СөЖ №3 Тақырыбы: Топографиялық карта мен пландарды оқу үшін


Пландар мен карталардың шартты белгілері



бет4/4
Дата30.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#29223
1   2   3   4
Пландар мен карталардың шартты белгілері
Шартты белгілер және олардын түр - түстерi жердің әртүрлі объектiлерiн және тектiк түрлерiн көрнекі көрсетеді . Түсіндірме жазбалар және цифрлык белгiлеулер шартты белгілердi кескінде летiн нысандардын жеке ерекшелiктерi туралы мәліметтермен толыктырады . Бiркелкi нысандардын әртүрлi масштабты топографиялык кар талардағы кескiнi және бояуы негiзiнен алғанда бiрдей , тек көлем дерi жағынан гана өзгеше болады . Белгiлi бiр топка енетiн нысан дардын сапалык және сандык сипаттамалары олардын өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толыктырумен еске алатын бастапкы графикалык белгiлермен берiледi . Шартты белгілер өзiнiн аткаратын мiндетi және касиеттерi жа гынан масштабтык , масштабтан тыс және түсiндiрме шартты белгілер болып бөлінеді.

Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден тұрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді .

Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б. заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындыгы мен көтерімділігі, геодезиялык пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылган сандар, т.б. түсіндіргіш белгілеріне жатады. Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т.б. аттары толық жазылады. Қысқартьшған жазулар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардагы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; мәселен: ормандар-жасыл; су-көк, жер бедері-қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады

Қорытынды

Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілерін Геодезия және картография басқармасы белгілейді және оларды түсіру жұмыстарын жүргізетін барлық мекемелер мен ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс.



Қысқартылған жазулар нысандардың шартты белгілердің жанында орналасады , олар нысандардың маңызын немесе қасиетін түсіндіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Нұрпейісова, М.Б. Геодезия.- Астана, 2010

  2. Қалыбеков, Т.. Геодезия мен топография негіздері. А., 1993

  3. Карпик А.П., Лисицкий Д.В. Электронное геопространство – сущность и концептуальные основы // Геодезия и картография. – № 5. – 2009. – С. 41–44.

  4. Сәрсембекова З.Қ. Геодезия негіздері. Оқу құралы. А., Қазақ университеті, 2013.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет