Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет29/29
Дата07.01.2022
өлшемі4,86 Mb.
#18572
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Көмей папилломасы – түсті орамжапыраққа немесе әтеш айдарына ұқсас ісік. Кейде папиллома тек дауыс қатпарында болуы мүмкін, бірақ жиі түрде ол көмейдің кілегейлі қабатының бүкіл беттігін алады, кейбір жағдайда жұтқыншақ пен трахеяны да. Мұндай жағдайда жоғарғы тыныс алу жолдарының папилломатозы жөнінде айтады. Папиллома қандай болсын жаста дамуы мүмкін, көбнесе 2 жастан 8 жасқа дейінгі аралықтағы балаларда кездеседі, кейде алғашқы айларда дамуы ықтимал. Папиллома өте баяу өседі. Оның ең негізгі белгілерінің бірі - дауыстың қырылдауы; кейде дауыс мүлдем жоғалып (афония), тыныс алу қиынға соғуы мүмкін. Операция жасау арқылы емдейді, кейде рентгенотерапия қолданылады. Рентгенотерапия оң нәтиже берсе, онда операция жасаудың қажеттілігі болмайды.

Көмейдің қауіпті ісігі

Көмей ісігі көбнесе қарт адамдарда кездеседі, бірақ жастар арасында да байқалады; саркома балалық жақта жиі дамиды. Бұрынғы кезде ісіктің өсуінен және метастаздан пайда болған қанның кетуі мен тұншығу салдарынан адамдар өз өмірлерімен қоштасатын. Ерте диагностикалаудың және емдеу әдістерінің тиімділігіне байланысты қазіргі кезде бұл ауруды емдеу мүмкін болып отыр. Қазіргі кезде көмей ісігін емдеу оны толық немесе жартылай алып тастауға және рентгендік сәулемен немесе радиймен сәулелендіруге негізделген. Көмейін алып тастаған адамдардың сөйлеу қызметін қалпына келтіру өте маңызды болып табылады. Ондай адамдарда дауыстың пайда болуы үшін өңеш пен қарынға жұту немесе сору арқылы жиналатын ауа қолданылады, қарын мұнда өкпені алмастырып тұр, ал көмейдегі кілегей қабаттың қандай болмасын тарылуы мен қатпарлары немесе өңештің бастапқы бөлімі дыбыс қатпарының қызметін атқарып тұр. Қарын мен өңештен шығаттан ауа дыбыс береді, оны псевдодауыс немесе жалған дауыс деп атайды. Осы жалған дауыс артикуляциялық аппараттың көмегімен сөйлеу дауысына өзгереді. Операциядан кейін дауыстың дұрыс шығуы үшін және сөйлеу қызметін қалпына келтіру үшін логопедиялық жаттығуларды жасау қажет.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ<3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет