Сөж тақырыбы: «Библиографияның құрастырылу ережесі мен рәсімделуі» Топ



бет3/5
Дата17.02.2022
өлшемі43,98 Kb.
#25715
1   2   3   4   5
Жинақтау кезеңі. Бұл кезеңде сіз жасаған жұмысыңызды тиянақтайсыз. Библиографиялық құралдың құрылымын, материалдардың топтастырылуын қарайсыз, кей бөлімдердің әдебиеті аз болса, оны толықтырасыз, олардың орналасу тәртібін тексересіз.

Номер бересіз, номерлеу қажет.

Әрбір құжаттың бөлімдерде, тақырыптарда өз орнында болуын тексересіз, яғни библиографиялық топтама жүргізесіз.

Бұл оқырманның құралды пайдалану кезінде қажетті материалды тез табуына көмектеседі.



Қорытынды кезең. Библиографиялық құралды дайындаудың қорытынды кезеңіне анықтамалық -әдістемелік аппарат дайындау, түзету, библиографиялық құралды безендіру жұмыстары енеді.

Анықтамалық-әдістемелік аппарат құрамында алғысөз (немесе оқырманға) болады. Шағын құралдың өзін де алғысөзбен ашу керек.

Бұл жерде құралдың кімге арналғаны, қандай құжаттар енгені, материалдардың орналасу тәртібі, тараулар мен бөлімдер атаулары, тақырып атаулары, аннотация түрлері, көмекші құралдар (оқырман назарын құралдың құрылымына аудару қажет), әдебиеттерді таңдаудағы хронологиялық аумақ (жылы,айы, күні) туралы міндетті түрде мәліметтер беріледі.

Кіріспе мақала барлық құралдарға қажет емес. Негізінде ірі арнайы ретроспективті ғылыми –көмекші құралдар немесе жеке тұлғаға арналған көрсеткіштер кіріспе жазылады. Ол көрсеткіштің тақырыбы және негізгі әдебиеттерді сипаттайды және библиографияланып отырған әдебиетті терең білуді талап етеді.Сондықтан кіріспе мақаланы жазуға ғылым салалары бойынша мамандар, ғылыми редакторлар,кеңес берушілер тартылады.

Көмекші көрсеткіштер. Библиографиялық құралдың өзге мазмұндағы қырларын ашады. Танымал көмекші көрсеткіштерге мыналар жатады:

- авторлық мен тақырыптық көрсеткіш (бұл ең қарапайым түрде авторлар және тақырыптық әліпбиімен);

- атау көрсеткіші. Оған барлық қатысушы тұлғалар: авторлар, аудармашылар, көркемдеушілер, суретшілер және осы кітапта мәлімет берілген тұлғалар, (бұл жағдайда олар туралы құжаттар жақша ішінде) беріледі. Дербес тұлғалық көмекші көрсеткіш құрастырылуы да мүмкін;

- географиялық көрсеткіш – мұнда құжат мәтінінде кездесетін географиялық атаулар көрсетіледі;

- пәндік көрсеткіш – құжатта кездесетін заттар атауына аннотация болмаса да,оларға пәндік тізім беріледі, бірақ бұл өте еңбекқорлықты қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге тақырыптық, жүйелік, хронологиялық көмекші көрсеткіштер де құрастырылады.

Қосымша. Библиографиялық құралдар қосымшасы құрамына каталогтар, картотекалар, кітаптағы және мақалада берілетін әдебиеттер тізімі, библиографиялық құралды құрастырушы жұмыс кезінде қарастырған библиографиялық құралдар, шартты қысқартулар тізімдері,құралды құрастыру жұмыстары аяқталғанннан соң шыққан құжаттар тізімдері және т.б. енеді

Библиографиялық құралға түзетулер енгізу және оны рәсімдеу жұмыстарымен негізгі жұмыс аяқталады.

Түзетулер енгізу кезеңінде библиографиялық сипаттама тексеріледі, стилистикалық қателер, нақты емес мәліметтер, қайталама құжаттар және сөйлем мазмұндары тексеріліп, түзетулер енгізіледі.

Кез - келген басылым секілді, библиографиялық құрал да мұқаба парағымен ашылады.Онда көрсеткіш шығарған мекеменің атауы, бөлім, көрсеткіш аталымы, шығарылу түрі, шығарылу орны және жылы көрсетіледі.

Мұқабаның ішкі бетінде құрастырушылар мен безендірушілерді көрсету қажет. Құралдың құрылымдық бөлімдерін (кіріспе сөз, негізгі мәтін, көмекші көрсеткіштер және т.б.) әр түрлі шрифтер қолданылады.

Мысалы, библиографиялық сипаттамаға қарағанда аннотациялар майда әріптермен беріліп, библиографиялық жазбамен арасында жол жіберіліп, жаңа жолдан басталып жазылады. Жазбалардың реттік номері де ерекшеленіп көрсетілуі тиіс.

Сонымен бірге тараулар, бөлімдер, айдарлар атауларына да әр алуан шрифтер қолданылады. Библиографиялық құралдарды безендіруге түрлі –түсті фотосуреттер, қызықты бейнелер,алуан түсті карталар және т.б. қолданылады.

Библиографиялық құралдың сыртқы бейнесі оның негізгі мазмұнын ашып тұруы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет