-рухани өмір-тіршілігіндегі өнердің бір түрі болып табылады.  
Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің тарихына үңілетін болсақ дəл қай уақыттан басталып 
дамығандығын  дөп  басып  айту  қиын.  Себебі  жоғарыда  айтылған  деректер  бойынша  қазақтың 
шешендік өнері мен шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып 
келген.  
Шешен  сөзі  қазақ  тілінде  өте  ертеден  қолданылып  келеді.  Бұл  сөздің  мағынасы  алдында 
шешіліп  сөйлейтін  түйінді  мəселелерді  шешіп  сөйлейтін  данышпан,  ақылгөй,  дана  деген 
ұғымдармен  өзектес.  Шешен  сөзі  қазақ  тілінде  сөзшең,  айтқыш,  тапқыр,  суырып  салма,  ділмар, 
қызыл  тілге  жүйрік  дейтін  сөздермен  қатар  қолданыла  береді.  Шешен  сөзін  халықаралық 
терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. «Оратор» латынның «очаче» - айту, «сөйлеу» деген сөзінен 

 
176 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
шыққан.  Дальдің  түсіндірмелі  сөздігінде  «оратор»  вития  (ділмар),  краснослов  (қызыл  тіл), 
речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бəрінде де шешен 
(оратор) əсерлі, əдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. 
Қазақтың  шешендік  өнерінің  кеңірек  дамып,  биіктеген  кезеңі XV-XVIII ғасырлар.  Бұл 
қазақ  халқының  жоңғар,  қалмақ,  қытай  басқыншыларына  патша  үкіметінің  озбырлығына  қарсы 
тұрып,  өз  тəуелсіздігін  қорғау  жолындағы  аламан  күрес  жүргізген  жылдар  еді.  Тап  осы  кезеңде 
билер мен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандыруға рөлі мен беделі арта 
түсті.  Осы  кезеңде  сөз  өнерін  жетік  меңгерген  адамдар  сирек  дарын  ретінде  жоғары  бағаланып, 
қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке ие болып отырған. 
 Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланыса келгенімен, екеуі екі басқа 
түсінік  атаулары.  Шешендік  өнер - өзінің  нысанасы,  теориясы,  категориялары,  тарихы  бар  жеке 
сала  болып  саналады.  Ал  шешендік  сөз  қысқа  болғанымен  мақал-мəтел  емес,  бір  оқиғамен 
байланыста туған, белгілі адамдардың атына айтылатын сөздер. Бұл қасиетті өнер шешендік сөзге 
сенім туғызады. 
            Сонымен қазақ халқының шешендік өнерінің сөздері, қиыннан қиысқан, өзіндік орны мен 
көркемдік  ерекшелігі  бар.  Қазақ  дербес,  əрі  бағалы,  құнды  өнерінің  бірі  болып  табылады. 
Шешендік өнер көрген – білгені, көкейге тоқып, көп үйренуді талап ететін, талай тартысқа түсіп, 
жалықпай  жаттығу  арқылы  жетілетін  ерекше  өнер.  Нағыз  шешен  болу  үшін  сөзге  шеберлік 
жеткіліксіз.  Табанда  тауып  сөйлейтін  тапқыр,  топқа  тайсалмай  сөз  бастайтын  батыл,  сөз 
сайысында саспайтын сабырлы болу қажет. 
Бұрынғы  шешендік  сөздерге  тілге  демеу,  ойға  дəлел  ретінде  мақал-мəтелдерді  келтіру 
көріктету амалдарының  бірі ретінде  қолданылса,  бүгінгі  шешендердің  аузынан  шыққан  сөздерде 
мақал-мəтелдермен қатар өзгелердің сөзінен келтірілген сілтемелер дəйек сөздер орын алады. 
Шешендік  өнерді  зерттеген  ғалымдар  шешендік  өнерді  билер  сөзімен  байланыстырып, 
шешен-билердің ұтымды, тапқыр сөздерін көркем сөз ретінде қарастырып келді. Көркем де ойлы 
сөздің  иелері  шешен-билер – мемлекет  тағдырына  араласып,  ұлтының  болашағы  мен  бірлігі 
жолында,  халқының  тəуелсіздігі  мен  намысы  үшін  ауыздыға  сөз,  аяқтыға  жол  бермеген,  сөйтіп 
қазақ  даласында,  əрірек  барсақ,  көшпенділер  сахарасында  темірдей  тəртіп  пен  ізгіліктің  қанат 
жоюына, демократияның жандауында ат салысқан тарихи тұлғалар, қоғам қайраткерлері. Би деген 
атаудың  ежелгі  заманда-ақ  қолданылғанын  біз  бұдан  бұрынғы  тарауларда  айтқанбыз. 
Халқымыздың  ғұмырнамалық  тарихында  билер  халықтың  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтаушы, 
ұлтты ұйыстырушы, елінің еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттек мəмілегер, ру- тайпалардың 
басын  қосып  біріктіруші,  халқының  салт-дəстүрін  берік  ұстанушы,  бабалардың  кемеңгерлік 
саясатын  алға   апарушы, кемел  ойдың, ұлы  даналықтың қайнар  көзі, ұрпақ тəрбиесін  ұлы мұрат 
еткен  парасатты  тəрбиеші,  киелі  сөз  өнерін  жандандырушы  саңлақ  өнерпаз  қызметін  атқарып 
отырды. Шешендік өнердің əлеуметтік, саяси мəні оны билер қызметімен байланыстырғанда өте-
мөте анық байқалады. Хан да, батыр да, абыз да, ақын да өздерінше əлеуметтік, мəдени тіршілікке 
араласқан еді. Шежірелерді сөйлетсең ескі заманда – ақ қазіргі кең байтақ қазақ сахарасын мекен 
етіп,  кейін  қазақ  елінің  іргесін  құраған  сақ,  үйсін,  қаңылы,  аландар,  ғұндар,  одан  бергі  оғыз  бен 
қыпшақтар, қарлық, күлй, наймандар білікті хандары мен көсемдерінің, батырлары мен бектерінің 
кемеңгерліктері  арқасында  Орта  Азиядағы  ең  белді  де  беделді,  білікті  елдердің  қатарында 
саналып, өз алдына жер-су, қонысқа ие болып, өз алдына əлеуметтік, мəдени тіршілік жасағанын 
білуге болады. Халықтың рухани өркениеті бізге жеткен ертегі-жыр, əфсана-аңыздарынан, қария 
сөздер мен билер сөздерінен, ескі дəуірден қалған сəулет кешендері мен қазып алынған мəдениет 
бұйымдарынан  көрінеді.  Қазақ  халқының  аспан  əлемі  жөніндегі  түсініктері,  байырғы  қазақ 
күнтізбесі,  бай  əдеби  мұралар  көркемөнердің  сан  алуан  түрлері,  шежірелік  шығармалар,  халық 
емшілігі,  материалдық  мəдениет  мұралары  т.б.  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  көне 
мəдениет  куəліктері  екені  айқын.  Осы  сияқты  ескіліктен  қалған  мəдениет  мұраларының  ішінде 
ақыл-ойдың  тұнбасы  тəрізді  билер  айтқан  шешендік  сөздердің  орны  ерекше.  Аралас  не  көрші 
отырған көшпелі елдердің татулығы, ел ішіндегі дау-дамай, талас-тартыстың əділ шешімін табуы 
тəрізді  əлеуметтік  мəселелер  билердің  қатысымынсыз  шешілмеген.  Қай  бидің  өмірін  алмаңыз 
олардың  қай-қайсысы  да  тарихи-əлеуметтік  жағдайларға  тəуелді  болып  отырады.  Ел  басқаратын 
кісілердің  жұрт  билеу  тəртібі  ру  көсемдерінің  кеңесі  арқылы  жүрген.  Ру  басшылары  соғыс 
мəселесін  шешуге,  дау-жанжалды  бітіруге,  не  біреуге  ас  беруге  жиналады.  Ру  басында  билер 
отырады.  Ал  енді  қазіргі  шешендік  кезеңіне  тоқталатын  болсақ,  шешендік  тек  тарихи  құбылыс 
қана  емес,  қоғамдық  құбылыс.  Түрлі  тарихи  қиын  кезеңдерде  шешендік  қоғамға  қызмет  етті. 
Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, шешендік əсіресе тəуелсіздік жолындағы күресте өте-

 
177 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
мөте белсенді қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі елдікке, 
бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да əйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші 
билер,  қол  бастаған  батырлар  болуы  тегін  емес  еді.  Немесе  біз  білетін  шешендердің  əрі  би,  əрі 
қолбасшы, əрі батыр, əрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі. Кейін 
қоғамдық - əлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, идеология да өзгерді: бұрынғыдай халық 
жиналысында  саяси - əлеуметтік  тақырыптарда  пікірталасы  немесе  үгіт-насихат  сөздері  кеңінен 
жүзеге  аспады,  қоғам  мүшелерінің  саяси  белсенділігі  төмендеді.  Енді  шешендер  мен  шешендік 
сөздердің,  шаршы  топтың  сипаты  өзгерді:  шешендер  білім-  ғылымның,  оқу – ағарту,  тəлім – 
тəрбие,  мəдиниет - өнер  тақырыптарын  қозғаған  көркем  сөз  иелері – ақындар  мен  жазушылар, 
ғалымдар,  журналистер  болса,  тыңдаушы  топ  кейінгі  қоғамда  шешендік - білім - ғылым,  оқу – 
ағарту, мəдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары – 
жоғарыдағы  тақырыптарға  арналған  жиналыс,  конференция,  съезд,  симпозиум,  семинар, 
диспуттар  еді.  Шешендік  сөздің  сипатына  қарай  яғни  нені  айту,  қалай  айту  талаптарына  орай, 
шешендік өнер тіл мəдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды. Шешендік сөз енді өлең 
түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды.  
Қорыта  келгенде  жалпы  шешендік  өнер  халық  даналығынан  туған  мұра,  халықтың  асыл 
қазынасы.  Мазмұны  халықтың  бастан  кешірген  өмірі,  арманы  мен  қиялын  көрсетеді.  Өмірге, 
дүниеге  көзқарасы,  ой-өрісін  бейнелейді.  Халық  өзінің  қиялдаған  арманына  қашан  да  жетемін 
деген  сенімінен  айырылмаған.  Өмірдің  сан  алуан  құбылыстарын  бір-бірімен  теңеп,  салыстырып, 
болашағын  болжап,  қиялдап  сөйлеген  шешендік  өнермен  айтылған.  Шешендік  сөздер  табысқа, 
жеңіске  жетуге  құлшындырып,  рухтандырып  отырған.  Сонымен  бірге  қуаныш  үстінде  дем 
берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған. 
 
 
Əдебиеттер 
1.  Адамбаева Н.  Шешендік сөздер.  
2.  Балақаев М.  Қазақ тілінің мəдениеті.  
3.  Маданов Х.М.  Қазақ мəдениетінің тарихы.  
4.  Төреқұлов Н.  Қазақтың би – шешендері.  
5.  Төреқұлов Н.  Қазақтың жүз шешені.  
6.  Дəулетбеков Ж.  Қазақ тілі.  
7.  Ғабитов Т.Х., Өмірбекова М.Ш.  Мəдениеттану негіздері. 
 
 
 
 
ЖАҢА ДАМЫҒАН ҚОҒАМҒА ИННОВАЦИЯМЕН ҚАРУЛАНҒАН ЖАҢА МАМАН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институты 
 
С.Н.Дəуренбекова А.Қ.Абдрашова  
 
Қазақстан    Республикасы    Тəуелсіз  мемлекет  болып  танылғаннан  кейін  əрбір    мектеп  
оқушысы, əрбір білімгер, əрбір азамат өзінің  құқығын орынды жерде  қолданып, өзінің мүддесін  
қорғай  алатындай   дəрежеге  жетті. Мемлекеттің Тəуелсіздігін  нығайтып, халықтың əлеуметтік – 
экономикалық    өмірін    өркендетуде    сапалы    білім    беру    жүйесінің    алатын    орны    ерекше. 
Жарқын болашаққа  сеніммен  қарап, үміт  күтетін  халық  əрдайым  саналы  ұрпақты  тəрбиелеу  
мəселесіне    қашан  да    үлкен    мəн    берген.  Себебі    бүгінгі    ұрпақ – ертеңгі  мемлекеттің    тізгінің  
қолында    ұстайтын,  Отан    алдында    жауапкершілігі    орасан    зор    азамат    екені    белгілі. 
Конститутцияның    1-бабында    көрсетілгендей  Қазақстан  Республикасы    өзін    демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық    жəне    əлеуметтік    мемлекет    ретінде    орнықтырады,  оның    ең    қымбат  
қазынасы – адам    жəне    адамның    өмірі,  құқықтары    мен    бостандықтары.  Яғни    Қазақстан 
Республикасының    əрбір  азаматы    тең    құқылы,  өз  шешімі  өзінде    жеке    тұлғалар    болып  
табылады.  Ал    құқық    дегеніміз  не,  ол  азаматтарға    қалай  жəне  қашан    беріледі,  азаматтардың 
құқығы  қандай    түрлерге,  жүйелерге,  бағыттарға,  принциптерге    негізделген  деген  сұрақтардың 
жауабын ашып көруге тырысайық. 

 
178 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Бұл    сұрақтардың    ғылыми    тұрғыда    нақты    жауабын    мектепте,  кейіннен    жоғары    оқу  
орында  оқытылатын  құқық  пəні  береді. Алайда  бұл  пəнді  оқытудағы  əдістер  мен тəсілдер  
заманның  ағымына  орай  өзгерістерге  ұшырап,  белгілі  бір  деңгейдегі  толықтыруларға, жаңа  
жүйеге  мұқтаж  болып  келеді. Сондықтан да    құқық   пəнің   оқытуда    мемлекеттің саясатымен
экономикалық  дамуымен    байланыстыра  отырып,  инновациялық      оқытудың    жаңа      жүйеге  
бейімделген  əдістері  мен  тəсілдерін  пайдаланған жөн. 
Инновация  дегеніміз  не?  Латынның    «жаңашыл»  ұғымында    қолданылатын    инновация  
термині    ғылымның    прогрессивті    тұрғыда    өркендеуінің    бірден – бір    қайнар    көзі  болып 
табылады.  Бұл  термин    ғылымға  ХІХ  ғасырда  енді.  Иновацияның  пайда  болуы      ғылымның   
жаңаша  тұрпатта    өркендеуіне,  əрбір    адамның    білім    игеруге    деген      жаңа    көзқарасының   
қалыптасуына, сондай-ақ тұлғалық қаситтерінің  артуына  жол  ашты.  Сол  секілді   құқық пəнін  
оқытуда да  иновацияны  қолданудың   тиімділігі  артып келеді. Оны күнделікті  тəжірибеден  де 
байқауға болады.  
Сонымен,  құқық    дегеніміз    мемлекет  белгілеген    немесе    санкциялаған    жалпыға    бірдей  
міндетті  мінез-құлық    ережелерінің    жүйесі,  олар    арқылы    қоғам    мен    жеке    тұлғалардың    аса  
маңызды  мүдделері  жүзеге  асырылады. Құқық  қоғамдық  қатынастарды  реттеу  мен  тəртіпке  
келтіруде маңызды  рөл  атқарады. Құқықтың  негізгі  қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен  
міндеттердің  бірлігі, гуманизм, əлеуметтік  əділеттік, демократизм  жатады. 
Құқық, мемлекет  сияқты, қоғам  дамуының  белгілі   бір кезеңдегі өнімі  болып   табылады. 
Жалпыға    бірдей    міндетті    əлеуметтік    нормалардың    пайда    болуы    белгілі    бір    əлеуметтік 
нысандарға  иелік  ету  жəне  пайдалану  мүмкіндігін  қамтамасыз ету  қажеттілігімен  байланысты  
болып    келеді.  Дегенмен    де    құқықтың    пайда    болу    жөнінде  ғылымда    нақты    пікір  
қалыптаспаған.  Алғашқы    қауымдық    құрылыста  адамдардың  өзара    қатынасы  əдет – ғұрып  
нормалары    арқылы    реттелген.  Ғалымдардың    зерттеуі    бойынша    осы    фактор    құқықтың  
қалыптасуына  негіз  болған. Ал Зигмунд  Фрейдтің  пікірі  бойынша  құқықтың  пайда  болуының  
алғашқы  формасына  тотемизм  жəне  шаманизм  сияқты  діни  сезімдермен  тығыз  байланыста  
қалыптасқан  табу  жатады. [5].  
Құқық    пəнін  оқытуда  алдымен  құқық  жөнінде  жалпы  түсінікті, яғни оның  міндеттері  
мен  принциптерін, субъектісі  мен  объектісін, əдістері  мен тəсілдерін, түрлері мен  салаларын, 
өзге  ғылымдармен  байланысын, сондай-ақ мəдениетпен де  қатынасын  толық  ашу  керек.  
Құқық  мемлекетпен  норма  ретінде   бекітіледі  жəне  өзгертіледі. Парламент - заң, президент  
- жарлықтар, үкімет - қаулылар мен  өкімдер, салалы  министрліктер - ережелер  мен  бұйрықтар,  
жергілікті  органдар -   шешімдер  шығарады. Сонымен  қатар  құқық  қоғамдық   қатынастарға  
түскен    барлық    субъектілерге    бірдей    қолданылады.  Яғни    құқық  азаматтардың    лауазымына, 
шеніне,  дəрежесіне    қарамайды,  бəріне    тең    жəне    бірдей    қолданылады.  Оны    бұлжытпай  
орындап,  қалтықсыз    сақтау - барша    саналы    азаматтардың    міндеті    болып    табылады.  Ол  
қоғамдық  қатынастрады  реттейді    жəне  ең    кең    қолданылатын    нормалардың    жиынтығынан  
құралған, оның  əдет - ғұрып, діни, дəстүр сияқты  нормаларға  қарағанда  реттеу  функциясы  өте  
кең,  барлық  субъектілерге  қатысы  бар.  
Құқық  өзінің  ішкі  құрылымымен, жеке  салалар мен  институттарға  бөліну арқылы  бір - 
бірімен    үйлесімді    мағынадағы    жүйені    құрайды.  Құқық  мынандай  салаларға    бөлінеді: 
конститутциялық,  қылмыстық,  азаматтық,  əкімшілік,  отбасылық,  еңбек.  Бұлар    мемлекеттің  
күшімен    қамтамасыз  етіледі.  Мемлекет    басқару,  билік    жүргізу  барысында    құқықтық  
қатынастарға  түскен  субъектілер  құқық  нормалары  бекіткен  мінез  құлықтарды өз  еріктерімен  
орындамаған  жағдайда  күш  қолдану арқылы  іс  жүзінде  асырады.  
Ал құқықтық    мəдениет  жалпы  қоғамдағы  мəдениеттің  ажырамас  бөлігі  ретінде  бірге  
дамып  отырады. Кейбір  ғалымдардың  мəліметтерінше  мəдениеттану  ғылымында  мəдениеттің  
200-ден  астам    анықтамасы    бар.  Ал    құқықтық    мəдениеттің    анықтамасы    заң    əдебиеттерінде  
əртүрлі  мағынада  беріліп  жүр. Сонымен, құықтық  мəдениет  дегеніміз  қалыптасқан  қоғамдық  
қатынастарға    жеке    адамдардың,  əлеуметтік    топтардың,  халықтың    құқықты    тану,  меңгеру  
барысындағы    немесе    оны    жалпы    сыйлаушылықтан    туындайтын    құқықтық    сана    деңгейі  
өлшемінің  жиынтығы. Олар  мына  факторлардың  негізінде  қалыптасады:  
1.  Құқықты  білу, санаға  сіңіріп, құқыққа  сəйес  мінез – құлықты  қалыптастыру; 
2.  Құлықтылық (моральдық)  жəне  діни  тəрбиенің  жоғарғы  деңгей  нəтижесінде  болуы. 
Бұл  жерде  жалпы  адамзат  қабылдаған, тəрбиелік  мəні  зор  құндылықтарды  бұлжытпай  
орындау. (Мысалы, өлтірме, ұрлама, жаманшылық  жасама, үлкенді  сыйла, т.б.) 

 
179 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
3.  Дəстүрлі    ұлттық    этика    бойынша    тəрбиелену.  Қазақ    халқының    дəстүрлі    тəрбиесі  
ғасырлар  бойы  əдепсіз  қылықтарға  тыйым  салатын  ұғымдарды  қалыптастырған  жəне  оларды  
бұлжытпай   орындаған.  Сол  нормалар  мен  талаптарды   орындау   барлық   жағдайда   құқықтық  
мəдениетті    қалыптастырған.  Алайда,  отарлық    саясат    пен    коммунистік-тоталитарлық    жүйе  
ұлттық    тəрбиенің    құндылықтарын    жоққа    шығарып,  əдет – ғұрып,  салт – дəстүр    «ескінің  
қалдығы»  деген  айдармен  тыйым  салды.  
Құқықтық    мəдениет    индивидтің    құқықтық    белсенділігін    арттырады.  Ол    адамдарды  
азаматтардың    құқықтары    мен    бостандықтарын    қорғауға    жұмылдырады,  құқықтық  
жауапкершілікті  күшейтіп, заң  талаптарын  бұлжытпай  орындауды  талап  етеді.  
Құқықтық  мəдениет  құқықтық  тəрбие  арқылы  қалыптасады.  Құқықтық  тəрбие  дегеніміз  - 
мемлекетке  барлық  құқықтық, дəстүрлі  этикалық  тетіктерді  пайдалана  отырып, субъектілердің  
құқықты  құрметтеуге  деген  құқықтық  саналарын  қалыптастырады. Ол  мынандай  шараларды  
қамтиды: 
1.  Субъектілердің    құқықтары    мен    бостандықтарын    жетік    білу  арқылы    өз    құқықтарын  
қорғаулары; 
2.  Заңсыздық  пен  бассыздыққа, адам  құқықтарын  аяққа  таптатуға  жол  бермеу  жəне  күресу; 
3.  Құқық    бұзушылықтың    қандай    түрі    болмасын    бəрімен    белсенді    күресу,  алдын    алуға  
құқықтық  шеңбер  аясында  ат  салысу.   
Құқықтың  мəнін  саясат пен  экономиканың  арақатынасынан  білуге  болады. Мемлекеттің  
ең    басты  шаралары    құқықта    бейнеленіп    көрсетіледі.  Құқық    экономикалық  базистің  
қондырмасы  деп  саналады. Өмірдің  материалдық  жағдайы  өзгерген  сайын  құқық  та  өзгереді. 
Мысалы, қазір  шаруашылықта  əр түрлі  меншік  пайда  болды. Сондықтан да  заң  осы  тұрғыда  
өзгереді, жетіледі.  Ал  оны  жетілдіру   құқық  пəнін  оқыту  кезінде  жүйелі  түрде   жаңа бағытты  
қолдануға   келіп   тіреледі [6]. Құқық  экономика  ғылымының  барлық   салаларымен, тарихпен, 
қоғамтанумен, саясаттанумен, əлеуметтанумен   тығыз   байланысты.  
Құқық  пəнінің  қоғам  үшін, əрбір  азамат  үшін  осындай маңыздылығы  ескеріп, оны  тиімді  
оқытуды  жетілдірудің маңызы орасан зор екенін ескеру керек. Өркениеттіліктің  заңғар  биігінен  
орын    алуда    өскелең    ұрпақтың    тəртібі,  өзгелерге  деген  қатынасы,  құықтық    нормаларға  
бағынуы, сондай-ақ  мінез – құлқының алатын  орны  ерекше. Азаматтық, демократиялы  қоғамды  
қалыптастыратын  құралдар – құқық  пəнінің  ең негізгі  тетіктері  болып  табылады.  
Қазақстан  Республикасының   Президенті  Нұрсұлтан Əбішұлы  Назарбаевтың  2004  жылғы  
19-наурыздағы  «Бəсекеге    қабілетті    Қазақстан    үшін,  бəсекеге    қабілетті    экономика    үшін, 
бəсекеге  қабілетті  халық  үшін»  деген  Қазақстан  халқына   Жолдауында  «елімізде  болашаққа  
құлаш  сермейтін  білім  берудің  жаңа  мемлекеттік  бағдарламасы  керек»  делінген. Сондай – ақ   
жас  өскелен    ұрпақты  тəрбиелеу    мен    білім    беру    жүйесіне    де    заманның    талабына    сай  
өзгерістер  енгізіп, жалпы  əлемдік  жүйеде  өзіндік  орнын  алуына   алғышарттардың   жасалу  
керектігін    атап   көрсеткен. [2]. Бұл    мəселенің    оң  шешімі -  оқыту   жүйесінде   инновациялық  
тəсілдерді  қолдануда  жатыр. Тəжірибеде  көрсеткендей, инновациялық прогресс  процедуралар  
мен  құралдардың  жиынтығын  көрсетеді. Олардың  көмегі арқылы  ғылыми  жаңалық  пен  жаңа  
идея      білім    берудегі    жаңа  енгізілімге    айналады.  Сол  себептен  де  инновациялық  əдістерді 
пайдалана отырып, барлық ғылымның  өркендеуіне жағдай жасалынуы тиіс.  
Инновациялар    қолданылуына    байланысты    білім  беру    мазмұнындағы,  оқыту  
технологиясындағы,  білім беру  жүйесінің  тəрбиелеу  функциясы  саласындағы, педагогикалық  
құралдар  жүйесіндегі  инновациялар  болып  бөлінеді. Əр  бөлімнің  ортақ  мақсты – оқушыны  
бəсекеге    қабілетті    білім  жəне  тəрбиемен    қаруландырып,  білім  беру  жүйесін  жаңа    бағытта 
жетілдіру  болып  табылады.  Жаңашылдықдықтың    құралдары – жаңа    əдістеме,  технология, 
бағдарлама,  ал  инновация -  осы    құралдарды  меңгеру  үрдісі.  Инновациялық    үрдіс  дегеніміз  
жаңалықты    жасау,  меңгеру,  пайдалану,  тарату    бойынша    жүргізілетін    кешенді    іс - əрекет. 
Мұндай    оқыту  технологиясы  мұғалімдердің    эмпирикалық    инновацияларын    ескере    отырып, 
оқыту  үрдісін  дұрыс, ұтымды  басқаруды  қарастырады. Оған  бір – бірімен  тығыз  байланысты  
екі  үрдіс енеді: білім  алушының  іс - əрекетін  ұйымдастыру мен оқушы  тұлғасын  дамытудағы  
жоғары  нəтижелерге  қол  жеткізуге  бағытталған  іс - əрекетті  бақылау.[4] Инновациялық  білім –
құзіреттілік  білім  беру  жағдайында  қоғамның  мəдени, əлеуметтік, экономикалық  сұранысты  
қанағаттандыратын,  əлемдік    бəсекеге    төтеп    бере    алатын,  теориялық    білімін    кез    келген  
жағдайда    өз    іс-тəжірибесінде    пайдалана    алатын    жаңа    нəтижеге    бағытталған    білім. 
Инновациялық    педагогикалық    білім – бұл    инновациялық    педагогикалық    технологиялардың  
қыры    мен    сырын,  ерекшелігін    ашып    көрсететін    жəне    оны    тəжірибеде    жүзеге    асырудың  

 
180 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
жолдарны    айқындайтын    педагогикалық    білімдер    жүйесі.  Инновациялық    білім    беру – 
мұғалімдерге    инновациялық    білімдерді    жүйелі    түрде    меңгерту    арқылы    олардың  
инновациялық  іскерліктері  мен  дағдыларны  қалыптастыру  үрдісі.  
 Инновациялық  динамика  жаңа  білімдердің  техникалық  немесе  əлеуметтік  шыңдыққа  
айналуының      логикалық    реттелген    технологиясын    танытып,  жаңа    білімнің    тауар    немесе  
қызмет    көрсету    үлгісіне    айналу    сатыларын    білдіреді.  Педагогикалық    инновациялардың  
феноменологиясы    «инновациялық    ағын»  ұғымын    енгізеді.  Бұл    ұғымға    педагогикалық  
жаңалықтарға  деген  дұрыс  қатынасын  білдіретін  мұғалімдердің  түрлі  сипаттағы  қызметтері  
енеді.  Жаңашыл    педагог – жаңа    педагогикалық    жүйенің    авторы,  яғни    өзара    байланысты  
ижеялар  мен  тиісті  технологиялардың  жиынтығының  авторы. 
Білім    беру    саласында    инновацияның    əдістерін    қолдану -   құқық    пəнін    оқытуда  да  
көптеген      мəселелердің    шешімін    табуына    игі    əсерін    тигізіп    келеді.  Алайда    əлі  де    болса  
шешілмей  тыс қалып  қойған  мəселелер  де  жетерлік. Мəселен, мектепте  құқық  пəнін тек  9-
сыныпта  (Адам.Қоғам.Құқық)  жəне  10–сыныпта  (Құқық  негіздері)  ғана  оқытады.  Бұл  фактор, 
ауқымы кең  құқық  ғылымын  толық  меңгеруге  кедергі  келтіретіні  белгілі.   
Қазіргі  кезде  жасөспірімдердің  арасында    құқықбұзушылық  пен  тəртіпсіздіктің  орын  алуы  
жиілеп кетті. Мəдениет пен  этикадан  тыс жат  қылықтар танытатын, үлкенге деген  ілтипаты мен 
құрметі  төмен,  өзгенің    ар-намысын  аяққа    таптайтын,  айналасындағы    адамдарды,  тіпті  
табиғаттың  өзін  сыйламайтын, Конститутцияда бекітілген  ережелерге  бағынбайтын  жас  ұрпақ  
өкілдерінің  бар    екені    шыңдық.  Осы    мəселелерден  алдын  алмаса,  ертең  еліміздің        «Жаңа  
əлемдегі    жаңа    Қазақстан»  ретінде    танылуына    нұқсан    келуі      мүмкін.  Қоғамның    осындай  
мүшелері    ұлттық    болмыс    пен    менталитеттен    де    айырлу    қауіпін    тудыру    мүмкіндігін    де  
ұмытпаған  абзал.  
Мұндай    прблемалардың   оң  шешімі    мектепте  оқытылатын  пəндерге  де  байланысты. 
Соның    ішінде    құқықтың    алатын    орны    ерекше.  Алайда    тек    9,  10  -  сыныптарда    ғана  
оқытылатын    құқық    пəнін    оқушылар    толық    меңгере    алмайды.  Менің    ойымша,  мектепте  
құқыққа  бөлінетін  сағатты  көбейту керек.  Оқушыларды жоғары буынға  қосылысымен, яғни 5-
сыныптан  бастап  құқық  пəнінің қыр - сырымен сусындатқан дұрыс.  Құқықтың  маңыздылығын, 
ережелерін, қағидаларын  ерте  меңгерген  оқушы  болашақта  жат қылықтарға  бара  қоймайды. 
Керісінше, елінің  жарқын  болашағы  үшін  алаңдайтын, қоғамдағы  түрлі  теріс  құбылыстармен – 
қылмыс,  əділетсіздік,  сыбайлас  жемқорлық,  тəртіпсіздікпен  бел  шешіп    күресетін    жастар  
қалыптасады. 
Инновацияның   тетіктерін   құқық пəнін   оқытуда   қолдану – оқушылар  мен білімгерлерді, 
білім  қуған    жастарды,  тіпті  оқытушының  өзін    жаһандану    дəуіріне  сай    жеке    тұлға  ретінде 
қалыптасуына,  білімнің кез –келген  саласын талапқа  сай толық меңгеріп, мəдени-саяси тұрғыдан 
жетілуіне, білімге  деген қызығушылығы мен патриоттық сезімінің  артуының  бірден – бір  кепілі   
екені ақиқат.  
Республикамызда  нарықтық  қатынастардың  дамуы  білім  беру  жүйесінің  алдында  айқын  
талаптар  қойып  отыр. Білім  бағдарламасында  «Мемлекеттік  білім  беру  жүйесінде жүргізілетін 
реформалардың    мақсаты – нарықтық    экономика    жағдайларында    ғаламдық    ауқымға    болуын  
ескере   отырып   сапалы   өзгерістерін  қамтамасыз   ету   болып  табылады» делінген. Сондықтан 
өркениеттілікке, жарқын  қоғамға қол  жеткізу  үшін  жасөспірімдер мен жастар  саналы  тəрбие, 
сапалы  білім  алу керек.  
Жаңа    дамыған    қоғамға    инновациямен    қаруланған    жаңа    адам    керек.  Мұндай    адамды  
қалыптастыру – қазіргі  заманғы  білім  беру   жүйесінің  алдында  тұрған  басты  міндет. Мұғалім  
еңбегінің  бүгінгі  нəтижесі  қандай  болса, елдің, қоғамның  ертеңі, болашағы  сондай   болмақ. 
Демек, Елбасының  «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық»  
деген  қағидасына  сүйенсек, қазіргі  қоғамдағы  дамудың   басты  факторлары: білім, ғылым, саяси  
тұрақтылық  екенін, яғни  заман  өзгергенімен, мемлекеттің  өркендеуі, халықтың  əл-ауқатының  
көтерілуі  білім-ілімсіз  мүмкін  емес  екені  белгілі. 
Міржақып  Дулатовтың  «Жалғыз  сүйеніш, жалғыз  үміт – оқуда.... надан  жұрттың  күні - 
қараң, келешегі -тұман»  деген  ащы  да  болса, шыңдыққа  жанасатын  тамаша  нақыл сөзі  бар. 
Тəуелсіз  Қазақстанның   жарқын  болашағына  үлес  қосатын  саналы, білімді  ұрпағы  саналатын   
тұлғаны    қалыптастыру –  инновациялық    үрдістің    жетілуімен    тығыз    байланысты    екенін  
ешқашан  ұмытпау  керек.   
 

 
181 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Əдебиеттер 
1.  Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы:  [Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  
сипаты, халқы туралы (1-бап)] // Конститутция -2007. 21-мамыр. 
2.  ҚР Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан  халқына   Жолдауы: 2004ж 19-наурыз «Бəсекеге  
қабілетті   Қазақстан   үшін, бəсекеге  қабілетті   экономика  үшін,  бəсекеге    қабілетті  халық  
үшін».   
3.  Ешанкулова.Г.  Инновациялық  білім  беру  технологиясы  туралы [мəтін]: //  Білім-2007. №4, 
17-19 бет. 
4.  Жолдасова.Б.      Инновациялық технологияларды  білім  беруде  қолдану. [мəтін]:
 
//
   
Білім-
2007. №5, 43-45 бет. 
5.  Бөлеев.Қ.,  Бұзаубақова.К.  Мұғалімнің    инновациялық    даярлығын    қалыптастыру  
тұжырымдамасы  [мəтін]: // Қазақстан  мектебі-2008, маусым. №6, 15-21бет. 
6.  Өзбекұлы.С.,  Қопабаев.Ө.  Мемлекет    жəне    құқық    теориясы  [оқу    құралы]: –А.: «Жеті  
жарғы» 2006 ж. 
7.  Ашитов.З., Ашитов.Б.   Егемен  Қазақстанның  құқы [оқу  құралы]: –А.: «Жеті  жарғы» 1997. 
8.  Дулатбеков.Н., Амандықова.С., Турлаев.А.  Мемлекет  жəне  құқық  негіздері  [оқу құралы]. –
А.: Фолиант, 2001жыл. 
 
 
 
 
УДК: 343:177.04 
 
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРБИЕ-ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДАН АРАШАЛАЙДЫ 
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Г.О.Дайрабаева  
 
Бүгінгі  заман  ХХІ  ғасырдың  көш  басы,  бүкіл  дүниежүзілік  прогрестің  дамыған  шағы.  Біз 
қанша дамып, басқа өмір саласындағы жетістерге жетсек те, бала тəрбиесі бір сəт те назардан тыс 
қалмауы  тиіс.  Бала-Ұрпақ-Өркен  деген  ұғым  ерекше  ескеріліп,  бүгінгі  күннің  алға  қояр  ең 
маңызды мақсаты да, жан-жақты бала тəрбиесі болуы тиіс. Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы, екінші 
ұстаз  Əбу  Насыр  əл  Фараби: «Адамға  бірінші  білім  емес,  тəрбие  берілуі  керек.  Онсыз  берілген 
білім-адамзаттың  қас  жауы.  Ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  əкеледі»,-деп  оқытуда 
тəрбиесіз берілген білімнің нəтижесі ауыр зардаптарға əкелетініне айрықша маңыз берген. 
Демек,  жан-жақты  жетілген  білімді  азамат  дайындау  қоғам  алдындағы  міндет, 
болғандықтан,  мектептің  де  негізгі  мақсаты  баланың  жеке  басының  алғашқы  қалыптасуын 
қамтамасыз ету; адамгершілікке баулып, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру керек. 
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда. Қазақта «Ауырып 
ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп өте орынды айтқан.    
Соңғы  кезде  қоғамымызда  біздің  болашағымыз  балалар  мен  жасөспірімдер  арасында 
есірткіге, темекі шегушілікке жəне алкогольді ішімдікке қарсы шаралар жиі өте бастады. Осыған 
орай,  қазіргі  күндері  Оңтүстік  астанадағы  білім  ұяларында  адам  денсаулығына  орасан  зор  зиян 
əкелетін  жоғарыдағы  індеттерге  қарсы  шаралар,  акциялар  ұйымдастырыла  бастады.  Əрине,  əлі 
мына жарық  дүниенің қызығын сезіне қоймаған, жаңадан бүршік жарып келе жатқан уыздай жас 
балғын  жастарымыз  жаман  əдеттерге  еліктеп  жатса,  ұрпақ  тəрбиесімен  айналысатын  жандар, 
қалай бейқам отырады. Оның үстіне, бүгінгі таңда ең жас маскүнемді  11 жасар, ең жас нашақорды  
7 жасар ана сүті аузынан кетпеген балдырғандарымыз  құрайтынын анықтаған қоғамда тыныштық 
та болмасы  анық. Қаламызда  «Есіркіге  жол  жоқ», «Маскүнемдік  пен  темекі  шегушілікке қарсы» 
акциялардың,  салауатты  өмір  салтын  насихаттайтын  бұқаралық    спорт  шараларының  көптеп 
ұйымдастырылуы да сондықтан. 
Міне,  осы  орайда,  Тараз  қаласындағы      № 33  Мұхтар  Əуезов  атындағы  орта  мектепте 
оқушыларға  құқықтық  тəрбие  беру  жəне  зиянды    əдеттерге  қарсы  үгіт-насихаттық  жұмыстар 
жақсы  жолға  қойылғанын  атап  айтуымыз  керек.  Бала  көргені  мен  естігенін  санасына  жылдам 
сіңіріп,  зиянды  əдеттерге  еліктегіш  келеді.  Сондықтан  да  оларды  мұндай  індеттерден  қорғаудың 
бірден-бір  жолы-алдын  алу  жұмыстары,  яғни  тəрбие  сабақтары  болып  табылады.  Осыған 

 
182 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
байланысты  соңғы  жылдары  мектебімізге  зиянды  əдеттерден,  оның  ішінде,  əсіресе, 
нашақорлықтан, шылымқорлықтан, ішімдік ішуден, қылмыстық немесе заңсыз əрекеттерден аулақ 
болудан  арашалайтын  тəрбие  сабақтарын  мұғалімдер  жиі  өткізіп  тұрады.  Атап  айтқанда, 
үстіміздегі  жылдың 2-сəуірінен  бастап  Қазақстан Республикасының  «Темекі  шегушіліктің  алдын 
алу  жəне  оны  шектеу  туралы»  Заңының  кейбір  баптары  талаптарын,  оның  ішінде  «Темекі  жəне 
темекі бұйымдары туралы ақпарат алу құқығы», «Жекелеген қоғамдық орындарда жəне қоғамдық 
көліктерде  темекі  шегуге  тыйым  салу»  жөніндегі  баптары  күшіне  енді.  Осыған  орай  Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің   № 88 бұйрығына сəйкес, «Салауатты өмір-2003» 
бағдарламасына  сəйкес  осы  білім  ұясында  əр  түрлі  тақырыптарда  темекі  шегушілікке  қарсы 
сабақтар тұрақты ұйымдастырылды. Осының нəтижесінде  оқушылар арасында зиянды əдеттерге 
байланысты оң  көзқарастар  пайда  болып, олардың темекі жəне  оның  денсаулыққа зияны  туралы 
түсініктері терең қалыптаса бастады.  
Елімізде  осыған  дейін  балалар  мен  жасөспірімдердің  темекі  шегушілігіне  қарсы 
жұмыстардың  жүйелі  жүргізілмеуі  салдарынан  қазір  оған  үйірсектейтін  балалардың  қатары 
көбейіп  кеткенін  байқаймыз.  Мысалы,  кейбір  мəліметтер  бойынша  бүгінде  темекі  шегушілердің 
арасындағы  əрбір  бесінші  адамды  кəмілеттік  жасқа  толмаған  балалар  құрайды  екен.  Бұған  ең 
алдымен,  темекі  өнімдерін  жарнамалауға  жеткілікті  тоқтам  жасалмай  келе  жатқаны  себеп.  Тіпті 
«Балалардың  құқықтары  туралы»  Конвенцияның  «Есірткелер  мен  сананы  улайтын  заттар»  деген 
33-бабында «Баланы бұл заттарды заңсыз тұтынудан, балаларды оларды заңсыз өндіру мен сауда 
жасауға  пайдаланудан  қорғау»  туралы  талаптары  толыққанды  жүзеге  асырылмай  келе  жатқаны 
айқын.  Оқушыларды  зиянды  əдеттерге  бой  алдырмай  тəрбиелеу  мектеп  ұстаздарының  бүгінгі 
таңда алға қойған басты міндеттері саналады.  
Сонымен қатар, құқықтық статистика жəне ақпарат орталығының мəліметтеріне жүгінсек, 
кəмілетке толмағандармен осы жыл ішінде, яғни 2005 жылдың өзінде 23 қылмыс жасалған. 
Оны түріне  қарай жіктесек, денеге  ауыр  жарақат  салу 1, қарақшылық 1, ұрлық 21, соның 
ішінде  кəмілетке  толмағандармен  топ  болып  жасалған  қылмысқа  ой  жүгірте  отырып,  мəселенің 
тым күрделі сипат алып отырғанын байқаймыз.. 
 Əр  қоғамның  өзіне  тəн  идеологиясы  болатындығын  ескерсек,  біздің  əлі  күнге  дейін  қол 
жеткізе  алмай  келе  жатқан  кемшіл  тұсымыз-дүние  танымы  мен  көзқарасы  өзгерген  жастар 
қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тəлім-тəрбие бағытының осалдығы дер 
едік. Десек те мұндай идеологияның қиындықсыз жүзеге асуына кезінде өндіріс орындары тоқтап, 
жұмыссыздықтың  пайда  болуы,  тұрмыстың  төмендігі  тəрізді  түйіні  шешілмей  отырған 
проблемалар  мұрша  бере  қоя  ма?  Жастар  тəрбиесімен  түбегейлі  айналысып  жүрген  мамандар 
қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан-жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы 
тəлім-тəрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жүйеге  бейімдеу  мақсатында  өткізіліп  жүрген 
алқалы  жиындардың  да  оңды  нəтижеге  қол  жеткізбей,  жай  əңгіме  деңгейінен  аса  алмай 
қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай 
кезде  де  қылмыстың  кейде  азайып,  кейде  көбейіп  отыратындығы  қоғамдағы  əл-ауқат  деңгейінің 
ахуалына көп байланысты. Сондықтан да тарыдай шашырап жатқан тəлім-тəрбие жұмыстары мен 
патриоттық  рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты тəрбие қажет. 
Күні  кеше  ұлы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин  жастарға  үміт  артып, «Біз  болмасақ,  сіз 
барсыз,  үміт  еткен  достарым,  сіздерге  бердім  батамды»,-деген  болса,  Мағжан  Жұмабаев: 
«Арыстандай  қайратты,  жолбарыстай  айбатты  мен  жастарға  сенемін!»  деп  жас  өркенге  сенім 
артқаны белгілі. 
Міне  осы  сенім  білдіретін  əрбір  жас  өркен-жаңа  ғасырда  жаңа  саналы,  біркелкі  өсіп 
шығатын ұрпақтың жемісі болуға тиісті. 
Сонымен  қатар,  М.  Əуезов  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  деп  өте  орынды  айтқан. 
Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тəрбиелеуде отбасының, ата-ананың алатын орны ерекше. Алайда, 
бүгінде  ата-ана  балаларының  тəлім-тəрбиесінен  гөрі  отбасының  күнкөріс  қамына  көбірек 
алаңдаулы. Мысалы, көптеген  ата-аналар балаларының күнделікті өмірінен бейхабар. Олар үшін 
тек  балаларының  қарны  тоқ  болса  болды  деп  санайды,  бірақ  осындай  істер  балалардың  нашар 
əдеттерге бой алдыруына өз септігін тигізуде. 
Бернард Шоу «Жастық шақ-бұл тамаша нəрсе, оны рəсуа ету қылмыс...»,-деген екен, сол себепті 
де біздің жас өркендеріміздің өз болашақтарына балта шабуына жол бермеуіміз керек. 
 
 
 

 
183 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
 
РЕКОНСТРУКЦИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ В НАПРАВЛЕНИИ ИНТЕГРАЦИИ 
 
Таразский государственный педагогический институт 
 
Е.Н. Белоус 
 
В настоящее время акцент в государственной политике делается на кардинальном решении 
проблем модернизации содержания и структуры образования, его управления. 
На  первый  план  выдвигаются  профессиональное  мастерство  учителя,  его  методики 
обучения  и  используемые  педагогические  технологии.  Нетрадиционные  подходы  к  обучению 
повышают  мотивацию  учащихся,  формируют  обстановку  творческого  сотрудничества  и 
конкуренции,  актуализируют  личность  ученика,  воспитывают  в  детях  чувство  собственного 
достоинства.  
«Методика  преподавания  литературы» - одна  из  вузовских  дисциплин,  которая  в  своем 
инновационном  развитии  быстро  набирает  обороты.  Цель  дисциплины – формирование  
профессиональных  качеств  будущего  учителя,  овладение  системой  знаний,  профессиональных 
умений и навыков, необходимых для практической деятельности в условиях работы современной 
школы.  
Одной  из  задач,  стоящих  перед  студентом,  является  умение  разрабатывать  и  проводить 
уроки с применением различных современных педагогических технологий. Так, на лабораторных 
занятиях по методике преподавания литературы проводятся экспериментальные уроки. Цель этих 
уроков – испытать  себя  как  учителя,  апробировать  различные  методы,  приемы    и  технологии 
обучения.  Одной из востребованных в современной школе является предметно-ориентированная 
технология,  которая  определяют  реконструкцию  содержания  образования  в  направлении 
интеграции. 
Приведем  пример  экспериментального  урока  литературы  в 11 классе  по  теме  «Структура 
диалога в рассказах Н.А. Тэффи».  
Интегрированный урок решает следующие задачи: 
1)  изучение особенностей диалоговой структуры рассказов Н. Тэффи;  
 
2)  повторение и расширение представлений о такой форме организации речи как диалог
3)  анализ особенностей диалога как формы общения в различных видах искусства; 
4)  изучение  психологических  особенностей  людей  через  наблюдение  за  их  речевым 
поведением.  
Данное  занятие  направлено  на  развитие  личности  в  учебном  процессе  и  осуществление 
разноуровненного обучения. 
В  начале  урока  выясняются  остаточные  знания  по  проблеме  диалога  из  курса  русского 
языка. В беседе участвует весь класс. 
Примерный  ответ:  Диалог – это  разговор  двух  или  нескольких  лиц,  посвященный  одной 
теме,  представляющий  собой  семантико-стилистическое  единство.  В  большинстве  случаев 
реплики  передаются  в  форме  прямой  речи,  иногда  в  авторы  прибегают  к  сочетанию  прямой    и 
косвенной  речи.  Выделяют 1) диалог-спор, 2) диалог-конфиденциальное  объяснение, 3) диалог-
конфликт, 4)  диалог-унисон. 
Далее  определение  диалогу  дают  учащиеся,  индивидуально  подготовившиеся  по 
монографиям  и  статьям  лингвистов  и  литературоведов.  В  результате  анализа  научных  работ, 
ученики  приходят  к  выводу,  что  вопрос  о  диалоге  достаточно  сложен,  включает  множество 
разнообразных  аспектов,  исследователи  (М.  Бахтин,  А.  Белецкий,  М.  Борисова,  Л.  Боровой,  Р. 
Будагов,  В.  Виноградов,  Г.  Винокур,  В.  Одинцов)  рассматривают  какую-то  одну  особенность 
диалога.  Все  виды  соотношений  (части  и  целого,  бытового  разговора  и  диалога,  разных  типов  и 
т.п.)  пока  недостаточно  изучены.  Затруднения  вызваны  отсутствием  строгих  границ  и  четких 
категорий.  Даже  основная  единица  диалога – реплика – может  быть  любой  по  величине,  и  по 
составу, и по функции.  
Данное  заключение  дает  возможность  учащимся  продолжить  изучение  диалога 
самостоятельно.  
Рабочим  определением  занятия  выбирается  следующее:  диалог - связанный  текст  особого 
рода,  создающийся  в  результате  речевой  деятельности  разных  лиц,  который  содержит 
высказывания  активного  характера,  отражающие  инициативу  одного  из  собеседников,  и 

 
184 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
высказывания,  в  которых  заключается  реакция  другого  участника  речи.  Свойственные  диалогу 
вводные элементы наблюдаются как в стимулирующих репликах, так и в репликах-реакциях. 
Далее мы обращаемся к структуре диалога в рассказах Н. Тэффи. 
Рассказ «Светлый праздник».  
Произведение  строится  на  повторе  ситуации,  в  центре  которой  диалог  двух  действующих 
лиц. Причем, один из субъектов каждого диалога занимает более высокое служебное или семейное 
положение, другой - низкое, подчиненное. 
Действие развивается по спирали: круг действующих лиц представлен по нисходящей – от 
сильных  мира  сего  до  самых  слабых,  незащищенных.  Финалом  каждого  эпизода  является  обида 
слабого. 
Выявляем принцип организации диалога в рассказе. 
Первый диалог – разговор Самсонова и его начальника в церкви после службы. 
Завязка рассказа: «Самсонов  с почтительным достоинством приблизился к начальнику. 
- Воистину, хе-хе! 
 Облобызались. Ручку у начальницы. Ручку у тещи» . 
Развитие диалога: 
« - Хе…хе! Так отрадно видеть у этой толпы простолюдинов веру в неугасаемость заветов… 
которые… жена? Нет, она, знаете, осталась домохозяйничать. Библейская Марфа» . 
Диалог  Самсонова  и  начальника  представлен  репликами  Самсонова.  Реплики-реакции 
начальника  лишь  предполагаются.  Фактическое  отсутствие  слова  начальника  в  диалоге 
подчеркивает  дистанцию  между  героями.  Речь  Самсонова  подобострастно  взволнована,  о  чем 
свидетельствуют  многочисленные  многоточия,  делающие  слово  героя  прерывистым.  Ситуация 
диалога  указывает  на  то,  что  Самсонов  неожиданно  для  себя  оказывается  выключенным  из 
разговора, не достигнув основной цели - приглашения на обед, что воспринимает как обиду: 
« -А ведь разговляться не позвал! Обрадовались. 
Тычут руки – целуй! Небось охотников-то немного найдут на свои дырявые лапы»
Следующий эпизод рассказа – разговор за обеденным столом. 
Участники  диалога:  Самсонов,  пришедший  домой  в  раздражении;  жена,  у  которой  «лицо 
такое,  как  будто  ее  все  время  ругают:  сконфуженное  и  обиженное»;  дочь,  чей  «нос  заломился 
немножко  на  правый  бок  и  оттянул  за  собой  левый  глаз,  который  скосился  и  смотрит 
подозрительно».  
Начало эпизода – немая сцена: «Самсонов минутку подумал. 
- Воображают, что я им подарков принес!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет