Сөж тақырыбы: Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Топ


Ұлы педагогтың артына қалдырған мұрасында мұғалімге қойылатын басты талаптар қалыптастырылған. Бұл талаптардың мəні келесідей



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі46,43 Kb.
#21999
1   2   3   4   5   6
Ұлы педагогтың артына қалдырған мұрасында мұғалімге қойылатын басты талаптар қалыптастырылған. Бұл талаптардың мəні келесідей:

  • мұғалім өзінің мамандығын жақсы көруі жəне оған мемлекеттік маңызы бар іс ретінде жауаптылықпен қарауы тиіс;

  • білімді жəне өзінің педагогикалық шеберлігін арттыруға мүдделі болу;

  • өзінің оқушыларының психологиясын терең білу;

  • мұғалім өзінің міндеттерін адал жəне шын көңілмен атқаруы тиіс;

  • оқушыларының талаптары мен қызығушылықтарын білу;

  • мұғалім өзінің тəжірибесін өзгелердің игілігі етуге ұмтылуы тиіс;

  • мұғалім тек мектепте ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де балалар мен олардың ата- аналары үшін үлгі болуы тиіс.

Педагогикалық мамандық адамнан еңбекқорлықты талап етеді. Бұл тұжырымның ақиқат екендігіне Ы.Алтынсарин, Т.Тəжібаев, М.Əуезов, М.Жұмабаев, Ш.Əлжанов, Ғ.Мүсірепов, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.С.Макаренко, Я.Корчак, В.А Сухомлинский жəне басқа да отандық жəне шетелдік аса көрнекті педагогтардың өмірінен мысалдар келтіруге болады.

Мұғалім еңбегінің гуманистік бастауының саналы түрде алдыңғы қатарға шығарылуы барлық замандардағы педагогтарды сипаттайды. Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег XIX ғасырдың орта кезінде былай деп жазады: «Əрбір жеке тұлғаның бойында əрбір ұлтта гумандылық, ойшылдық деп аталатын ойлардың образы тəрбиеленуі керек, ол жалпы адами игі мақсаттарға ұмтылушылық».

Л.Н.Толстой педагогикалық мамандықтың гуманистік бастауын балаларға деген сүйіспеншілік деп қараған. «Егер мұғалім тек ісін ғана сүйетін болса, ол жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім əке- шеше сияқты тек баланы ғана сүйетін болса, ол кітап атаулының барлығын оқыса да, не ісін, не баланы сүймеген мұғалімнен артық мұғалім болады. Егер мұғалімде өз ісіне де балаға да сүйіспеншілік сезімі болатын болса, ол — нағыз мұғалім».

В.А.Сухомлинский мектептің ең бірінші міндеті — «əр оқушының бойындағы қайталанбас бірегей дарынды тану, анықтау, ашу, əлдилеп, жетілдіріп, өсіру» деп санаған.


Сондай-ақ педагогикалық мамандық өзінің мəні жағынан — шығармашылық мамандық. Ол педагогикалық құбылыстағы жаңалықтарды таба білуді, көзге көрінбейтін заңдылықтарды анықтауды, қадағалай білуді жəне, қадағалай отырып, маңыздысын аша білуді, педагогикалық фактілерді талдауды ұдайы талап етеді. «Мұғалімдік дегеніміз — өнер, ол, жазушының немесе композитордың жұмысына қарағанда, шығармашылық тұрғысынан еш кем емес, бірақ анағұрлым ауыр жəне жауапты іс. Мұғалім адам жанынан композитор сияқты музыка арқылы емес немесе суретші сияқты адамға бояулар мен түстер арқылы əсер етпейді, ол адам жанынан тікелей ықпал етеді. Өзінің тұлғасымен, өзінің білімімен, махаббатымен, өзінің өмірге деген көзқарасымен тəрбиелейді»

Педагогикалық шығармашылықтың көрініс беретін саласы педагогикалық қызметтің негізгі қоспаларының құрылымымен анықталады жəне оның барлық жақтарын қамтиды: жоспарлау, нəтижелерді ұйымдастыру жəне талдау. Қазіргі ғылыми əдебиеттерде педагогикалық шығармашылық өзгеріп отыратын жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі деп қабылданады.

Осылайша, мұғалім мамандығы — ол биік те жауапты мұрат, оның мақсаты — тұлғаны қалыптастыру жəне оның өздігінен анықталуына, адамның бойында адамның бекуіне дем беру. Білім жүйесіндегі барлық реформалар мен жаңғыртулардың басты тұлғасы мұғалім болып табылады, өйткені үнемі өзгеріп отыратын əлеуметтік-мəдени жағдайларда жолды еркін таба білетін шығармашыл, əлеуметтік тұрғыдан белсенді, білім беру процесінде жауапкершілікпен жəне кəсіпқой əрекет ететін тұлғасыз пəрменді педагогикалық жүйелер құру мүмкін емес.

Педагогикалық мамандықтың басқалардың қатарынан ерекшеленіп тұруы, ең алдымен, осы мамандық өкілдерінің ойлау образы, олардың өз міндеттері мен жауапкершілігін өте жоғары сезінуі. Оның ең басты айырмашылығы, ол өзгертуші де, басқарушы мамандықтардың қатарына бірдей жатады. Өз қызметінде тұлғаны қалыптастыру мен өзгерту мақсатын қоя отырып, педагог сол тұлғаның интеллектуалдық, эмоционалдық жəне физикалық даму процесін, оның рухани əлемінің қалыптасуын басқаруды мұрат етеді. Педагогикалық мамандықтың негізгі мағынасы — адамдармен қарым-қатынас. Педагогтың басты міндеті — қоғамдық мақсаттарды түсіну жəне өз оқушыларын соларға қол жеткізуге бағыттау.

Мұғалім мамандығын басқалармен салыстырғандағы ерекшелігі оның қызметінің нысаны ерекше серпінділігімен, күрделілігімен жəне көпқырлылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл мамандық мұғалімнен арнайы білімді де, қандай да бір салалардағы білімдерді де талап етеді. Ал басшы ретінде ол оқушылардың қызметін жақсы түсінетін жəне білетін болуы керек, өйткені ол сол оқушыларды дамыту процесін басқарып отыр.

Осылайша, педагогикалық мамандық қос бірдей дайындықты талап етеді: адамтанушылық жəне арнайы.

Педагогтың функциялары (міндеттері, мақсат-мұраты) алуан қырлы, алайда солардың ішінен ең негізгі үшеуін атауға болады: оқытушылық, тəрбиелеушілік жəне қоғамдық-педагогикалық. Мұғалім ең алдымен оқытады, яғни, балалардың жалпы адами тəжірибесін, білімін жəне оларды алу жолдарын, оқу жұмысының əдіс-тəсілдерін меңгеруіне көмектеседі. Балалардың тұлғасын қалыптастыру оқыту барысында да, оқытудан тыс қызметте де жүріп жатады. Оқу процесінің ұйымдастырылуы, баланың мұғаліммен тіл табысуы, баланың тұлғасы, тəрбие жұмысы — осының барлығы да мектеп оқушысының белгілі бір қасиеттерінің қалыптасуына, оның дербестігінің дамуына септігін тигізеді, яғни тəрбиелік функция іске асады

Мұғалімдер ешқашан өз қызметін жұмыстағы əрекеттерінің аясымен шектемейтінін ерекше атап айту керек. Мұғалім — ағартушы, қоғамгер. Көптеген мектептік, қоғамдық іс-шараларға қатысу, өзінің оқушыларымен бейресми түрде араласу, үйірмелер мен секцияларды басқару — бұның бəрі, негізінен өз еркімен атқарылатын қоғамдық қызмет, яғни қоғамдық-педагогикалық функцияларды атқару болып табылады.
Педагогикалық мамандықтың көптеген ерекшеліктерінің бірі — оның еңбектегі нəтижелерінің педагог тұлғасының қандай екендігіне тəуелділігі. Бұл ретте К.Д.Ушинский тұлғаны тұлға қалыптастырады, мінезді мінез қалыптастырады деп жазған еді. Ұстаз тұлғасы, оның кейбір жеке қасиеттері оның ондаған оқушыларына дариды. Алайда бұл оның жақсы қасиеттерімен қатар оның кемшіліктеріне де қатысты екенін ұмытпаған жөн .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет