Қайнар университеті 3 курс құқықтану «Сот және сот төрелігі» пәні бойынша Презентация Тақырыбы :Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет Орындаған :Камал. Н. Б Тексерген:Оқытушы профессор Шалабаева Ж. С Жоспары - Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті
- Комитеттің өкілеттіктері
- Комитеттің құрылымы
- Қортынды
- Пайданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты – төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалауын жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті - ҚР Президентінің 2000 ж. 1 қыркүйектегі Жарлығымен құрылды. ҚР Президентінің 2000 ж. 12 қазандағы Жарлығымен комитеттуралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет облыстық, аудандық және оған теңестірілгенсоттардың қызметін материалдық-техникадық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өкілетті орган болып табылды. Комитет және оның облыстардағы, Алматы және Астана қалаларындағы Админдері жергілікті соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі органдардың біртұтас жүйесін құрайды .
Комитеттің өкілеттіктері - Комитеттің өкілеттіктері: ҚР Жоғарғы Соты Төрағасымен келісе отырып: жергілікті соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату,судьялардың жалпы штат саны бойынша ұсыныстарды тұжырымдап, оларды ҚР Президентінің қарауына енгізу, жергілікті соттарды, комитетті және Админдерді қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеп, Үкіметке табыс ету; сот төрағаларының ұсынуы бойынша жергілікті соттар судьяларының штат санын белгілеу; жергілікті соттар мен Админдердің бюджет қаражаттарын жұмсауын бақылау, олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу болып табылады
Комитеттің құрылымы - Комитеттің құрылымы мынадай болды: басшылық; қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті; облыстардағы соттар мен Админдердің қызметін ұйымдастыру департаменті;облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Админдер. ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен комитеттің құқықтық мәртебесі, өкілеттігі мен құрылымына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді- Құқықтық мәртебесі "сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін" деген жолдармен толықтырылды.
Қорытынды - Қорытындылай келе еліміз егемендік алған кезден бастап жүзеге асырыла бастаған саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер ұлттық құқықтық жүйенің, соның ішінде сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің жаңадан қалыптасуына жол ашты. Сол жылдардан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы – сот билігінің қалыптасуына бағытталған түбірлі өзгерістер жүзеге асты.
Пайданылған әдебиеттер тізімі
1 "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің төуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы (Ағымдагы мұрағат).
↑ 2 "Қазақстан Республикасының сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 12 қазандағы № 471 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат).
↑ 3 "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жеіілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |