Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет1/29
Дата07.01.2022
өлшемі4,86 Mb.
#18572
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
сөйлеу мүшелерінің патологиясы

СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ

Тұрарғазинова Жұлдыз (дефектология)

ЖОСПАР


Көмей аурулары

4

Жұтқыншақ аурулары



3

Мұрын мен мұрын қуысының аурулары



1

Ауыз қуысының аурулары



2

Мұрын мен мұрын қуысының аурулары

Мұрынның мүлде жоқ болуымен, мұрын ұшының қысылып келуімен, екі мұрынның болуымен туа пайда болған ауытқулар сирек кездеседі және мұрын қуысының туа, жүре пайда болған өзерістері сияқты сондай практикалық маңызы зор емес.

Түрлері:

Мұрын қуысының тарылуы мен өсіп кетуі

Кейде бір немесе екі жақ мұрын қуыс жолдарының тарылуы туа пайда болуы мүмкін. Басқа жағдайларда туа пайда болған тарылу тек мұрын кіре берісінде болып, таңаудың толық өсіп кетуімен (атрезия) аяқталуы байқалады. Салыстырымды түрде сирек кездесетін аномалия – таңауды кеңейтетін бұлшық еттердің әлсіздігінен туындайтын мұрын қанаттарының инспираторлық (дем алу) сорылуы. Ондай жағдайларда таңау дем алу кезінде кеңеймейді, керісінше, мұрын қанаттары мұрынның ішіне қарай сорылады, ал бұл мұрын қуысына ауаның кіруіне кедергі келтіреді. Атрезия кейде хоана, яғни мұрын қуысы мен жұтқыншақ қуысын байланстыратын тесіктің маңында байқалады. Атрезия толық және толық емес, бір жақты және екі жақты болуы мүмкін. Көп жағдайларда мұрындағы өскіндер көптеген өткір және созылмалы жұқпалы аурулардың (дифтерия, мерез және т.б.) негізінде мұрында дамитын жаралы процестердің нәтижесінде пайда болады. Осындай өскіндерді тек операциялық жол арқылы жоюға болады, хоана тесігінің атрезиясына жасалатын операция өте күрделі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет