Сөж тақырыбы: «Библиографияның құрастырылу ережесі мен рәсімделуі» Топ



бет2/5
Дата17.02.2022
өлшемі43,98 Kb.
#25715
1   2   3   4   5
Библиографиялық құралдар құрастыру
Библиографиялық құрал - библиографиялық қызмет көрсету және библиографиялық ақпаратты пайдалануға арналған библиографиялық өнімнің негізгі түрі.Онда библиографиялық өнімнің атқаратын негізгі қызметтері толық жүзеге асырылады.

Библиографиялық құрал - бір ғана библиографиялық сипаттамадан (бір библиографиялық плакат) бірнеше миллион библиографиялық сипаттамадан тұратын ірі кітапханаларға арналған каталогтар түрінде шығарылуы да мүмкін.

Библиографиялық құрал ( 7.0-99 МСТ-қа сәйкес ) – белгілі тәртіппен реттелген библиографиялық жазбалар жиынтығы.

Мысалы, Қазақстан Республикасында ұлттық кітапханасының ұлттық библиография бөлімі құрастырған, 1991 жылы жарық көрген “Қазақ ССР-нің құрылғанына 70 жыл” деген көрсеткішті айтуға болады. Бұл библиографиялық құрал-кһөлемі жағынан да,құрастырылған салалыр жағынан да мейлінше ауқымды еңбек.


Құралдарды түрлері бойынша жіктеу:

- мазмұнына қарай – әмбебап,салалық,тақырыптық,өлкелік, аумақтық,тұлғалық;

- шығарылу мерзіміне қарай- ағымдағы, ретроспективтік, перспективалық, кумулятивті (бұрын шығарылған басылымдар материалдарын біріктіру);

- таңдау тәсіліне қарай –тіркемелік, таңдамалы, белгілік, аннотациялық ( қысқаша сипаттама беру);

- материалдарды топтау тәсіліне қарай - әліпбилік, пәндік, сөздік, жүйелі, хронологиялық болып жіктеледі.
Құралдардың нысандары бойынша жіктелуі:

- қолжазба (машинамен жазылған);

- карточка (каталогтар және картотекалар)

- дербес емес баспалық (кітап ішіндегі, журнал ішіндегі, газеттегі, кітапқа қосымша,мақалаға қосымша құралдар);

- машинамен оқылатын (электрондық деректер және деректер қоры);

- библиографиялық басылымдар (типографиялық тәсілмен шығарылған құралдар).


Құралдар типтері:

-библиографиялық көрсеткіш;

-библиографиялық тізім;

-библиографиялық шолу;

- библиографиялық каталог;

- библиографиялық картотека;

- библиографиялық деректер көзі;

- библиографиялық құралдардың негізгі түрлері.


Библиографиялық құралдар дайындаудың жалпы әдістемесі.

Алдыменен құралдың түрі мен типін анықтау қажет.



Библиографиялық құралды құрастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

-дайындық кезеңі;

-негізгі кезең;

-қорытынды кезең.



Дайындық кезеңіне тақырыпты таңдау және зерттеу енеді:

- таңдау және зерттеу. Тақырып әр алуан тұрғыда жаңашылдығы, өзектілігі, оқырман қызығушылығын туғызуы, салаға сәйкес әдебиеттің жеткілікті болуы және кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты.

- жоспар – проспект жасау. Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт –бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық,тәжірибелік және т.б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай –ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық «оқырмандар тобы» және т.т. ) айқын анықтап алу қажет.

- құралдың тақырыбы бойынша әдебиеттерді анықтау.

анықтау – библиографиялық өңдеу мақсатында құжаттарды іздеу. Бұл жерде таңдалған тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді қандай картотекада, каталогтан, кітап қорынан іздеу қажеттігін анықтайсыз.

Негізгі кезеңде жазбаларды библиографиялық таңдау және библиографиялық топтау жүзеге асырылады. Ол талдау және жинақтау кезеңдеріне бөлінеді.



Талдау кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты: жоспарда көзделген құрылымы және библиографиялық құралдар құрастырудың әдістемелік талаптарына сәйкес,таңдалып алынған құжаттардың библиографиялық жазбаларын дайындау. Талдау кезеңінде әрбір құжатпен жұмыс жасау қажет.

Бұл кезеңде библиографиялық таңдау жүзеге асырылады, яғни сіз таңдаған тақырып бойынша ең құнды әдебиеттер мақсаты мен оқырманына қарай сұрыпталады:

- әрбір басылым туралы мәлімет карточкаларға жазылады;

- әдебиеттер тақырыпшалар бойынша бөлінеді;

- мүмкіндігінше барлық құжаттарды қарап шығу керек, кейде кітаптың мазмұны мен тақырыбы арасында алшақтық болуы мүмкін, құжаттардың библиографиялық сипаттамасын тексеру керек. Егер кітап көп тақырыпты қамтитын болса, оны жалпы бөлімге орналастырып, өзге бөлімдерде сілтеме жасау керек;

- құжаттарға аннотация жасау (мәніне қарай анықтамалық және ұсыныстық аннотациялар жасалады) қажет.

Анықтамалық аннотация басылымның атауы және авторы, жанры, түрі және кімге арналғаны туралы мәлімет береді және библиографиялық сипаттамада көрсетілмеген өзге де мәліметтерді береді.

Бұл көбіне ғылыми, оқу және анықтамалық басылымдарда кездеседі. Аннотация қысқа және нұсқа болуы тиіс.

Ұсыныстық аннотацияда кітапқа, мақалаға берілген сіздің бағалауыңыз беріледі.Оның басты мақсаты – оқырманды қызықтыру.Ұсыныстық аннотацияның көлемі әдетте анықтамалық аннотация көлемінен үлкен болғанымен, бұл жерде де нақтылық пен қысқа да нұсқа қағидасын ұстанған дұрыс.

Екінші белгі –құжаттарды сипаттау тәсілі бойынша – аннотация жалпы (шығармаға жалпы сипаттама),талдау (егер шығарманың бір тарауы немесе бөліміне зейін аудару қажет болса),топтық(мазмұны жағынан жақын құжаттарды біріктіру) болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет