СөЖ №1 Тақырыбы: Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесі құрылымы


Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі



бет4/5
Дата14.03.2023
өлшемі34,62 Kb.
#74212
1   2   3   4   5
3.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі.Қандай да бір мемлекет өз өндірушілерінің қорғалуына көңіл бөледі. Бәсекелестікке қабілетті экспорттауға бағытталған өндірісті құруға бағытталған мемлекеттік саясат сәттілік әкеледі. Отандық өнімнің сыртқы және ішкі нарықта сәтті бәсекелес болуы үшін біз халықаралық ережелер мен нормалар бойынша жұмыс істеуіміз керек. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына болашақта кіруімізбен де байланысты. Саудалық әріптестіктің бір шарты мен БСҰ (бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы) негізгі талаптарының бірі – техникалық реттеудің түрлі жүйелерімен негізделген саудадағы түрлі бөгеттердің жойылуы болып табылады. Бұл техникалық реттеудің жалпыәлемдің моделіне ауысумен мүмкін болады.
Қазақстанда техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне ауысудың алғашқы қадамдары 1999ж. СТБ (саудадағы техникалық бөгеттер) негізгі талаптары мен «техникалық регламент» түсінігі енгізілген ҚР «Стандарттау туралы» заңының қабылдануымен байланысты. Қазақстанның техникалық нормалаудың халықаралық жүйесіне техникалық регламенттер арқылы өту жағдайларын қарастыратын мемлекеттік стандарттаудың 2005 жылға дейінгі даму Концепциясы құрастырылды. Техникалық нормалау бойынша жұмыс «Техникалық заңнама» ТК үйлестіріледі. 2003ж. ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерінің әрекеттегі халықаралық ұқсас жүйелермен ары қарай жақындасуына бағытталған.Қолданыстағы нормативті базада халық өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері ғана емес, сапа бойынша міндетті талаптар бар, бұл халықаралық саясатқа қайшы келеді (өндіруші сапамен қамтамасыз етеді, ал тұтынушы тек оны бағалайды). Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы:

  1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

  2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

  3. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлеріне қатысты техникалық реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Техникалық байқауды мемлекеттік инспектор мекеме мамандарын қатыстыра отырып жүргізеді. Техникалық байқаудың және экспертизаның нәтижелері бойынша өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігі бағаланады. Мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай жағдайларда нұсқама шығарады:

  • Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген; сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларадияларының көшірмелері) болмаған;

  • Өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет