20-ГТК-1 тобының студенті
Тексерген: Апшикур Байтак
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
ЖОСПАР:
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТОРЛАР
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТОРЛАРДЫ ТЕҢЕСТІРУ ТҮРЛЕРІ
ТЕҢЕСТІРУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ
ТЕҢЕСТІРУДІҢ ПАРАМЕТРЛІК ТӘСІЛІ
Геодезиялық тор — Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.
Геодезиялық тор — Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.
Геодезиялық тор пункттерінің координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған пункттердің жиынтығын геодезиялық тіректік тор деп атайды. Олар жиілету немесе толықтыру торларының негізі болып табылады. Пункттердің абсолюттік биіктіктерін геодезиялық биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық тор пункттерінің пландық координаттары триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен анықталса, биіктіктік жағдайы — геометриялық, тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен анықталады. Геодезиялық тор топографиялық түсірімдер, карталар жасау, сондай-ақ барлау, құрылыс салу жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік есептеулеріне байланысты пландық және биіктік негіз ретінде қолданылады.
Мемлекеттік геодезиялық тораптар келесі ғылыми және инженерлік техникалық есептерді шешуге арналған:
Мемлекеттік геодезиялық тораптар келесі ғылыми және инженерлік техникалық есептерді шешуге арналған:
1. Бірыңғай геоцентрлік координаттар жүйесін бекіту, ол инерциалды астрономиялық координаттар жүйесімен, Жердің пішінін және сыртқы гравитациялық алқабын зерттеумен, полюстер қозғалысын анықтаумен және Жердің әр дәуірде біркелкі айналмауымен байланысты
2. Құрлықты, континентальды шельфті, теңіз акваториясын және әлемдік мұхитты картографиялауды, ғарыштық кеңістікті зерттеуді, координаттарды анықтаудың және табиғатты зерттеудің ғарыштық тәсілдерін игеруді, үлкен масштабты түсірістерді және инженерліктехникалық жұмыстар мен зерттеулерді меңгеруді геодезиялық қамту.
3. Литосфераның және Жердің су қабатының динамикасын, глобалдық және аумақтық сипаттағы геотектоникалық процестерді болжауды, литосфералық плиталар мен жеке аумақтар шегінде жер қозғалысын зерттеуді геодезиялық негіздеу. 4. Координаттар мен уақыт тасымалдаушы жер серіктерін, ғарыштық объектілерді, оның ішінде Ай және алыс радионегіздерді бақылаудың аса дәл жүйесін эталондау.
Алдын ала есептеуден кейін, теңестіру есептеріне кіріседі. Теңестірудің мақсаты болып анықталатын өлшемдердің жоғарғы сапасын алу, олардың дәлдігін арттыру және де өлшенген шамалар мен функцияларының дәлдіктерін бағалау табылады. Теңестіру есептері тек ӛлшеулер қажетті ӛлшеулерден кӛп есе артық болса ғана жүргізіледі.
Теңестіру тәсілдері
коррелаттық
параметрлік
Геодезиялық тораптарды теңестірудің параметрлік әдісі
Геодезиялық торларды теңестірудің барлық әдістерінен ең ыңғайлысы – параметрлерік, ол компьютер арқылы оңай орындалады. Параметрлік әдісте абсолюттік экстремумге есеп шығарылады, яғни min2 pv функцияның минимумын табу керек. Белгісіздер болып функцияларында барлық ӛлшенген ӛлшемдері бар белгісіздер параметрлері алынады. Бұл жағдайда түзетпе теңдеулерін құрастырады, теңдеуден ең бірінші бұл параметрлерге түзетпе табады, содан кейін ӛлшенген ӛлшемдердің түзетпелерін табады. Түзетпелердің теңестірілуі ӛлшенген ӛлшемдер түзетулер мен параметрлердің жақындатылған мӛлшерлеріндегітүзетулер арасындағы байланысын анықтайды.
Триангуляция тораптарын теңестіру параметрлік әдісіне келесідей теңестіру есептерінің тізбегі беріледі: - анықталатын пунктердің жақындатылған координаттарын жоғары дәлдікпен есептеу; - барлық қабырғаларының жақыдатылған дирекциондық бұрыштарын кері геодезиялық есеп арқылы шығару; - координат түзетулерінің нормаль теңдеулерін құрастыру және есептеу; - пункт координаттарының соңғы мәндерін есептеу, олардың жақындатылған мәндерінің түзетулері енгізіледі; - станциядағы ориентир түзетулерін есептеу және ӛлшенген бағыттардың түзетулерін есептеу, үшбұрыштардың соңғы есебі; - дирекциондық бұрыштарды есептеу, координаттарды есептеу және анықталатын пункттердің координаттарын екінші рет анықтау; - тордың теңестірілген элементтерінің параметрлік бағалауы.
Бағыттарға арналған түзетулердің параметрлік теңдеулерін құру. Өлшенген бағыттардың түзету теңдеулері
Өлшенген қабырғалардың түзетпе теңдеулері. Трилатерация және полигонометрия геодезиялық торда қабырғалар, триангуляция торында базистік қабырғалары ӛлшенеді. Жазықтыққа шоғарланған барлық қабырғалар үшін теңдеулер арқылы түзетулерін анықтайды.
Түзетулер теңдеуінің коэффициентін есептегеннен кейін, осы теңдеулердің жүйесін құрастырады. Олардан нормаль теңдеулерге ауысады, оларды есептеп, ζ және η белгісіздерді табады, олар тордағы өлшенген өлшемдердің түзетулерін есептеуге мүмкіндігін береді.