10 Есеп. Қалалық саябақта төбелес кезінде, кәмелетке толмаған С.Подрезовтың ішіне және қолына зақым келген. Оқиға болған жерде оқ, және кіші калибрлі пистолеттің патронының 2 гильзасы табылды. Екінші оқ ауыруханада Подрезовке операция жасаған кезде алынды. Сезікті С.Петелинге тінту жүргізгенде, кіші калибрлі Марголин жүйелі пистолеті табылды.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?
11 Есеп. 20 ақпанда 20.. 23 сағ. «Карэ», 23 ақпанда 21 сағ. «Лика», 24 ақпанда «Рио» атты ойын автоматтар залына қарақшылық жасалды. Қылмыскерлер ұсталынды, олардың біреулерінде ИЖ-78-7,6; екіншісінде-пистолет DRO 1627 табылынды.
Ату қаруларын қарау кезінде, ИЖ-78-7-7,6 оқпаны ауыстырылған, калибрі аздау, басқа да детальдары ауыстырылған, пистолет DRO 1627 екпіні болған жоқ және кейбір детальдары ауыстырылған. Тергеуші сараптамаға жіберді.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?
12 Есеп. 16 маусымда 1998 жылы 22 сағ. Ескараев К. УАЗ 31514 мемлекеттік нөмері А200ЕРМ көлігіне отырып, белгісіз бағытпен кетіп, үйіне қайтып келген жоқ. Г.Бзежинский Ескараевтың хабар-ошарсыз кетуіне қатысты арызбен полицияға жолданды. Оның арызына сәйкес, К.Ескараевты ол өзінің бастығы М.Косухинмен таныстырып, ол Ескараевты оны Комерторган поселкісіне 16 маусым кешкісін апарып тастауды сұраған. Поселкіге жақындай бергенде, М.Косухин К. Ескараевты пистолетпен басына атқан. Бзежинскиге оның мәйітін көмуді тапсырды.
Бзежинскидің жауабын тексеру мен нақтылауға қатысты, оқиға болған жерде адамның скелеті табылды. Сот-медициналық сараптамаға қатысты табылған скелет Ескараевтікі екендігі және өлудің себебі анықталды. Оқиға болған жерде зақымдалған оқ табылды. Косухин ұсталынып, қамауға алынды. Жедел-іздестіру әрекеттері арқылы, пистолет Косухиннің танысының үйінде екендігі анықталды. Тінту кезінде, Бородин Г. өз еркімен Косухиннің пистолетін берді. Пистолет ПМ 9мм. ХУ1213 маркілі болып табылды.
Қандай мән-жайларды анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалуы қажет ?
Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?
Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?
13 Есеп. Жүргізуші Шатилов П. такси салонында өлтіріп кеткен. Екі сезікті адамды ұстау кезінде (Сужиков М. мен Айдаров Г. ) Айдаровтан ИЖ-78-7,62 КИМ 2595 пистолеті алынды. Олардың айтуынша, Шатиловтің өзі оларға пистолетті сатпақшы болды, Айдаров пистолетті қарау кезінде, Шатилов оның қолын қатты тартудың нәтижесінен атыс болды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ату бастың оң жақ самайына қарай бағыттылған және омыртқаның мойын жағын және сүйек миына зақым келтірген.
Пистолетті қарау кезінде, оның оқпаны ауыстырылған және калибрі кішірейтілген 6 мм.