Сөж тақырыбы: Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Топ


Сонымен, кəсіп — көп мағыналы ұғым. Ол қазіргі педагогикалық ғылымда былай сипатталады



бет2/6
Дата31.12.2021
өлшемі46,43 Kb.
#21999
1   2   3   4   5   6
Сонымен, кəсіп — көп мағыналы ұғым. Ол қазіргі педагогикалық ғылымда былай сипатталады:

  • қызмет түрі, адамның орындайтын еңбек функцияларының жүйесі;

  • əлеуметтік тұрғыдан мойындалатын, заңды түрде бекітілген еңбек орны;

  • жақын кəсіптердің тобы (мысалы, кəсібі — мұғалім, мамандығы — қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі);

  • кəсіби дайындықтың айрықша жүйесін алған маманның белгілі бір тəжірибесінің болуы;

  • белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатын адамдардың жиыны.

Мұғалім мамандығын мəңгілік мамандық деп те атайды. Адам пайда болған кездерден бастап-ақ жинақтаған тəжірибесін жас ұрпаққа беру мен өмірде тəжірибені саналы түрде жинақтау қажеттігін сезінген.
Педагог мамандығы адамнан жан-жақты білімді, шексіз жан жомарттығын, балаларды асқан бір даналықпен сүйе білуді талап ететіні бұрыннан дəлелденген. Мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып, Ян Амос Коменский оны «күннің астында одан биік ешнəрсе жоқ», ең құрметті, ең артық мамандық деп санаған. Ол мұғалімді бақшадағы өсімдіктерді асқан бір сүйіспеншілікпен баптайтын бағбан, адам жанының түкпір-түкпірінде білім ғимараттарын тұрғызатын сəулетші, адам жаны мен ақылын қашап, егеп, əсемдейтін мүсіншімен, жабайылық пен тұрпайылыққа қарсы шабуылды бастайтын қолбасшымен салыстырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет