Соңғы ми,аралық ми,ортаңғы ми,сопақша ми топографиясы Сопақша ми



бет3/5
Дата11.12.2023
өлшемі28,67 Kb.
#137672
1   2   3   4   5
Көз алмасының қабықтары :сыртқы фиброзды,ортаңғы тамырлары және ішкі торлы қабықтары .
1)Фиброзды қабық (tunica fibrosa bulbi)қорғаныс қызметін атқарады,екі бөліктен :алдыңғы нұрлы және артқы ақ қабықтардан тұрады .
Нұрлы қабық, cornea, фиброзды қабықтың алдыңғы 1/6-ін алатын мөлдір,тамырсыз бөлігі. Оның пішіні алды дөңес, артқы жағы ойыс сағат шынысы сияқты болыпкеледі. Нұрлы қабықтың негізі дәнекер тін, оның алдыңғы және артқы беттері эпителиймен жабылған. Нұрлы қабықтың ақ қабыққа өтетін жерінің ені 1 мм.-дей болып,
жартылай мөлдір сақина түрінде - жиек, limbus, деп аталады.
Ақ қабық, sclera, фиброзды қабықтың артқы 5/6 бөлігін алып жататын, тамырлары мен нервтері жоқ дерлік, тығыз дәнекер тіннен түзілген. Нұрлы қабықпен жанасатын шекарасында, ақ қабықтың ішінде, оның веналық қойнауы, sinus venosus sclera, (Шлемм
өзегі) өтеді. Оған көздің алдыңғы камерасынан сулы ылғал келіп құйылады.
Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa bulbi, тамырлыр және пигменттермен бай жабтықталған қабық. Бұл қабық: нұрлы қабық, кірпікті дене және меншіктк тамырлы қабықтан тұрады
Нурлы кабык( iris)тамырлы қабықтың фронтальды жазықтықта ооналасқан алдыңғы бөлігі .Ол мөлдір қабық арқылы көрініп тұрады,және ортасында қарашық(pulpilla)орналасады .Нұрлы қабықтың артқы және алдыңғы бетін ажыратамыз.Артқы беті пигменттерге толы бай эпителийлермен жабылған .Көздің түсі осы пигменттердің мөлшеріне байланысты қоңыр,көк,қара болып келеді.
Кірпікті дене(corpus ciliare)тамырлы қабықтың ортаңғы қалыңдаған бөлігі ,ол нұрлы қабықтың артнда ,ақ қабық пен мөлдір қабықтың шекарасы аймағында орналасқан.Кірпікті дененің:алдыңғы кірпікті тәж және артқы кірпікті шеңбер деп аталатын екі бөлігі бар.
Көз алмасының ішкі қабығы (tunica interna bulbi) немесе торлы қабық retina ,тамырлы қабықтың ішкі бетіне тығыз жанасып жатады .Оның көру және соқыр бөліктері болады.
ҚҰЛАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет